Диализ әдістері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Перитонеалдық диализ
ПД науқас денесінің ішінде қанмен қандай да бір тікелей жасалатын манипуляциясыз орындалады. Құрсақ қуысына залалсыздандырылған диализдеуші ерітінді енгізіліп, онда 4-12 сағат аралығында қалдырылады. Кейін ерітінді шығарылады, онымен бірге ағзадан зат алмасу өнімдері мен мөлшерден артық сұйықтықтар шығарылады. Емшара кейде күніне 3-5 рет (амбулаториялық жағдайда үнемі орындалатын перитонеалдық диализ (ҮАПД)) немесе аппараттың көмегімен түн бойы (автоматты перитонеалдық диализ (АПД)) жасалады.
Перитонеалдық диализдің қағидаттары
Шамамен 2 л жуық диализдік ерітінді құрсақ қуысына арнайы түтіктің – перитонеалдық диализге арналған катетермен енгізіледі. Бұл үрдіс «инфузия» деп аталады. Тазарту үрдісі құрсақ қуысында орындалады, құрсақ қуысының мембранасы табиғи сүзгіш ретінде қызмет атқарады. Қалдық өнімдер мен мөлшерден артық сұйықтық денеден диализдік ерітіндіге перитонеалдық мембрана арқылы шығарылады. Бұл үрдіс «күту уақыты» деп аталады. 4-12 сағаттан соң барлық сұйықтық құрсақ қуысынан 20-30 минутқа созылатын «дренаж» деп аталатын үрдіс барысында шығарылады. Кейін құрсақ қуысына залалсыздандырылған диализдік ерітіндінің жаңа мөлшерлемесі енгізіліп, үрдіс қайталанады. Пайдаланылған диализдік ерітіндіні ағызу мен жаңа ерітіндіні енгізу үрдісі «алмастыру» деп аталады және негізінен, гравитация есебінен орындалады. Осындай ауыстыруға кететін уақытты санамағанда, орташа есеппен 30-40 минут, күніне 3-5 рет — қалған уақытта күн бойы қалаған шаруалармен айналыса алады (жұмыс, оқу және тіпті саяхаттау).
Катетерді орнату
Перитонеалдық диализ құрсақ қуысына қатынасты талап етеді. Бұл перитонеалдық диализге арналған катетердің көмегімен жүзеге асырылады. Катетер әдетті құрсақ қуысына құрсақ қуысының қабырғасы арқылы енгізілетін, қарындаштың көлеміндегі жұқа пластик түтік болып табылады. Катетерді әдетте хирург немесе нефролог жалпы немесе жергілікті анестезия жасай отырып орнатады. Катетер науқастың денесінде үнемі орнатулы болады, сыртқа тек қана жүйені және ерітіндіні алмастыру кезінде перитонеалдық диализге қажетті қалтаны жалғауға арналған бөлігі шығып тұрады. ҮАПД және АПД үшін бірдей катетерлер қолданылады. Катетер орнатылған уақыт пен перитонеалдық диализді бастау арасында шамамен 2 апта күткен абзал.
Оның үстіне, катетер мен маңының гигиенасын сақтау өте маңызды. Жұқпаға шалдықпау үшін гигиенаның барлық талаптарын қалай сақтау керек.
Қалыпты өмір сүре ала ма?
Перитонеалдық диализдегі науқастар емделу басталғанға дейін шұғылданған барлық шаруаларымен айналыса алады, ал бүйректің қалдық қызметтерінің неғұрлым қолайлы диетаны ұстай отырып, ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін. Сұйықтық пен тұзды тұтынуды шектеудің қажет болуы ықтимал.
Амбулаториялық жағдайдағы үнемі перитонеалдық диализ
ҮАПД –перитонеалдық диализ әдісі, науқас емшараны күніне 3-5 рет орындайды. Бұны үйде қалыпты өмір сүре отырып үйде немесе жұмыста орындауға болады.
ҮАПД жұмыс істеуі қалыпты перитонеалдық диализдегідей.
ҮАПД материалдары
Барлық диализдік ерітінді, түтіктер және басқа да материалдар кезең-кезеңмен үйге жеткізіліп тұрады. Әр түрлі диализдік ерітінділерді пайдалану мен қолдану жиілігін сіздің дәрігер жазып беретін болады.
Глюкоза – артық сұйықтықты шығаратын негізгі зат
Денеден артық сұйықтықтың тиісті мөлшерін шығару үшін дұрыс тығыздықтағы диализдік ерітінді болуы керек. Диализдік ерітінді негізінен глюкоза ерітіндісінен тұрады, ол құрсақ қуысының мембранасы арқылы денеден суды құрсақ қуысына сорып алады. Бұл үдеріс «ультрасүзгілеу» деп аталады.
Оқыту
Ерітіндіні өз бетінше алмастыру үшін диализдік жүйені дұрыс жалғау мен ажыратуды үйрену керек. Ерітіндіні алмастыру әдісі, әрі ықтимал мәселелерді анықтау мен шешу үйретіледі. Оқу әдетте бір апта алады және сіз алғаш рет диализ қабылдайтын емханада немесе ауруханада болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру