Метаболизм түрлері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: Тыныс алу

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Метаболизм түрлері

Сабақ оқыту мақсаты

Метаболизм түрлерін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

Барлығы метаболизмнің түрлерін біліп, олардың ерекшеліткрін түсінеді;

Көбісі анаболизм мен катаболизм үдерістерін бір-бірімен салытыра алады;

Кейбіреулері тақырып бойынша логикалық тапсырмаларға жауап бере алады.

 Бағалау критерийлері

1.Метаболизмнің түрлерін біледі;

2.Анаболизм мен катаболизмге анықтама береді;

3.Анаболизм үдерісін сипаттайды;

4.Катаболизм үдерісін сипаттайды;

5.Метаболизмнің түрлерін өзара бір – бірімен салыстырады.

 Тілдік дадылар

Пәндік лексика мен терминология

Метаболизм, анаболизм, ассимиляция, катаболизм, диссимиляция, пластикалық алмасу, энергетикалық алмасу, заттардың түзілуі/ыдырауы, энергияның жұмсалуы/түзілуі, АТФ, мономерлер, полимерлер, нәруыз, аминқышқылдары, майлары, май қышқылы, көмірсулар, моносахаридтер, глюкоза, жасуша және т.б.

Метаболизм дегеніміз ...

Метаболизмнің түрлері ...

Анаболизм дегеніміз ..., энергия ...

Катаболизм дегеніміз ..., энергия ...

Ассимиляция кезінде мономерлер ...

 Құндылықтар

 

Патриотизм, бүкіл өмір бойыоқу, академиялық шындық, топтық және жұптық жұмыс жасай білу, жауапкершілік, көшбасшылық.

 Пәнаралық байланыстар

Химия: химиялық реакциялар мен органикалық заттар.

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша түрде метаболизмнің түрлерін сипаттау.

 Алдыңғы білімдер

Физикалық жаттығулардың тыныс алуға әсері 8 сынып.

Тыныс алу . Қоршаған орта мен ағза арасындағы газалмасу үрдісі 8 сынып.

Анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісі, тыныс алудың химиялық реакциялар теңдеуі, анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісінің бұлшықеттің қажуымен байланысы 9 сынып.

Сабақтың барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу, сабаққа дайындық.

Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Шаттық шеңбері».

Жаңа сабақтың мақсатын құру: оқушыларға төмендегі сызбаны көрсету.

Анаболизм Катаболизм

  • Сызбада екі үдеріс көрсетілген, осы үдерістердің бір-бірімен байланысын сипаттаңыз.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау.

Презентациялар

Сабақтың ортасы

(Ж.ж) (Б) Оқушылардан анаболизм және катоболизм үрдістеріне тән ерекшеліктеріне қарай үлестірме қағаздардағы сөйлемдерді екі топқа ажыратуды сұраңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Анаболизм және катаболизмүдерістердің анықтамасыз біледі;
  • Әр үдеріске сәйкес келетін ерекшеліктерді дұрыс жіктейді.

Жауаптардың кілтін тақтаға шығару, оқушылар бір – бірін тексереді.

(Ж,Ж.ж)(Б) Оқушылардан «Түртіп алу» алу әдісін қолдану арқылы, мәтінмен танысуды сұраңыз (ИНСЕРТ)

(Ж.ж) Оқушыларға метаболизм түрлері бойынша шағын тапсырмалар жинағын орындауға ұсыныңыз.

(Т) (Б) Оқушылардан анаболизм мен катоболизмнің байланысын көрсететін метоболизм туралы блок-схема құрастыруды сұраңыз.

(Ж.ж) Оқушыларға анаболизм мен катоболизм үрдістері туралы туралы Синквейн құрастыруды ұсыныңыз.

Презентация

Қосымша 1.

АП

Қсоымша 2.

Презентация

Қосымша 3.

Дәптер

Сабақтың соңы

Формативті бағалау жұмысы.

1.Метаболизмнің түрлерін біледі;

2.Анаболизм мен катаболизмге анықтама береді;

3.Анаболизм үдерісін сипаттайды;

4.Катаболизм үдерісін сипаттайды;

5.Метаболизмнің түрлерін өзара бір – бірімен салыстырады.

Рефлексия: плюс, минус қызықты.

  • Маған бүгін жаңалық болды?
  • Маған бүгін қызықты болды?
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды?

ФБ парағы

Стикерлер

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Оқу деңгейі жоғары оқушыларға тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Көмекті қажет ететін оқушыларға қосымша консультацияларды өткізуге болады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу