Температураны / көмірқышқыл газын / глюкозаны бақылау мысалындағы кері байланыс принципі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2A Координация және реттелу

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Сабаққа қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Температураны / көмірқышқыл газын / глюкозаны бақылау мысалындағы кері байланыс принципі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

биологиядағы басқару жүйесін сипаттай алады

 Бағалау критерийлері

1. Оқушылар келесідей басқару жүйелерін түсіндіре алады: теріс және оң кері байланыс.

2. Оң және теріс кері байланысқа мысал келтіре алады.

3. Адам ағзасы үшін басқару жүйесінің маңыздылығын анықтай алады (тері бөліну, көмірқышқыл газының және глюкозаның деңгейлері).

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

терминологияның көмегімен ауызша және жазбаша түрде температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принциптерін сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гомеостаз, оң және теріс кері байланыс, реттеуші механизмдер, белгіленген жүру жолы, қайтару, өзгеру, ауытқу.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қалыпты деңгейден кез-келген ауытқу мынадай жолмен анықталады ...

Өзгерістер анықталған сәтте, реттеуші механизмдер мынадай деңгейге қайтіп қайтарады ...

Теріс кері байланыс шамамен бірқалып деңгейді ұстап тұрады, алайда бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін ...

 Құндылықтарды

 дарыту

Аталған сабақ оқушыларды академиялық шындықты ұстануға, ауыз біршілікке және топта жұмыс жасауға, жауапты және лидер болуға бағытталған.

 Пәнаралық

 байланыстар

Химия: гормондардың, метаболиттердің түзілуінің химиялық үдерістері

Физика: реттеуші жүйелер

Бастапқы білім

Эндокриндік бездер (8 класс). Гомеостаз тұжырымдамасы (8 класс). Гомеостазға байланысы бар гормондардың мысалдары (8 класс)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-9

9-11

11-12

1. Бастапқы білімдерін белсендіру

2. Ой шақырту. Сурет /

Оқушының ЖАДА білім деңгейін анықтайтын сұрақтар

2. Активити

«Дұрыс / Қате»

Оқушылар берілген тұжырымдамаларды оқып, қандай тұжырымдама дұрыс немесе қате екенін өздері шешеді.

3. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін белгілейді.

Қосымша 1

Презентация

Сабақтың ортасы

12- 14

14-28

28-30

32-37

4. Мұғалімнің қысқаша түсіндіруі.

5. Видеоға шолу жасау

5.1 Термо реттелу туралы ағылшын тіліндегі анимациялық №1 видео

5.2 Глюкоза туралы ағылшын тіліндегі анимациялық №2 видео

Газ алмасу туралы ағылшын тіліндегі анимациялық №3 видео

Оқушыларға 3 видеоны көріп жатқанда сұрақтар қойылады

1. Адам ағзасы дене температурасы қалай бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады?

2. Қанның құрамындағы глюкозаның деңгейі қалай қалпына келеді?

3. Көмірқышқыл газының деңгейі қалай реттеледі?

6. Топтық жұмыс. «Айналмалы станция» әдісі

Сынып 3 «станцияға» бөлінеді. Сыныптағы оқушылар кіші топтарға бөлінеді.

Әдісті жүзеге асырудың алгоритмі:

Әрбір топ өздерінің «станцияларының» жанында болады. Оқушыларға өз ойларын қағазға/ тақтаға білдіру үшін белгіленген бір уақыт беріледі. Уақыт өткеннен соң топтағы оқушылар келесі станцияға ауысады, және сол жерде бастапқы топтардың идеяларына негізделе отырып, өздерінің ойларын білдіреді.

Топтардың әрбір ауысуы 3 минутқа созылады және бұл әрекет, аталған топтың барлық станцияларды аралап бітпегенше тоқтамайды.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма. Келесідей мысалдың негізінде кері байланысты сипаттаңыз:

1 топ температураның реттелуі;

2 топ көмірқышқыл газының деңгейі;

3 топ глюкоза деңгейі.

Дифференцияциялық тәсілді қолдануға болады:

А деңгейіндегі оқушыларға теріс кері байланысты түсіндіру үшін сызба түріндегі дайын ақпарат ұсынуға болады;

В деңгейіндегі оқушыларға теріс кері байланыстың механизмін түсіндіретін сызба құрастыруға арналған мәтін ұсынуға болады;

Дискрипторлар:

1. Сызбаларды пайдалана отырып, температураның реттелуі мысалындағы кері байланыс мехнизмін сипаттау;

2. Сызбаларды және мәтінді пайдалана отырып, көмірқышқыл газы деңгейінің реттелуі мысалындағы кері байланыс мехнизмін сипаттау;

3. Сызбаларды және мәтінді пайдалана отырып, көмірқышқыл газы деңгейінің реттелуі мысалындағы кері байланыс мехнизмін сипаттау.

Талқылау. Қорытынды жасау.

Қажет болған жағдайда, мұғалім тақырыпты дұрыс түсінбеген оқушыға көмеке көрсете алады.

7. Жеке жұмыс.

Оқушыларға №1-2 тапсырмаларды орындау ұсынылады (таңдау бойынша).

Презентация Видео анимация №1

https://www.youtube.com/watch?v=fctH_1NuqCQ

Видео анимация №2https://www.youtube.com/watch?v=z1MLN5tAlNY

Видео анимация №3 https://www.youtube.com/watch?v=KuIvhFHDEAA

Түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қаламдар.

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40

8.Рефлексия.

Мұғалім, мақсатқа жету деңгейін анықтау үшін, сабақтың мақсатына кері оралады. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін мынадай сұрақтар қойылады:

- не білдім, нені үйрендім;

- не түсініксіз болды;

- қандай нәрсемен жұмыс жасау қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүкін.

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалды қайталау кезеңінде білім алушылар өз қалауы бойынша білім беру ақпаратын көшірудің тиісті деңгейін таңдайды: білім, түсіну және қолдану, талдау. Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім беру ақпараты қолданылады. Шоғырландыру кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі кезеңдер ұсынылады.

Жақын арадағы даму аймағын және зерттеу нәтижелерін талдау деңгейін анықтай отырып, шақыру сатысында диагностикалық бағалау. Бағалау критерийлері негізінде тексеру жұмыстары.

Тақтада топтық жұмыс кезінде оқушыларды сыныпта жылжытқанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу