Орталық жүйке жүйесі. Биология,10 сынып, дидактикалық материал.


Орталық жүйке жүйесі – ми және жұлын

Мидың құрылысы мен бөлімдері

Құрылысы

Қызметі

Салмағы – 1300-1400 грамм, ішінде ми сұйықтығы толтырылған 4 қуысы бар

Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы, ақ заты сыртында, сұр заты ішінде, ұзындығы – 2,5-3 см.. Ми бағанын сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми түзеді. Олардан 12 жұп жүйке түйіндері тарайды. 1 ми қарыншасы орналасады.

1. Тыныс алу, қан тамырларын, ас қорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.

2. Ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталықтары болады.

3. Автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу орталығы бар.

4. Есту ақпараттарын басқарады

Артқы ми: мишық пен ми көпірі жатады.

Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша ми арасында орналасқан.

  • Мидың жоғарғы бөлімдері мен төменгі бөлімдеріне қозуды өткізеді
  • Сілекей, жас бездері мен ымдау, шайнау бұлшықеттерінің орталықтары орналасқан. Ұйқы мен сергектікті реттейтін орталықтар бар.

Мишық сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады

Мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын дененің тепе-теңдігін сақтайды. Қимыл-қозғалысты реттейді.

Ортаңғы ми артқы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан.

  • Жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді.
  • Теріде пигменттің түзілуін реттейді.
  • Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гиппоталамус) тұрады. Бір ми қарыншасы бар.

  • Зат алмасу, жүрек, қан тамырлар жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару жұмыстарын реттейді.
  • Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының тұрақты болуын реттейді.

Үлкен ми сыңарлары – адамда өте жақсы дамыған, басқа ми бөлімдерінің үстінен жауып тұрады. Оң жақ және сол жақ сыңарларға бөлінеді. Ми қыртысында 14-18 млрд. нейрондар болады. Қыртыс қалыңдығы – 2-3 мм. 4 аймақтан тұрады: маңдай, төбе, самай, шүйде.

Адамдағы шартты рефлекстер және сөйлеу, ойлау, есте сақтау қызметтерін жүзеге асырады.

Маңдай аймағы

Дәм сезу, иіс сезу аймағы маңдай бөлігінің ішкі жағында.

Самай

Есту аймағы орналасқан.

Шүйде бөлігінде

Көру орталықтары орналасқан.

Төбе бөліктерінде

Аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады

Артқы орталық иірімде

Тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар.

Жұлынның құрылысы мен қызметі

Құрылысы

Қызметі

Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Циллиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы – 34-38 гр, алдыңғы және артқы жағынан өтетін сайшалар оң және сол жақ жартыға бөледі. Жұлынның дәл ортасында өзегі бар, сұр заты ішінде, ақ зат сыртында. Жұлынның сұр затының алдыңғы және артқы бүйірінде екіден түбірлері болады. Алдыңғы түбір – қозғалтқыш, артқы түбір – сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Жұлыннан 31 жұп жүйке түйіндері тарайды.

  • рефлекстік: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар, олар мүшелер жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығынан құралынады. Мысалы: тізе рефлексі орталығы - жұлынның бел бөлігінде, зәр шығару орталығы – сегізкөз бөлімінде, көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде орналасқан.
  • өткізгіштік – орталыққа тебетін (қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдарынан тұрады.

Ми мен жұлынның сыртын үш түрлі қабықша қаптайды: 1. қатты 2. торлы 3. ішкі – жұмсақ қабықша.

Ми мен жұлынның қабықтарының қабынуынан менингит жұқпалы ауруы пайда болады.

Торлы қабықша қабынуынан арахноидит ауруы пайда болады. Мидың қабынуы энцефалит тайга кенесі арқылы жұғады.

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Ол ұлпалардың негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары – нейронның денесінен, ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Ұзын өсіндісі – аксон ми мен жұлынның дененің кез-келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен (миолин) қапталған. Бұлар шоғырланып, ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Дендриттер мен нейронның денесі сұр затты түзеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 1) сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 2) байланыстырғыш – қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді; 3) қозғалтқыш – орталық жүйке жүйесінен қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді.

Жүйке жүйесінің маңызы:

1) Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді

2) Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады.

3) Ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.

Рефлексті реттелу – ағзалардың тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесінің басқаруы.

Рефлекс (латынша «reflexus» - жауап қайтару) – сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы.

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

    • Жүйке ұштары – рецепторлар
    • Сезгіш нейрондар қозуды орталық жүйке жүйесіне апарады.
    • Жүйке орталығы – орталық жүйке жүйесі
    • Қозғалтқыш нейрондар
    • Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер: бұлшықеттер және т.б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу