Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім:

Математикалық статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

11.3.3.1 - дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдейді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдей алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • модальды етістіктер және шартты сөз тіркестері арқылы тепе-теңдіктің бастапқы мәселе деңгейлерінде мәліметтерді ауызша сипаттайды,

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рет;
  • реттеу;
  • деректер жиыны;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Жалғыз мүмкін тәсіл … болуы мүмкін.
  • Орындауға болатын тағы бір іс-әрекет … болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді, жұптық жұмыс арқылы пікір алмаса білуге дағдыландырамын.

Пәнаралық байланыстар

Статистика мен ықтималдық бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б

АКТ қолдану дағдылар

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Ықтималдық. Қарапайым ықтималдықтарды түсіну және есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

2 минут

5 минут

I. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

II. Үй жұмысын тексеру.

Бағалау типі: өзара бағалау.

Бағалау критерийлері

Сабақтың ортасы

15 минут

15 минут

III. Жаңа сабақ.

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету

Дискреттік және интервалды вариациялық қатарлардың негізгі ұғымдарын енгіземіз.

Қандай да бір сұрақтарды қарастыру зерттеулерінде мүшелері әр түрлі мәндер қабылдайтын (бірдейлермен қатар) жиынтықтармен кездесіп қалуға мәжбүрміз. Белгі мәндерінің мұндайөзгергіштігін оның құбылмалылығы дейді.

Белгі мәндерінің қатарын немесе мәндері кему не өсу ретімен орналасқан біртекті заттарды немесе құбылыстарды жаппай зерттеу нәтижесінде сәйкес жиіліктерімен (немесе қатыстық жиіліктерімен) алынған варианталар қатарын вариациялық қатар дейді.

Егер вариациялық қатарда белгі (варианта) мәндері жеке нақты сандармен берілген болса, онда мұндай қатарды дискретті қатар дейді.

Егер вариациялық қатарда белгі (варианта) мәндері интервалдар түрінде берілген болса, онда мұндай қатарды интервалдық деп атайды. Егер интервалдық вариациялық қатарда тізбектей орналасқан екі интервалда бір интервалдың белгісінің жоғарғы шектік мәні екіншісінің төменгі шектік мәніне тең болса, онда шартты түрде бұл сан екінші интервалға тиісті деп есептейміз. Интервалдың жоғарғы және төменгі шекараларының айырмасын осы интервалдың ені деп атаймыз.

Тағы да жинақты (кумулятивті) вариациялық қатарлар да қарастырылады. Мұндай қатарларда нақты варианталардың (немесе интервалдардың) жиіліктерінің немесе қатыстық жиіліктерінің орнына жинақталған жиіліктер жазылады. Интервалдың ni жиілігінің осы интервалдың hi еніне қатынасы і-ші интервал үлестірімінің абсолютті тығыздығы деп аталады. Оны рі символымен белгілейміз: .

і-ші интервал үшін πi үлестірімінің қатыстық тығыздығы деп, интервалдың қатыстық жиілігінің оның еніне қатынасын айтады: .

IV. Жеке жұмыс. Білімді бекітуге арналған есептер. Қажеттілікке қарай оқушыларға дескриптор ұсыну.

Тапсырманы саралау типі: күрделендіру

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсыныңыз.

Өзара тексеруді ұйымдастырыңыз. Оқушалрдың көпшілігінде қиындық туғызған тапсырманы бірігіп талдаңыздар.

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

2 минут

V. Үй жұмысы.

VI. Рефлексия.

Қосымша 4

Презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Жаңа тақырыпты меңгеру барысында саралау тәсілі – диалог және қолдау көрсету қолданылады. Білімді бекіту барысында саралау типі күрделендіру қолданылады.

Оқушыларды топқа бөлу барысында алдыңғы 10 сыныптан статистика, ықтималдық және комбинаторика туралы білетіндерін еске түсіріп, оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап өтеді. Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында диалог арқылы оқушылардың бойындағы қажетті білімді қолдану арқылы ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданады

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыруға әрекет жасау, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануына қол жеткізуге талпыну.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылардың басым көпшілігі оқу мақсатына қол жеткізді. Оқу мақсатына жетпеген оқушыларға үйге қосымша тапсырмалар берілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу