Менструалдық цикл. Менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы. Биология, 9 сынып, презентация.
9.3 B Көбею
Тақырыбы: Менструалдық цикл. Менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы.
ОМ:
9.2.1.4 - менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау
Аналық бездің сызбасы
Графов көпіршіктің дамуы,овуляция, сары дененің түзілуі мен редукцияға ұшырау кезеңдері ретімен көрсетілген (санмен белгіленген)
Аналық бездің түзілуі әйел адамның ағзасында туғанға дейін басталады.
Біріншілік жыныс жасушаларынан ұрықтың дамуы кезінде көп оогониилер түзіледі. Митоздық бөлінудің нәтижесінде оогонии бірінші реттік ооцитке айналады. Бірінші реттік ооциттер гранулезды жасушаның бір қабатымен жабылған және примордиалды фолликул деп аталатын құрылымды құрайды. Әйел жынысты ұрықта дүниеге келгенге дейін 2 млн. –ға жуық фолликула болады, бірақ оның 450 –нің ғана екінші реттік ооцитке айналуына және менструалдық цикл кезінде аналық безден босап шығуына мүмкіндігі болады. Ұрықтану кезеңінде ай сайын бір примордиалды фолликул граафов көпіршігі деп аталатын жетілген фолликулға айналады. Бұл ФЫГ (фолликул ынталандырушы гормон) әсерінен болады. Дамып келе жатқан әр фолликулда бірінші реттік ооцит жұмыртқа жасушаға дейін дамиды. Алғашқыда примордиалды фолликул бірінші реттік фолликулға айналады, бұл жасушаның сыртында аналық без стромасының жасушасынан теки деп аталатын қосымша қабат. Текидің сыртқы қабатында қантамырлар бар, олар стромаға құйылады. Текидің ішкі болігі гранулез жасушасы сияқты аналық жыныс гормонын бөледі. Фолликулда антрум деп аталатын сұйықтыққа толы кеңістік пайда болады. Енді бұл фолликул екінші реттік деп аталады. Эстроген фолликулдың өсуін ынталандырады да, соңында ол граафов көпіпршігі деп аталатын жетілген фолликулға айналады. Ұрықтану кезінде екінші реттік ооцит мейоздық бөлінуге ұшырап, нәтижесінде ірі жұмыртқа жасуша пайда болады.
Адамның жетілген граафов көпіршігі
Әйелдерде ер адамдардағы сияқты көбею гаметаларының реттелуінде гипаталамус пен гипофиз басты роль атқарады. Гипаталамус ФЫГ мен ЛГ бөлінуін ынталандыратын ГнРГ( гонадотропин-рилизинг гормон) бөледі. Өз кезегінде ГнРГ гипофиздің алдыңғы бөлігін, ФЫГ мен ЛГ(гонадотропин) гормонын бөлу үшін ынталандырады. Ал ФЫГ мен ЛГ гормондары гонадалардың (аталық және аналық) белсенділігін ынталандырады. Гормонның бөлінуі әр 28 тәулікте қайталанатын, циклды түрде жүреді. Етеккірдің бірінші күні жаңа циклдың басы болып табылады. ГнРГ гипофиздың алдыңғы бөлігінен ФЫГ бөлінуін ынталандырады. ФЫГ қанмен аналық безге жетеді.
Фолликуладан дамитын гранулез жасушалары аналық жыныс гормоны эстрогенді бөле бастайды. Эстроген стероидты гормон, циклдың бірінші жартысында фолликулдың өсуіне сәйкес, оның мөлшері де өседі. Эстроген екі мүшеге әсер етеді –жатырға және гипофиздің алдыңғы бөлігіне. Ол жатыр төсемі эндометрияның қалыңдауын ынталандырады. Эстроген гипофиздің алдыңғы бөлігінде ФЫГ-ның бөлінуін басады, осылай басқа фолликулдардың дамуын тежейді. Осылай әр циклда бір жұмыртқа жасуша овуляцияға ұшырайды. Циклдың ортасында қандағы эстрогеннің мөлшері жоғарғы деңгейге жетеді. Бұл кезде ЛГ бөлінеді.
Оогенездің гормональды реттелуі
Менструалды циклдың сызбасы
менструацияның басталуы →жатыр эпителиінің өсуі → жұмыртқа жасушаның овуляциясы → жұмыртқа жасушаның ұрықтануы немесе еруі (ыдырауы) → жүктілік немесе етеккір
ЛГ мен эстроген деңгейі максимумға жеткен кезде, ЛГ –нің әсерінен
аналық безде овуляция жүреді, яғни граафов көпіршігінен екінші реттік
ооцит босап шығады. ЛГ –ның максималды деңгейі, овуляцияның болу
уақытын нақты көрсетеді. Овуляция кезінде екінші реттік ооцит фолликула
қабырғасынан бөлініп, құрсақ қуысына түсіп, одан әрі фаллопиев түтігіне
түседі. Овуляцияға ұшыраған ооцит жасушасы ұрықтану жүргенше қорғаныш
қызметін атқаратын, zona pellucida деп аталатын қабатпен және
corona radiata деп аталатын, гранулез жасушасының қабатымен қапталған.
Қалған граафов көпіршігінің бөлігі ЛГ-ның әсерінен сары денеге айналады.
Сары дене эстроегнді бөлуін жалғастырады, сонымен бірге басқа гормон
прогестеронды бөледі. Прогестерон әсерінен жатыр қабырғасының қалыңдауы
жалғасады, сонымен бірге сүт безінің белсенділігін ынталандырады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде прогестерон ЛГ-ның және ФЫГ-ның бөлінуін
басады. Әйелдерде овуляциядан соң прогестеронның бөлінуі денеде
температураның көтерілуімен жүреді.
егер ұрықтану жүрмесе, онда сары дене дегенерацияға ұшырайды(ыдырайды),
Әдетте бұл циклдың 28 күні жүреді.Ол бұзыла бастағанда қандағы эстроген мен
прогестеронның деңгейі түсе бастайды. Эндометрия бұзылып, етеккір басталады.
Бұл келесі циклдың шамамен 5 күніне созылады.Аналық жыныс гормоны
Аталық жыныс гормоны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру