Жасушалық цикл. Митоз. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Фаза

Жасушада болатын үдерістер

G1

Пресинтетикалық  G1 саты кезінде жасушада биосинтетикалық үрдістердің барлығы жылдамдап, ДНҚ-ның екі еселенуіне дайындық жүреді.

Осы кезде ДНҚ-ның екі еселенуін қамтамасыз ететін ферменттерді синтездейтін жасуша органеллалары (әсіресе, рибосомалар) жетіледі.

G1 сатысы бірнеше сағаттан тәулікке дейін, кейде одан да көбірек уақытқа созылады.

S

S фазасы кезінде хромосомалардың екі еселенуі (репликациясы) күрделі және баяу жүреді.

Екі еселенудің мәні: ДНҚ тізбегінде тура сондай паралель тізбек синтезделеді.

G2

Бөліну үрдісін қамтамасыз ететін синтездер жүреді.

ДНҚ және центриольдер саны жасушада екі еселенген.

Осы кезеңде лизосомалардың түзілуі жылдамдайды, митохондриялар бөлініп, митоздың жүруіне аса қажетті жаңа нәруыздар синтезделінеді.

Интерфазаның соңына қарай хроматин конденсацияланған, ядрошық жақсы көрінеді, ядро қабықшасы бүлінбеген, органеллалары өзгермеген.

G2 фазасы 6 сағат жүреді.

M

Жасуша ядросының 4 саты арқылы бөлінуі

C

Цитоплазма бөлінуі, жасушалардағы органеллалардың жаңа

жасушаларға біркелкі бөлінуі

  • Жасушалық циклдегі жүретін үдерістерді, фазаларымен сәйкестендіру (кесу үшін)

Митоз фазалары

Митоз сатыларында өтетін үдерістер

Профаза

  • Хромосомалар ядрода айқындала бастайды. Олар қысқарып, жуандап, серппеге айналады, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады;
  • Диффузды хроматиннің жинақталуы және ДНҚ молекулаларының тығыз серппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды;
  • Профазаның алғашқы кезінде әрбір хромосома екі хроматидтерден тұратындығы анық көрінеді. Бұл – жасуша айналымының интерфаза сатысының S кезеңінде жүретін репликация нәтижесі.

Метафаза

  • Метафаза сатысында ахроматин жіпшелері хромосоманың центромеріне бекінеді;
  • Әрбір хромосоманың хроматидтері бір-бірінен ажыраса бастайды;
  • Олардың арасындағы байланыс тек центромера тұсында ғана сақталады;
  • Ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метафазалық тақтаға жинақталады.

Анафаза

  • Центромералар бөлінеді;
  • Бұдан кейін ұршық жіпшелерінің көмегімен туыстас хромосомалар жұбының бірі ядроның бір полюсіне қарай, екіншісі екінші полюсіне жылжи бастайды

Телофаза

  • Ядро түзіледі.;
  • Хромосомалар ширатылады;
  • Қайтадан ядрошық қалыптасып, ядро қабықшасы түзіледі;

Цитокинез

Жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді. Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана ішке қарай ойық түзеді. Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді. Жасуша органеллалары – ЭПТ, Гольджи аппараты қайта қалпына келеді

2. Митоз сатыларында өтетін үдерістерді, фазаларымен сәйкестендіру. (кесу үшін)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу