Диализ әдістері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Гемодиализ

Гемодиализ ағзаңыздан тыс орындалатын емшараларда қанды тазартады. Емшара кезінде қан диализдік аппаратқа жалғанған сүзгіштен (диализатор) өтеді. Емнің әрбір сеансы әдетте 4-5 сағатты алады, оны кемінде аптасына үш рет орындалады.

Гемодиализ қалай жұмыс жасайды

Диализатор – қаннан зат алмасу өнімдері мен артық сұйықтық шығарылатын орын. Диализатордың басты ерекшелігі – өте жұқа жартылай өткізгіш мембраналардан тұрады. Мембраналар қан мен диализдік ерітінді арасындағы бөгет қызметін атқарады және заттардың қанға және қаннан таңдаулы түрде араласуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс механизмі: залалсыздандырылған пластмасса түтіктер диализаторға жалғанады; бір түтік қанды диализаторға жеткізуге, келесі түтік – оны ағзаға қайтаруға арналған. Түтіктер және диализатор (қан өткізетін контур) диализдік аппаратқа жалғанады. Аппарат қан өткізетін контурдағы қан айналымын қауіпсіз бақылап отырады, жылдамдығы әдетте 250-450 мл/мин. Контурдың жалпы көлемі 200-300 мл. құрайды. Әдетте диализдің бір толық сеансы 4-5 сағатты алады.

Диализ сеансы қалай орындалады

Гемодиализді бастау алдында қан тамыр қол жетімді болуы керек. Әрбір сеанстың басында қан өткізетін контурға жалғау үшін қан тамырын дайындауға бағытталған әрекеттерді орындау қажет. Диализ сеансы бойы науқастың ыңғайланып отыруы немесе төсекте жатуы керек; кітап оқу, музыка тыңдауға немесе ұйықтауға болады. Әрі ұялы телефон арқылы қоңырау шалу, компьютермен жұмыс жасау, фильм қара немесе ғаламторды пайдалануға болады.

Емшара кезінде тиісті дәрілік заттарды қан өткізетін контур арқылы тікелей егуі де мүмкін. Медбикелер диализдік аппараттың жұмысын тексеріп тұрады. Диализ сеансы аяқталғаннан кейін қан өткізетін контурды ажырату үшін басқа әрекеттер орындалады.

Сеанстан кейінгі қалжырау

Гемодиализ онша ауыр емес. Дегенмен, кейбір жанама әсерлерді сезілуі мүмкін. Әдетте, диализдің ұзаққа созылған сеансынан кейін науқастар қалжырап қалады. Бұл симптомнан айығу әдістеріне: тамақтануды түзету мен үнемі жаттығулар жасау жатқызылады. Кейбір адамдардың жүрегі айнып, басы айналып немесе диализ сеансы кезінде бұлшық етінің тартылып қалуы мүмкін. Егер осындай қиыншылықтар болса, медициналық қызметшілер оларды жеңуге көмектеді.

Үй гемодиализі

Емханадағы стандартты гемодиализге қосымша ретінде үй жағдайындағы гемодиализ жасауға болады. Емхана үй жағдайларында қолдануға арналған аппаратты жеткізеді, ал жұмсалмалы материалдар үйге айына бір-екі рет жеткізіледі. Бастапқыда науқас диализдік медбикеден емханада емшара жасауға үйренеді. Гемодиализді үй жағдайларында жасаушылардың көпшілігінде өзімен бірге емханада емшара жасауға үйренетін көмекшілер бар. Үйрену әдетте 8-12 апта бойы жалғасады.

Үйрену кезінде науқас мыналарды меңгереді:

  • жабдықтар мен материалдарды дайындау;
  • қан тамырына енгізілетін жабдыққа инені орнату;
  • дәрілік заттарды егу;
  • аппарат жұмысын бақылау;
  • күретамырдағы қан қысымы мен қан тамырының соғуын өлшеу;
  • емшаралар журналын жүргізу;
  • диализ жасалатын жайды және жабдықтарды тазарту.
  • жұмсалмалы материалдарға тапсырыс беру.

Үй гемодиализінің артықшылықтары:

Үй гемодиализі бойынша емшаралар кестесін науқастың өзі анықтайды. Науқас емшаралар уақытын, мәселен, жұмыс уақытына, отбасы мүшелерінің күтіміне арналатын уақытқа байланысты бейімдей алады. Көптеген науқастар диализді жиі орындайды, бұл:

  • өзін-өзі жақсы сезінуді және күретамырдағы қан қысымын жетік бақылауды;
  • диета мен сұйықтыққа қатысты шектеулердің аз болуын;
  • қан тамырына енгізілуін жақсартатын инелердің дербес түрлерін пайдалануды;
  • уақытты үнемдейді, себебі диализ үшін емханаға барып-қайту қажет емес.
  • Амбулаториялық емханаларға бару қажеттілігі азаяды (әдетте науқас ауруханада аптасына 4-8 рет тексеріледі).

Үй гемодиализінің ықтимал кемшіліктері:

  • үйде диализдік аппарат үшін орын қажет;
  • диализаторларды, концентраттық ыдыстарды, залалсыздандырушы материалдарды, шприцтерді, инелерді, дәрі-дәрмектерді, қан өткізетін магистральдар мен басқа да материалдарды сақтау үшін арнайы орын қажет;
  • науқас және оның көмекшісі үшін емшараларды орындаудың күрделі болуы мүмкін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу