Жасушалық цикл. Митоз. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні _______________________ сынып________ күн реті_________

Зертханалық жұмыс: «Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»

Теория

Митоз кезеңдері:

Профаза. Ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазма мен кариоплазмамен араласады.

Прометафаза. Прометафаза кезінде кейбір жіпшелер центромераларға жалғанады.

Meтафаза. Митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне (деңгейіне) жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына (ортасына) шоғырланады.

Анафаза. Хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин жіпшелері арқылы тартыла бастайды.

Телофаза. Телофаза кезеңінде екі полюстегі хромосомалар топтала бастайды, ал бұл ядро мембранасының қалыптасуын тездетеді.

Гипотеза:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқу мақсаты:

• Дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу

 Құрал-жабдықтар:

микроскоп, жуа қабығының жасушалары, митоз фазаларын көрсететін жуа кабығының микросуреттері;

Қауіпсіздік ережелері:

  • Құрал-жабдықтармен жұмыс жасау барысында абай болу.
  • Микроскоп, электр сымдар, тоқ көздерімен жұмыс жасау барысында абай болу.
  • Шыны заттармен жұмыс жасау барысында абай болу.
  • Лабораторияға арналған халат пен қолғап киіп жұмыс жасау.

I. Жуа қабығындағы митозды көру

Митозды көру үшін неге жуа қабығын қолданады?

• Тамырлары үлкен көлемде өседі.

• Сәйкесінше тамыр ұшындағы жасушалар белсенді түрде бөлінеді, көптеген жасушалар митоз кезеңінде болады.

• Хромосомалар оңай көріну үшін оларды бояуға болады.

Әдетте хромосомалар шиыршықталған болғандықтан жасушада бөлек құрылымдар күйінде көрінбейді, бірақ хромосомалардың қатты шиыршықалуы арқылы қатты тығыздалған формаға иеленуі митоз үдерісін жеңілдетеді.

Өсу зонасының аймағы

Жасушалық бөліну аймағы

Тамыр оймақшасы

1. Микроскоп қолдану арқылы жуа қабығын зерттеу.

Сурет 1.

Жуа тамырының бөлігін бақылау.

Микроскопты ыңғайлы 10Х қою. Жасушалар арасынан ядролары үлкен аймақты іздеу; осы жасушалар арасынан митоздың кезеңдерін көрсететін жасушалар байқалатын болады.

Мысалдар жоғарыдағы 1 суретте көрсетілген. Митоздың әр сатысындағы жасушалардың суретін салу үшін объективті 40 Х ауыстырыңыз. Өз бақылауларыңызды төмендегі 1- кестеге жазыңыз.

2. Митоздың әр сатысының салыстырмалы ұзындығын бағалау.

Бұл кезең үшін біз жуаның қабықшасын қолданамыз.

Митоз және жасушалық цикл

Бақылауды жүргізген кезде, митоздық жолмен бөлініп жатқан жасушалардың салыстырмалы санын қарастырыңыз. Осы жасушалардың кейбіреулері әлі де жасушалық циклге қатысады, ол жасуша репликациясына байланысты барлық үдерістерді қамтиды. Белсенді бөлініп жатқан, бірақ әлі митозды бастамаған жасушалар интерфаза кезеңінде тұрғандығын білдіреді. Кейбір тамыр жасушалары бөлінуін тоқтатып, тек өлшемін ұлғайтуда болса, ал басқа жасушалар максимум өлшемдері мен функцияларына жетсе, онда олар GO сатысында тұр деген мағына.

Митоз кезеңінің ұзақтағын анықтау кезеңі.

Қабықшаның меристема аймағын табыңыз.

1. Объективтің 10Х үлкейтуінен бастап жасушаның белсенді бөліну аймағын табыңыз.

2. Обьективтің 40Х үлкейтуін қолданып, осы аймақтың төменгі жағындағы бақылауды бастаңыз.

Деректерді жазу

Сіз жұбыңызбен кезектесе бақылаушы да, дерек жазушы да болуыңыз қажет. Бақылаушы әр ұяшықтағы митозды қарау керек, ал жұбыңыз оны санап, нәтижелер кестесіне жазуы керек. Екінші бақылауда рөлдеріңізбен ауысуыңыз қажет.

1. Тамырдың ұшын ұяшық бағанасымен жоғары-төмен бағытта жүйелі түрде қарап шығыңыз.

2. Митоз кезеңіндегі әрбір жасушаны бағалаңыз және бір жасушаны екі рет жазудан сақ болыңыз. Митозға ұшыраған 20 жасушаны санаңыз.

Есептеулер

1. Өзіңіздің деректеріңізді сынып деректерімен біріктіріп, төмендегі кестеге сынып мәндерін жазыңыз.

2. Әр кезеңдегі жасуша пайызын есептеңіз.

3. Әр кезеңнің салыстырмалы уақыт аралығы осы сатыда анықталған жасушалар пайызына тең.

II. Нәтижелер

1. Митоздың әрбір сатысын көрсететін жасушаны салыңыз.

2. Митоздың әрбір кезеңінің ерекшелігі қандай?

профаза:

мeтафаза:

анафаза:

телофаза:

Митоздың салыстырмалы ұзақтығы

3. Жасушаларды есептеу нәтижелерін санап, содан кейін пайыздар мен митоздық жиілік индексін есептеңіз:

Митоз жиілік индексі Кесте 1

Митоз кезеңдері

Микроскоптан байқалатын өзгерістер

Берілген бөліну кезеңіндегі жасуша суреттері

профаза

216

85,0

метафаза

17

67

анафаза

8

3.3

тeлофаза

13

5.1

4. Митозға дейін интерфазада қандай үдерістер жүреді.

5. Жасушалық бөліну аяқтала сала, жасушалар интерфаза кезеңіне түседі. Неліктен жасушаларды «тыныштық кезеңінде» деп айту дұрыс емес?

Митоздың биологиялық маңызы туралы қорытынды:

Сұрақтар:

1. Микросурет митоз жолымен бөлініп жатқан өсімдік тамырын көрсетеді.

a) Жоғарыдағы микросуретте көрсетілген A-дан D-ға дейінгі фазаларды белгілеңіз

(i) профаза _________________________________________________________

(ii) анафаза _________________________________________________________

[2]

(b) B жасушасында болып жатқан бір құбылысты сипаттаңыз

________________________________________________________________ [1]

(с) С жасушасында болып жатқан бір құбылысты сипаттаңыз

________________________________________________________________ [1]

(d) Тірі ағза үшін митоздың 2 маңызын жазыңыз

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

[2]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу