Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Жұмыс парағы
Төмендегі графикте оттектің диссосациия қисығы берілген.
aгемоглобиннің диссосация қисығын түсіндіріңіз.(3)
bМиоглобин бұлшықет жасушаларында кездеседі. Миоглобиннің диссосация қисығы бойынша оттегімен байланысуын гемоглобинмен салыстырып түсіндір.(2)
cЕресек гемоглобинге қатысты ұрық гемоглобині графикте қай бөлікте орналасады?(1)
dChironomid құрттарының дернәсілдері (қан құрттары) және басқа да түрлер оттегінің парциаалды қысымы төмен болатын балшықты тоғандардың түбінде тұрады. Осы түрлер үшін гемоглобиннің маңызы қандай?(2)
eЕркін дайверлер теңізде арнайы жабдықтарсыз сүңги алады. Сүңгу алдында олар қандағы көмірқышқыл газының деңгейін төмендету үшін гипер вентиляция жасайды. Неліктен бұл әрекет оларға су астында ұзақ уақыт тыныс алмауға мүмкіндік береді.
(3)
Жауаптары:
. a Оттегінің жоғарғы қысымы кезінде гемоглобин оттегімен қанығады. Оттегінің парциалды қысымы төмендеген сайын, оттегінің басым бөлігі гемоглобинмен байланысады. Оттегінің парциалды қысымы төмен аудандарда оксигемоглобин диссоциацияланып, оттегі ұлпаларға бөлінеді.
(3)
bМиоглобиннің гемоглобинге қарағанда оттегімен байланысуы жоғары. Ол оттегінің төменгі парциалды қысымында оттегімен байланысады және парциалды қысым төмендегенше оттегіні босатпайды.
(2)
cЕресек гемоглобин қисығының сол жағына қарай (1)
d Балшықта оттегінің парциалды қысымы өте төмен және диффузия арқылы дернәсілге өту үшін жеткіліксіз болады. Гемоглобин дернәсілдерге бар оттегіні алуға мүмкіндік береді.
(2)
е. Көмірқыщқыл газы қандағы рН деңгейін төмендетеді, бұл тыныс алуды ынталандыратын сопақша ми бөлімінде сезіледі. Қан құрамындағы көмірқышқыл газының төмендеуі, тыныс алуды ынталандыруды төмендетеді және дайвер су астында ұзақ уақыт қала алады.
(3)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру