Көп аллельділік. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көп аллельділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.4.2 Есеп шығару кезінде дигибридті будандастырудың, белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауының және көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Көп аллельділік ұғымының мағынасын ұғыну;
  • Көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін сипаттау;
  • Есеп шығаруда көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін қолдану.

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Көп аллельділік ұғымының мағынасын түсіндіре алады;
  • Көп аллельділік есептерін шығару кезінде есептің берілгенін, шығару жолын, жауабын дұрыс жазады;
  • Генетикалық сызба жасау кезінде генетикалық символдарды дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерінің анықтамаларын, бір өз сөздерімен еркін жеткізе алады (айтылым дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

аллель

аллель

allele

аллельді гендер

аллельные гены

allelic genes

аллельді емес гендер

неаллельные гены

non-allelic genes

толық доминанттылық

полное доминирование

complete dominance

толымсыз доминанттылық

неполное доминирование

incomplete dominance

кодоминанттылық

кодоминирование

codomination

көпаллельділік

множественный аллелизм

multiple allelicism

эпистаз

эпистаз

epistasis

комплементарлық

комплементарность

complementarity

полимерия

полимерия

polymerism

плейотропия

плейотропия

pleiotropy

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

  • Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

  • Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенін түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

  • Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

Пәнаралық байланыстар

Генетикалық есептің қатынасын анықтау кезінде математикамен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Көбею 6, 7, 8 сыныптар;

Генетика негіздері 9 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды орта қалыптастыру

Оқушылар шеңбер жасап тұрады да бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

2-8 мин

Ой қозғау:

1-слайдта көрсетілген сурет бойынша жаңа сабақтың тақырыбы анықталады

Жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылар сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.

Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсынады

ИТ, презентация, 1-4 слайдтар

9-11 мин

Ұғыну

Миға шабуыл

Мұғалім оқушылардан ген, аллель деген не екенін сұрап, алдыңғы білімді еске түсіріп өтеді де аллельді және аллельді емес гендердің анықтамасын беріп, гендердің өзара әрекеттесу түрлерінің жіктелуін түсіндіреді (слайд бойынша)

Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алып отырады.

ИТ, презентация

5-9 слайдтар

12-22 мин

Жұппен жұмыс

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс

Дескриптор:

  • Көп аллельділіктің анықтамасын береді
  • Агглютиноген, агглютининді ажыратады
  • Қан топтарының белгіленуін жазады
  • Берілген уақытты (7 мин) тиімді пайдаланады

Жұппен оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қою арқылы өзара бағалайды.

Кері байланыс. Мұғалім оқушыларға қиындық тудырған сұрақтарды талқылайды

ИТ, презентация

10-13 слайдтар

1-қосымша

23-30 мин

Көп аллельділікке есептер шығару

Дескриптор:

  • Есептің сызбасын дұрыс жазады;
  • Генетикалық таңбаларды дұрыс қолданады;
  • Есепті дұрыс шығарады.

Өзара бағалау. Кері байланыс

ИТ, презентация

14-15 слайдтар

31-38 мин

Алған білімдерін тексеру мақсатында жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысы алынады.

ҚБ парақшалары

39-40 мин

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?

Рефлексия «Құтқару белдемшесі»

Қиындық тудырған, тағы да қарастыруды қажет ететін сұрақтарын жазады.

Үйге тапсырма: Есептер шығару. Терминдерді үш тілде жаттау

ИТ, 16-19 слайдтар, рефлексия парақшалары, терминдер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма беріледі.

Қабілеті төмендеу оқушыларға жауап беруде ақпаратты қолдану рұқсат етіледі

Өздік жұмыстар

Жұппен өзара бағалау

Интербелсенді тақтаны 10 минуттан артық қолданбау ескеріледі.

Биология кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін естен шығармау керектігі ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу