Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2C Координация және реттелу, биофизика | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу «Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу». | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 9.1.7.3 жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаттары | жүйке импульсінің пайда болуын сипаттау жүйке импульсінің өткізілуін сипаттау | |||||
Бағалау критерийлері | Жүйке импульсының пайда болу механизмін түсіндіреді Жүйке импульсінің өткізілуін сипаттайды | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
аксонның миелининді және миелинсіз қабықшаларын салыстыруды; Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жүйке импульсін жүргізу жылдамдығы …………………………............................................тәуелді Жүйке импульсінің пайда болу және жүргізу механизмі …………………………………………………….................. Миелининді және миелинсіз аксондардағы жүйке импульстерінің пайда болуы ........................................және...................................................жүргізілуі. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет: оқушылар сабақ кезінде өзіне және басқаларға кедергі келтірмейді, басқалардың пікірін соңына дейін тыңдайды. Мұғалім әр оқушының пікірін тыңдай отырып, кері байланыс береді. Академиялық адалдық: өзара бағалауда және өзін-өзі бағалаудағы адалдық. Өмір бойы оқыту: оқушының деңгейіне сәйкес тапсырмаларды өз бетінше орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындалған тапсырмалар бойынша өзіндік рефлексия орындайды. Ынтымақтастық: әркімнің ойының құнды қағидатын сақтау; өзара оқыту ортасын құру. Патриоттық және азаматтық ұстаным: қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардағы электр процестерін зерттеу кезінде физикамен пәнаралық интеграция | |||||
Алдыңғы білім | Жүйке жүйесінің типтері, жүйке жүйесінің қызметтері және оның құрылымдық компоненттері-7 сынып | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
Ой шақыру І.Интербелсенді тақтадан нейрондардың суреті көрсетіледі.Оқушыларға мына төмендегі сұрақ қойылады. 1.Екі нейронның құрылысында қандай айырмашылық байқалады? Нейронның түрлері сұралып, олардың қызметтерін талқылау. ІІ.:«Нейромышечный синапс» атты бейне жазба көрсетіледі. 2.Бұл бейне жазбада нені көрсетеді? Осы сұрақтарға жауап ала отырып сабақтың тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін қалыптастыру. |
https://www.youtube.com/watch?v=8HXmsAw5euo Таныстырылым:1-4 беттер. | |||||
Сабақтың ортасы | ||||||
І. Бейне жазба көру «Передача нервного импульса» ІІ.Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі ІІІ. Мұғалім термин сөздерімен жұмыс ұсынады. Терминдер: деполиризация, реполиризация,гиперполиризация, Миелин қабаты, Шванн жасушасы, Барлығы немесе ештеңе, Сальторлы қозғалыс, Табалдырық, Тыныштық потенциалы. Оқушылар дайын ресурс көздерінен тақырыпқа байланысты термин сөздердің мағынасын дәптерлеріне жазады. ІІІ.(Эксперимент) Оқушыларға жүйке импульстары жылдамдығын моделдеуді ұсыныңыз. «Жүйке импульсінің берілуі және пайда болу жылдамдығын зерттеуді» моделдеу. Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстайды және бірінші оқушы екіншісінің қолын қысады. Сонан соң олар шеңбер бойынша әрбір келесі оқушының қолын қысады. Осы тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт өлшенеді. Өткен аралық өлшенеді және оқушылар импульстың өту жылдамдығын есептейді. Оқушылар алдыңғы тапсырманы көзін жауып қайталайды, және содан соң алған нәтижелерін алдыңғы зерттеу нәтижелерімен салыстырады. Сұрақтар 1.Жүйке импульсінің берілуі қалай жүреді? 2.Оның жүруі үшін қажетті факторлар қандай болуы мүмкін? 3.Оның жылдамдығы қандай болуы мүмкін? 4.Бірінші және екінші эксперименттің нәтижелерін салыстырып және олардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз? | «Передача нервного импульса» https://www.youtube.com/watch?v=x5lR0HxoH4I Таныстырылым 6-37 беттер Қосымша 1-2-3 Таныстырылым 38 бет
Таныстырылым 39-40 беттер | |||||
Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы орындалады. Тапсырмалар 1.Жүйке импульсінің пайда болу механизмін түсіндіру. 2.Негізгі фазаларды көрсетіп, жүйке импульсінің аксон бойымен таралуының «мылқау» графигін жазып шығу 3. Жүйке импульстарының жүру ретін көрсету 4. Жүйке импульсының өту жылдамдығына тәуелді факторларды сипаттау. 5. Миелинді және миелинсіз нейрондардаға сәйкес келетін сипаттамаларды анықтау. | Қосымша 4 | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Сабақта алған сіз үшін ең маңызды ақпарат? Сабақ кезінде қиындық тудырған мәселе? Тағы нені көбірек білгіңіз келеді? | \ | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушыларға ақпартпен жұмыс барысында көмек көрсетіледі Жеке жұмыс барысында жетелеуші сұрақтар қойылады Оқушыларға бірдей тапсырманы әртүрлі түрде орындауына мүмкіндік беріледі. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Сұрақ жауаптар, түсіндірмелер, тапсырмалар барысында және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма арқылы жүзеге асырылады | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру