Алғашқы функция. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

________

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4С Қисап III

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алғашқы функция.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.5.1.17 интегралдауды дифференциал-дауға кері процесс ретінде түсіну

11.5.1.18 алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын білу;

11.5.1.20 y = axn ( n≠-1) түріндегі функцияның анықталмаған интегралын және осы түрдегі функциялардың сызықтық комбинацияларының интегралын табу;

Сабақ мақсаттары

  • интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінy
  • алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын білу;
  • y = axn ( n≠-1) түріндегі функцияның анықталмаған интегралын және осы түрдегі функциялардың сызықтық комбинацияларының интегралын табу;

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді
  • - алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын біледі;
  • - y = axn ( n≠-1) түріндегі функцияның анықталмаған интегралын және осы түрдегі функциялардың сызықтық комбинацияларының интегралын табады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар анықталмаған интегралды анықтауды сипаттау үшін көбейтіндінің туындысы, интегралдау ережелері, бөліктеп интегралдау формуласы, айнымалыны ауыстыру сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады.

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлемдерді орынды қолданады.

- Анықталмаған интегралды табу үшін алғашқы функцияның қасиетін қолданамыз …

- Берілген анықталмаған интегралды … әдісімен табуға болады.

- Қисық сызықты трапецияның ауданын табу үшін …

- Айналу денесінің көлемін табу үшін …

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Физиканың қолданбалы есептерінде қолданылады. Лездік жылдамдық пен үдеуді табу есептерімен тығыз байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Анықталмаған интегралға байланысты есеп жауаптарын https://www.mathsolution.ru/math-task/indefinite-integral

онлайн калькулятормен тексереді, https://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Calc/05%20-%20Integration%20by%20Parts.pdf сайтынан тапсырма іріктейді.

Бастапқы білім

Дифференциалдау ережелері, интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсіну туралы білімі, дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ және М

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдеседі. Сынып тазалығына назар аударады. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

2. Миға шабуыл ( өткенді қайталау).

Мұғалім: «Балалар, қосу, азайту, дәрежелеуге, дифференциалдауға кері амал қандай?» -деп сұрақ қоя отырып оқушылардың назарын сабақ мақсатына бұрады.

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

Ұ

5 минут

5 минут

М және Ұ

10 минут

5минут

М

8 минут

1. Физикалық мағынасына байланысты есеп қарастырылады. Мысалдар қарастырылу арқылы алғашқы функцияның геометриялық мағынасы ашылады.

2. функцияcының алғашқы функциясы оқушылармен бірге талқылау арқылы қорытып шығарады.

3. Ұжымдық тапсырма орындалады. №1,2,3 тапсырмалар

Бағалау: өзін-өзі бағалау орын алады.

4. Алғашқы функция анықтамасы енгізіледі. Мысалдар қарастырылады. «Борды бер» әдісі бойынша тақтада тапсырмалар орындалады. Бір оқушы тақтаға шығып есеп шығарады, екінші оқушы дескриптор бойынша тексереді, өз есебін шығарады. Үдеріс осылай жалғасады. №4

Дескриптор

- алғашқы функция кестесін қолдана алды;

- алғашқы функциялардың жалпы түрін дұрыс жаза алды.

Бағалау: бір-бірін бағалайды және кері байланыс береді.

Практикалық есепті шешу

Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Үйге тапсырма №2 практикалық есеп

5, 6 слайдтар

9,10,11 слайдтар

15 слайд

16-17 слайд

Сабақтың соңы

2 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • I – interactive Мен нені бұрын білдім?
  • N – nothing Мен нені білмедім?
  • S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім?
  • E – effective Бұл қаншалықты тиімді?
  • R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет?
  • T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін?

2. Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Тереңдету қағидасы бойынша физикалық қолданбалы бағыттағы тапсырма үлестіріледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT техникасы қолданылады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі.

Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу