Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1В Математикалық статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3.4 - таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

  Бағалау критерийлері

  • дискретті және интервалды вариациялық қатарларды біледі;
  • берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды;
  • вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады;
  • Пәнге қатысты лексика мен терминология
  • бас жиын және таңдама;
  • дискретті және интервалды вариациялық қатарлар;
  • дискретті кездейсоқ шама;
  • математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы;
  • дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы.
  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңмүмкіндікті оқиғаның жалпы санының оқиғаның орындалу санына қатынасы ... ;

- жасалған тәжірибелер жалпы санының тәжірибенің сәтті орындалу санына қатынасы ... ;

- таңдама элеметтерінің мәндерінің көбейтіндісін олардың салыстырмалы жиілігіне көбейту ... ;

  Құндылықтарды дарыту

Ұжымдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 Жаһандық азаматтылыққа

тәрбиелеу

Тақырыптың жан-жақтылығын әр түрлі халықаралық әдебиеттерден тапсырмалар беру арқылы көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, экономика

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен, графикалық калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Статистика элементтерін білу: салыстырмалы жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Ықтималдық теориясының элементтерін білу: ықтималдықтың классикалық анықтамасы, математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1.Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық ортаны құру.

2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

17 мин

3.Оқушылардың білімін жандандыру

Полигон ,гистограмма, дисперсия және статистикалық қатардың стандарттық ауытқу ұғымдарын қайталау.

Оқушылар статистика бөлімі бойынша қайталайды. Бірін-бірі толықтырады.

4-11 слайдтар.

4.Жұптық жұмыс

Берілген деректер бойынша таңдалымның орта мәнін дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқуын есептейді. Жиіліктер гистограммасы мен полигонын салады.Мұғалім таңдалым сипаттамаларының дұрыс табылғанын және полигон мен гистограмманың дұрыс салынуын әр жұпта бағалайды.

Дескриптор

  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

5.Жеке жұмыс

Таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын есептейді , полигон ,гистограмма салады

Дескриптор

  • Үлестірім қатарының полигонын салады
  • Үлестірім қатарының гистограммасын салады
  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

Бағалау: оқушылар жеке жұмыс қорытындысы бойынша өзін-бірі бағалайды.

Одан әрі мұғалім бағалау критерийлері бойынша кері байланыс береді.

https://www.matburo.ru/ex_ms.php?p1=msv

Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учеб. пособие для вузов. – 9-е изд., стер. – М.: Высш шк., 2003. – 479с.: ил

ISBN 5-06-004214-6

Сабақтың соңы

  • мин

6.Сабақты қорытындылау

7.Үй тапсырмасы

8. Рефлексия.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация күрделендіру принципі бойынша жүргізіледі.

Материалды меңгеру деңгейін тексеру жеке, жұптық жұмыс кезінде өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы арқылы жүргізіледі.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу