Тригонометрия. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


10-сыныптағы Алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.

Сабақ №2

Мектеп: Семей қаласының ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тригонометрия. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3 - тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялардың графиктерін, қасиеттерін біледі, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешеді;

10.3.1 комбинатарика формулаларын қолданып есептер шығарады;

10.3.2. ықтималдықтардың қасиеттерін қолданып кездейсоқ оқиғалардың ықтималдықтарын есептейді;

 Сабақ мақсаттары:

  • Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталау;
  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін қайталау;
  • Комбинаторика мен ықтималдықтар теориясының негіздерін қайталау.

 Бағалау критерийлері:

  • Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі және графиктерін салады;
  • Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі және графиктерін салады;
  • Тригонометриялық теңдеулерді шешеді;
  • Тригонометриялық теңсіздіктерді шешеді;
  • комбинатарика формулаларын қолданып есептер шығарады;
  • Ықтималдықтардың қасиеттерін қолданып кездейсоқ оқиғалардың ықтималдықтарын есептейді;

 Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсаттар: используют правильные математические термины и описывают тригонометрические и обратнотригономические функции.

Пәндік лексика және терминология: функцияның анықталу облысы, функцияның мәндер облысы, периодтылығы, кері тригонометриялық функция, бірлік шеңбер, орналастыру, теру, кездейсоқ оқиға.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Тригонометриялық теңдеулердің шешімдері олардың бір шешіміне периодтың бүтін мәнін қосқаннан/азайтқаннан шығады, себебі ........

Комбинаториканың есептерін шығаруда таңдалынған элементтердің орналасу ретінің ескерілуі немесе ескерілмеуі маңызды болып табылады, себебі.....

Кездейсоқ оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуде олардың өзара тәуелсіздігі маңызды рөл атқарады, себебі.....

 Құндылықтарды дарыту:

Денсаулық, сыйластық және бірлесе жұмыс істеу

 Пәнаралық байланыстар:

АКТ (презентация РРТ), физика, архитектура, құрылыс, геодезия

 АКТ қолдану дағдылары:

Оқу материалдарын меңгеру мақсатында интернет ресурстарын қолдана алу қабілеті.

Бастапқы білім:

Теңдеудің түбірлері, туынды табу, функцияны зерттеу..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

15 мин

20 мин

10-сыныпта өткенді қайталау.

Мұғалім келесі тақырыптарды қайталайды:

  • Сүйір бұрыштың тригонометриялық функциялары;
  • «Сүйір» бұрыштың тригонометриялық функцияларының кестелік мәндері;
  • Тригонометриялық функциялардың графиктері;
  • Кері тригонометриялық функциялар;
  • Тригонометриялық теңдеулерді шешу;
  • Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
  • Комбинаторика негіздері;
  • Ықтималдықтардың қасиеттері;

Жаңа тақырыптарды бекіту.

Жеке жұмыс. №1 тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Жұптық жұмыс. Кері тригонометриялық функциялардың анықталу облысы. №2 (і) тапсырма.

Жеке сараланған жұмыс. Кері тригонометриялық функциялардың мәндер облысы. №2 (іі) тапсырма.

Жұптық жұмыс. №3 тапсырма. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешіңіз.

Оқушыларға сұрақтар:

  • Тригонометриялық теңдеулерді шешудің қандай әдістерін білесіздер?
  • Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу кезінде қандай қиындықтар туындайды?

Жұптық жұмыс. №4 тапсырма. Комбинаторикаға берілген есептер.

Жұптық жұмыс. №5 тапсырма. Ықтималдықтарға берілген есептер.

3-17 слайд

Приложение №2

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы. 1, №2

Рефлексия

  • Біз нені қайталадық
  • Қай тапсырма сізге қызықты болды?
  • Қай жері қиындық тудырды?

2-қосымша. (2-бет)

18-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері. АКТ-ні қолдану. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушылар топта жұмыстануы арқылы бір-біріне ойларын еркін жеткізіп, қабілеті жоғары оқушылар өзіне сенімсіз оқушыларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар өз ойларын жеткізу, талдау арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін көрсетеді.

АКТ-ні қолдану: Презентация - Power Point.

Құндылықтар: Бір-бірі тыңдау, қолдау, көмектесу.

РефлексияСабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма?

Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу