Туындыны табу ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Функцияның шегі және үзіліссіздік

Мектеп: ХББ НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джургабаев С.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туындыны табу ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.21 дифференциалдау ережелерін білу және қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • дифференциалдау ережелерін біледі және қолдана алады.
  • дифференциалдау техникасын меңгереді.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • дифференциалдау ережелерін біледі және қолдана алады.
  • дифференциалдау техникасын меңгереді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • дифференциалдау тәсілдерін сипаттауды түсінеді және қолданады;
  • интегралдау әдістерінің түрлері туралы айта алады;
  • туныды көмегімен функция графигін сипаттайды;

туынды мен интегралды табу қадамдарын сипаттауға дұрыс математикалыұ терминдерді қолданады.

 Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • күрделі функция;
  • күрделі функцияның туындысы;
  • бөліндінің туындысы ережесі;
  • көбейтіндіні дифференциалдау ережесі;
  • дифференциалдау;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • …болғандықтан, бұл функцияны дифференциалдауға көбейтіндіні дифференциалдау ережесін қолдануға болады;
  • егер болса, онда функция графигі…
  • егер болса, онда функция ….

туынды көмегімен функция графигін салу үшін…

 Құндылықтарды

 дарыту

Ортақтаса жұмыс істеу арқылы өзінің ортадағы қажеттілігін түсіну; өз бетімен жұмыс істеу дағдысы, мәселелерге сыни тұрғыдан ойлау дағдысы.

 Пәнаралық

 байланыстар

Алгебралық есептеулер жасайды

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың басы

(2 мин)

Оқушылардың сабаққа дайындығын нақтылайды

Оқушылармен бірге оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін нақтылайды

Оқушылардың сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін түсінгендігін нақтылайды

Сабақтың тақырыбына қатысты жағдаяттар туындатады

Мұғалім сұрақтарына жауап береді

Мұғаліммен бірге оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды

Мұғалімнің айтқандарын дәптерлеріне жазып отырады

Сабақтың басы

(2 мин)

Бастапқы білім

Туынды табу ережелері бойынша «теңгерім дөңгелегін» толтыртып алыңыз

Үлестірме материалдар

Жаңа сабақ материалы

Топтық жұмыс (17 мин)

Оқушыларға топтарға бірігулерін ұсыныңыз.

Әр топқа шектің қасиеттерін дәлелдеуді және өз нәтижелерін жалпы сыныпқа көрсетулерін ұсыныңыз.

Проблемалық сұрақтар қояды

Тапсырманы орындауға оқушыларды ынталандырады

Топтық жұмыстың орындалу барысын бақылайды

Топтық жұмыс нәтижесі бойынша

Топтық талқылаулардың нәтижелерін бағалайды

Топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырады

Қосымша 1

Топтық талқылауға қатысады

Топта жұмыс жасайды

Топтық жұмысты қорғайды

Бірін-бірі бағалайды

Жұптық жұмыс (17 мин)

Оқушыларға жұптарда туындыны қолдану ережелері дағдыларын қалыптастыруға таспсырмалар беріңіз

Оқушылардың ойын жинақтауға көмектесетін бағыттаушы сұрақтар қояды

Қосымша 2

Тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасайды

Жұптық талқылау жасайды

Тапсырмалардың нәтижелерін салыстырады

Оқулықпен жұмыс жасайды

Қосымша есептер

Дарынды оқушыларға қосымша тапсырмалар беру

Оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынады

Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарын ұйымдастырады

Қосымша 3

Қосымша тапсырмалар орындайды

Өзін-өзі бағалайды

Рефлексия

(5 мин)

Оқушылар «теңгерім дөңгелегін» толтырады. Оқушылар жетістік критерийлері бойынша таңдау жасайды, неге ? деген сұраққа жауап береді.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді, бағалайды

Сабақ бойынша өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды

Жетістік критерийлері бойынша өзін- өзі бағалайды

Сабақтың соңы

(2 мин)

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын орындауға түсініктеме береді

Қосымша 4

Үй тапсырмасын жазып алады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Функция дифференциалының анықтамасын беріңіз. Функцияның қандай да бір х нүктедегі дифференциалы деп, функция өсімшесінің негізгі сызықтық бөлігін айтамыз.

y = f(x)функциясының дифференциалы өзінің туындысының тәуелсіз айнымалының x(аргументтің) өсімшесіне көбейтіндісіне тең. Дифференциалдың әртүрлі жазылуын көрсетіңіз:

немесе немесе .

Оқушылармен дифференциалдың геометриялық мағынасын талдаңыз, сосын өздеріне дифференциалды анықтауды ұсыныңыз.

1) ; 2) у = 3х3- 5х +1;

Дифференциалдың барлық негізгі қасиеттерін көрсетіңіз:

dC = 0,  (С – тұрақты шама) 

Оқушыларға жұптарда алдын ала талқылап қисап 1-дегі туындыны есептеу ережелерін жазуды ұсыныңыз. Өткенді қайталап болғаннан кейін, туындыны есептеу ережесін беріңіз. Егер бізге бастапқы фукнция белгілі болса, онда ол бойынша оның туындысын таба аламыз. Алгебрада туындыны, немесе дифференциалды анықтаудың көптеген жеткілікті ережелері бар. Егер с – тұрақты сан, және f(x), g(x) – қандай да бір дифференциалданатын функциялар болса, онда дифференциалдаудың келесі ережелері орындалады:

Тұрақты ережесі

y= C =>y' = 0

y = (Cf)' = C (f)'

Қосу ережесі

y= f(x) + g(x) =>y' = f '(x) + g'(x)

Көбейту ережесі

у = (fg)' =f' g+g'f

Бөлу ережесі

Туындының анықтамасы мен дифференциалдау ережелерінің негізінде негізгі элементар функциялардың кестесін құруға болады.

f(x)

f '(x)

f(x)

f '(x)

С

0

sin x

cos x

ха

аха-1

cos x

– sin x

ах

ахlna

tg x

ех

ех

ctg x

log a x

arcsin x

arcctg x

arccos x

arctg x

 

Туындыны есептеу ережелерінен басқа келесі ережелерді есте сақтаңыз:

1. дәрежесі жоқ айнымалы – ол бірінші дәрежелі айнымалы (x = x1);

2. нөлінші дәрежелі айнымалы – ол бір (x0 = 1).

Мысалы, функцияның туындысын табайық:

y = x2+ 3x - 10

y' = (x2+ 3x – 10)' = (x2)'+ (3x)' – 10'=2x2-1+ 3x1-1- 0 = 2x1+ 3x0= 2x+ 3

оқушылар жұптарда жұмыс жасай алады және 2x, 3x,4x (калькуляторда градиенттік функцияны пайдаланып) графиктерін салады жәнеградиенттерінің графиктерін салады. Оқушылардан өз нәтижелерін жазуды ұсыныңыз.

Қосымша 3

Оқушыларға жұптарда туындыны қолдану ережелері дағдыларын қалыптастыруға таспсырмалар беріңіз

Туындысын табыңыз:

Қосымша 4

Қосымша 5

Туындысын табыңыз:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу