Жасуша көлеміне беттік ауданының мөлшерінің қатынасын есептеу. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ : Зертханалық жұмыс

Жасуша көлеміне беттік ауданының мөлшерінің қатынасын есептеу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

  • беттік ауданның көлемге пропорциясын есептеу және заттардың тасымалдауына қатысты олардың негізгі қатынасын түсіндіру

 Сабақтың мақсаты

Оқушылар орындай алады:

  • кубтың беттік ауданын есептейді
  • беттік ауданның көлемге қатынасының әсерін түсінеді
  • беттік ауданның көлемге қатынасын есептейді
  • беттік ауданның диффузиялану уақытын бақылап, график салып, қорытынды шығарады.

Жетістік критерийлері

  • Зерттеуді жоспарлап,болжамын жазады
  • тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтайды
  • кубтың беттік ауданын есептейді
  • беттік ауданның көлемге қатынасын есептейді
  • деректерді жинайды және өңдейді
  • беттік ауданның диффузиялану уақытын бақылап, график салып, қорытынды шығарады.
  • Жұмыс кемшіліктері мен жақсарту жолдарын ұсынады

Тілдік мақсаттар

Беттік аудан, диффузия, беттік ауданның көлемге қатынасы,

Алдыңғы білім

-оттегінің тасымалдану механизмдері

- беттік аудан туралы

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Бірін -бірі оқытады. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтайды.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

ұлт дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс қоректенудің маңыздылығын түсіну

Өмір бойы білім алу

берілген тапсырманы өз бетінше орындайды, өткен сабақтағы білімін қолданады. Оқушылар ферменттердің болашақта ғылымда қолданылатын салаларын ұсынады, өз білімдерін үздіксіз дамытады.

Ашықтық

Оқушылар мен мұғалім бір-біріне ферменттер тақырыбына байланысты және тапсырмалардың орындалуына байланысты өз ойларын ашық айтып, зертханалық жұмыс жасау барысында ролдерді бөліседі

Еңбек және шығармашылық

Зертханалық жұмыс жасауда жұмыс орындарын таза ұстайды, ерітінділерді қолданған соң бірден жауып, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдаланады. Зертхана жасау барысында оқушылар жаңа идея ұсынады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басталуы

0-10 минут

(G) Оқушылар жұпқа бірігіп тапсырма орындайды. Олар бір ірі және бір ұсақ жануардың конструкциясын 1смх1см аудандарға бөлінген қағаздан/шаршылардан құрастырады. Тапсырманы орындау кезінде оқушылар көлем ұлғайған сайын беттік ауданның кішірейгенін анықтайды.

араластырылған қышқыл қолданғанның өзінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерту!

Беттік ауданның көлемге қатынасы туралы мысал арқылы түсінік беру.

Егер кубтың жаны а болса,оның көлемі а3, бір жағының ауданы – а2, сондықтан кубтың 6 жағының ауданы ( беттік ауданы) – 6а2. Болады. Сонда:

а

1

2

3

4

5

6

S=6а2

6

24

54

96

150

216

V=а3

1

8

27

64

125

216

S/V

6

3

2

1,5

1,2

1

Сары жолақтан кубтың жанының мөлшері атқан сайын оның беттік ауданы артады, (с 6 до 216). Көк жолақтан кубтың көлемінің де артқаны байқалады (с 1 до 216). Беттік ауданға қарағанда көлемнің көбірек өскенін қызыл жолақтанкөруге болады: көлемнің бір бірлігіне ең кішкентай кубтың 6 бірлігі сай келетіні байқалады, ал ең үлкенінде тек біреу сай келген.

Тереңірек түсіну үшін елестетіп көрейік:

Кубтың әрбір бірлігін бір адам деп, ал беттік ауданның бір бірлігін сол адамның тыныс алатын терезесі деп аламыз. Сонда:

  • Жаны 1 –ге тең кубта 1 адам тұрады, ол 6 терезе арқылы тыныс ала алады;
  • Жаны 2 –ге тең кубта 8 адам тұрады, олар 24 терезе арқылы тыныс ала алады;(әрқайсысына 3 терезеден)
  • Жаны 3 ке тең кубта 27 адам тұрады, олар 54 терезе арқылы тыныс ала алады;(әрқайсысына 2 терезеден)

Бұдан адамдарға куб жанының мөлшері артқан сайын адамдардың тыныс алуының да ауырлай түскенін айтуға болады.

Тапсырманы орындауға мұғалімге көмекке:

https://www.tes.co.uk/teaching-resource/surface-area-to-volume-ratios-6176171Марк

Деректерді талдауға қажетті ақпарат бар ресурсқа сілтеме:

http://sernam.ru/book_fract.php?id=13

Беттік ауданның көлемге қатынасының биологиялық обьектілер үшін маңыздылығы туралы ресурсқа сілтеме:

http://www.dinosaurtheory.com/scaling_ru.html

http://www.dpva.info/guide/guidetricks/surfacetovolumeratio/

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

11-34

Зертханалық жұмыс. Жасуша көлеміне беттік ауданының мөлшерінің қатынасын есептеу.

Зерттей сұрағы: Уақыт өткен сайын агар кубтарындағы диффузия қарқындығы қалай жүруі мүмкін?

Зертханалық жұмыстың мақсаты:

  • беттік ауданның көлемге пропорциясын есептеу және заттардың тасымалдауына қатысты олардың негізгі қатынасын түсіну.

Зертханалық жұмысты рәсімдеу.

  • Зертханалық жұмыстың тақырыбын жазу
  • Мақсаты мен болжамын құрастыру
  • Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды тексеріп, атап жазу
  • Тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау

Жұмыс болжамы: Егер ағзадағы беттік ауданның көлемге қатынасы жоғары болса, мұндай ағзалардың диффузиясы, мүше қызметінің жылдамдығы (қоректік заттарды тасымалдау, оттегі, су және қажетсіз заттарды шығару) артады. Көлем артқан сайын үлкен кубтардағы диффузия төмен жүруі мүмкін.

Өзгерістер

Басқаруды қамтамасыз ету

Тәуелсіз

Агар кубының мөлшері, қабырға өлшемі1 см, 1,5 см, 2 см, 2,5 см

уақыт

Тәуелді

Пигмент ядросынан бастап, агар кубының шекарасына дейінгі ара қашықтық

Бақыланатын айнымалы

Ерітінді- 4% натрий гидроксиді

Ерітінді температурасы -21 ° C

Уақыт- кубтарды ерітіндіде -10 минут ұстаймыз

Ерітінді көлемі - 100 см3 (± 0,5 см3)

Агар кубтарын жасайтын материал

Кубтардың қабырғаларын өлшеу әдістемесі

Жұмыс барысы: 1 - жұмыс. Агар кубын алу үшін 2г техникалық агар ұнтағын 100 см3 суға араластырады. Оны су моншасында қайнағанынша ұстап, қайнаған кезде жақсылап араластырып, 0,01 М гидроксид натрий ерітіндісі мен әмбебап индикатор фенолфталеиннен қосады( Фенолфталеиннің 600 см 3 қа 1 г болатындай есептеп, 1 л суға езеді) Кейін мұзға арналған ауданы 1см, 1,5 см,2 см, 2,5 см кубик текшелелі қатырғыштарға құйып, салқындатады.

2-жұмыс. Агар кубтарын пайдалана отырып, боялған ерітіндінің 5 минут ішінде қаншалықты диффузияланатынын байқау үшін оны диффузияланушы ертініді- тұз қышқылына салу керек. Уақытты қарап, кубтарды 5 минутқа қалдырады.

3-жұмыс. Қолғапты киіңіз, пластикалық қасықты пайдаланып, стақаннан кішкене текшелерді алып шығыңыз. Сүзгіш қағазбен құрғатыңыз. Кішкене текшелер кепкенше бөлек алып қойыңыз. Әр кішкене текшені екі бөлікке кесіп, өз байқауларыңызды жазыңыз. 3 кішкене текшенің әрқайсысында НСl диффузия дәрежесін өлшеңіз.

4-жұмыс. Кубтың өлшемдерін есептеп, кестеге толтыру. Бет ауданының көлемге қатынасы келесі формула бойынша анықталады:

Бет ауданының көлемге қатынасы = бет ауданы/көлем

агаркубының жақтарының ұзындығы (см)

B = A 2кубтың бір жағының ауданы (см2 )

С = 6В кубтың жалпы ауданы (см 2 )

D = A3Кубтың көлемі (см 3 )

E = A / 2 Кубтың бір шетінен дәл ортасына дейінгі қашықтық (см)

F = C / D, Беттік ауданның көлемге қатынасы

G Кубтың ортасына дейінгі диффузиялану уақыты (мин)

H 5 минутта диффузияланған қашықтық (см)

I = H / 5 немесе E / G диффузия жылдамды5ы (см / мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту! Егер куб айтылған уақытта боялмаса оны кішірейтіп, тәжірибені қайталау арқылы оның боялу уақытын өлшеуге болады.

5- жұмыс.Әртүрлі өлшемді кубтардың беттік ауданның көлемге қатынасын талдау(кестені) арқылы ірі организмдерде кездесетін проблемаларды жобалап айту.

Есептеу жолдары:

Кубтардың беттік ауданын есептеу.

e – куб қабырғалары

SA – беттік аудан

E.g. 𝑆𝐴

Алғашқы көлемді есептеу

V- көлем

e.g.

Соңғы көлемді есептеу.

fV – соңғы көлем

w – агар кубының түссіз бөлігінің өлшемі

e.g.

Көлем диффузиясын есептеу

dV – көлем диффузиясы

dV = VfV

e.g. dV (1) = 1 – 0 = 1

Марк Ротери сайтында куб беті шамасының көлемін қатынасы туралы ақпарат, сол сияқты оның нұқсқалары бар:

http://www.mrothery.co.uk/bio_web_prac/biology_practicals.htm

төмендегі сайтта ұқсас зертханалық жұмыс суреттеледі: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-biology/effect-size-uptake-diffusion

http://www.cellbiol.ru/book/kletka/o_kletkah/razmery_kletochnyh_struktur - қосымша ақпарат

http://bio-faq.ru/zzz/zzz007.html - пайдалы ақпарат

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

35-38

39-40

(W) /(G) Бет шамасының көлемге қатынасының материалдар тасымалдауға қатысты маңыздылығын талқылау.

Желе немесе агарды қышқылға реакция беретін бояғышпен араластыруға болады. Қышқыл ішінде таралғаннан кейін, түсі өзгереді. Бұл көзбен көргенде де, математикалық тұрғыдан да көлемнің бет алаңына қарағанда тезірек ұлғаятындығын және қышқылдың (оттегінің орнындағы) қажеттілікті қанағаттандыру үшін желе кубының ішіне тез кіре алмайтындығын көрсетеді.

Тәуекелділік көзін анықтау, Жұмыс кемшіліктері мен жақсарту жолдарын анықтау және зертханалық жұмысты қорытындылау

Талқылау сұрақтарын талдау:

Пайдаланылған әдебиеттер ұсыну (міндетті емес)

  • Ұзындығы екі есе артса, көлемі 4 есеге артып отырады.
  • Диффузиялану жылдамдығы әрбір куб үшін бірдей.

Ірі организмдер қоректік заттарды сіңіріп, диффузиялау арқылы қажетсіз өнімдерден тазара алмайды. Себебі, олардың әрбір жасушасы немесе дене бөлігінін беттік ауданы жеткіліксіз. Диффузия жылдамдығы организмнің мөлшерін шектейді, яғни организмнің мөлшері артқан сайын диффузия жылдамдығы артпайды. Беттік ауданның арнайы газ алмасуы немесе оның басқадай механизі болуы мүмкін.

  • Қышқылды орта агарда еріген соң рН индикаторның (фенолфтолин) түсін қызыл немесе алқызыл түстен мөлдірге дейін өзгертті.
  • Беттік аудан ұлғаяды, көлем де ұлғаяды бірақ олардың қатынасы азяды
  • Жасушаның эффективті диффузиясы үшін үлкен беттік аудан маңызды. Бірақ жасуша үлкен ауданның көлемге қатынасын қамтмасыз ету үшін кіші болуы қажет.
  • Оқушылар сфералы, үшбұрышты пішінді жасушалардағы диффузия эффективтілігін тексеру үшін агардың жаңа жасушаларын жасай алады.

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Аса қабілетті оқушылар осы зертхана нәтижесін пайдаланып, өмірде қолдануға байланысты өз идеяларын ұсынуы мүмкін.

Зерттеу жұмысын жасау барысын бақылау

Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауларын қарап, ұсыныстар беру.

Сұрақтар қою

Химия

АКТ презентация жасауда қолданылады

Оқушыларға қосымша ақпарат іздеуі үшін ноутбуктар беріледі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылардың барлығы оқыту мақсатына жетті деп ойлаймын. Себебі құрал-жабдықтарды пайдаланып, өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесін түсінді. Өмірден жануарлардың тыныс алуы, өсуі, беттік ауданының көлемге қатынасы бойынша мысалдар келтіре алды.

Сабақ уақытында аяқталды. Жоспарыма өзгеріс енгізбедім.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1: Зерттеу жұмысын орындау оқушыларға қызықты болды

2: Беттік ауданның көлемге қатынасын есептеу

Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1: Сабақ барысында бірден талқылау, сұрақтар қою

2: Оқушылар мен мұғалімнің бір-бірлеріне берген ашық ұсыныстары

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?

.Құрал-жабдықтар жұпқа берілген болатын, сол себепті келесі сабақта әрбір оқушыға жеке жұмысты жасату қажеттілігін жоспарладым. Еламан, Диана және Айбибі жұбына сеніп, өздері белсенсіз болған сияқты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу