Жасуша көлеміне беттік ауданының мөлшерінің қатынасын есептеу. Биология, 10 сынып, презентация.


Неге жасушалар кішкентай болады?

Неліктен олар белгілі бір өлшемге жеткенде өсуін тоқтатады?

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс

Жасуша көлеміне беттік ауданының мөлшерінің қатынасын есептеу.

Оқыту мақсаты

беттік ауданның көлемге пропорциясын есептеу және заттардың тасымалдауына қатысты олардың негізгі қатынасын түсіндіру

Жетістік критерийлері

Кестенің есептеп, толық толтырылуы.

Графиктің дұрыс орындалуы

Қорытындының дұрыс шығарылуы

Сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы, нақтылығы, толықтығы.

Жасушаның бет ауданының оның көлеміне қатынасы биологиялық құбылыстардың көбінде, соның ішінде сіңіру мен диффузияда маңызды рөл алады.

Текше бет ауданының оның көлеміне қатынасы:

Бет ауданы = ұзындығы х ені х жақ саны

Көлемі = ұзындығы х ені х биіктігі

Кубтың беттік ауданының көлемге қатынасы

Сары жолақтан кубтың жанының мөлшері атқан сайын оның беттік ауданы артады, (с 6 до 216). Көк жолақтан кубтың көлемінің де артқаны байқалады (с 1 до 216). Беттік ауданға қарағанда көлемнің көбірек өскенін қызыл жолақтанкөруге болады: көлемнің бір бірлігіне ең кішкентай кубтың 6 бірлігі сай келетіні байқалады, ал ең үлкенінде тек біреу сай келген.

Тереңірек түсіну үшін елестетіп көрейік:

Кубтың әрбір бірлігін бір адам деп, ал беттік ауданның бір бірлігін сол адамның тыныс алатын терезесі деп аламыз. Сонда:

Жаны 1 –ге тең кубта 1 адам тұрады, ол 6 терезе арқылы тыныс ала алады;

Жаны 2 –ге тең кубта 8 адам тұрады, олар 24 терезе арқылы тыныс ала алады;(әрқайсысына 3 терезеден)

Жаны 3 ке тең кубта 27 адам тұрады, олар 54 терезе арқылы тыныс ала алады;(әрқайсысына 2 терезеден)

Бұдан адамдарға куб жанының мөлшері артқан сайын адамдардың тыныс алуының да ауырлай түскенін айтуға болады.

Сұрақтарды талдау:

Егерде кубтың бір жағының ұзындығын 2 есеге арттырса беттік ауданның көлемге қатынасы қалай өзгеруі мүмкін?

Агар кубының мөлшерінің өзгеруі мен диффузиялану уақытының арасында айырмашылық бар ма?

Ірі организмдердің көлемі олардың денесіндегі жасушалар санына тура пропорционал.Әрбір жасуша көмірқышқыл газы сияқты зат алмасу өнімдерінен тазару үшін оттегі мен қоретік заттарды қажет етеді. Ал ұсақ денелі организмдер болса қоректік заттарды сіңіріп, қажет емес заттарды жасшуларының сыртқы мембранасы арқылы диффузиялап тазара алады. Ірі организмдерге осындай диффузия тән болуы мүмкін бе, Сіз қалай ойлайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу