Функцияның шексіздіктегі шегі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Функцияның шегі мен үздіксіздігі. | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Темербаева Б.Д. | |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның шексіздіктегі шегі | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.9 функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын біледі. Оны есептей алады | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері | Білу: функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын біледі; Түсіну: функцияның плюс шексіздікке және минус шексіздікке ұмтылғандағы шеек ұғымын түсінеді; Қолдану: есеп шығару барысында функцияның шексіздікке ұмтылғандағы шегінің қасиеттерін қолдана алады; | |||||||
Құндылықты дарыту | Жұппен және топпен жұмыс кезінде: -коммуникативті қабілетін, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етеді; -тапсырманы талдау барысында әртүрлі көзқарастарды тыңдай білу; -талдай, бәсекелес білу дағдыларын дамыту. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -функцияның шексіздіктегі шегін анықтайды; -айнымалының қандайда бір нүктеге жақындағандағы функцияның мәнінің өзгерісін сипаттай алады. Пәнге тән лексика мен терминология
үзіліс нүктесі… . -шексіздік Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -функцияның шексіздіктегі шегі; - функцияның нүктедегі шегі; - шексіздікке ұмтылу; -плюс шексіздікке ұмтылғандағы функцияның шегі; -минус шексіздікке ұмтылғандағы функцияның шегі; -Функцияның мәні ұмтылады … . -Функцияның шексіздіктегі шегі … тең. - Шексіздіктегі шекті анықтау … туралы айтылады. - Шектерді көбейтіндісі …. тең. -Шектердің қосындысы … тең. -Тұрақты көбейткішті шеек таңдасының … шығаруға болады. | |||||||
Пән аралық байланыс | Физика, математикалық анализ | |||||||
Бастапқы білім | -Берілген сабақ функцияның нүктедегі шегін анықтау сабағының жалғасы болып табылады. Бұл фукцияның нүктедегі шегі туралы білімдеріне негізделеді. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 мин
5 мин 5 мин | 1.Ұйымдастыру сәті. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақтың мақсатын хабарлау. 2. Білімді өзектендіру. Мақсаты: жаңа материалды меңгеруге дайындық мақсатында оқушылардың бұған дейінгі білімдерін тексеру Сипаты: Мұғалімнің іс-әрекеті: Фукцияның нүктедегі шегінің анықтамасы мен қасиеттерінің үзіндісі жазылған топшамаларды үлестіреді. Анықтама мен қасиеттерді толықтыру сұралады, соңында интерактивтік тақтада толық жауап көрсетіледі. Оқушының іс-әрекеті: топшамадағы түсіп қалған сөзді толықтырады, тексереді, қатесі болса дұрыстайды. Оқушылар анықтама мен қасиетті ауызша айтып шығады. Бағалау: өзара бағалау, мадақтау, ынталандыру 3. Сабақтың мақсатын хабарлау Мақсаты: оқушыларды сабақтың мақсатын тұжырымдауға бағыттау. Сипаты: Мұғалімнің іс-әрекеті: «Шексіздік деген не?» деген тақырыпта әңгімелеседі. Оқушының іс-әрекеті: Әңгімеге белседі қатысады, шексіздікке өмірден әртүрлі мысалдар келтіреді, сабақтың мақсатын анықтайды, мұғалімнің жетелеуімен бағалау критериін құрады Бағалау: ынталандыру, мадақтау. Әңгімелесудің қысқаша нұсқасының мысалын (Қосымша1-ден қараңыз) | Презентация Презентация Қосымша №1 | ||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 3 мин 5 мин
7 мин | 4. Жаңа материалды меңгеру. Мақсаты: Оқушылардың функцияның шексіздіктегі шегімен және оның қасиеттерімен таныстыру. Сипаты: 4.1. Видео-сабақ қарау: «Функцияның шексіздіктегі шегі» Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың видео-материалды зейін қойып қарауын қадағалау, қажет болса тоқтатып, оларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазып алуға мүмкіндік беру. Оқушының іс-әрекеті: плюс шексіздікке, минус шексіздікке ұмтылғандағы функцияның анықтамасын зейін қойып тыңдап, мысалдарды дәптерлеріне жазып отырады. 4.2. Жұпқа және топқа бөлу. Мақсаты: Сабақ барысында жұптық және топтық жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларды жұпқа және екі топқа бөлу. Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім өз столына топшаларды қояды. Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар мұғалімнің үстел үстінен бір топшаманы таңдайды. Топшамалардың бірінде функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерінің бір бөлігі, ал келесінде қасиеттің екінші бөлігі жазылған. Олар бір-бірімен сәйкестендіріп, жұптарға бөлінеді. Әр жұп қасиеттерді тұжырымдап, тақтаға жазады. Қасиеттердің сол жақ бөлігі бір топ, ал екінші бөлігі екінші топқа бөлінеді. 4.3. Топтық жұмыс. Сипаты: Оқушылар екі топқа бөлінген. Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушыларға тапсырмалар беріледі: 1 групп : 1-мысалды талдайды; 2 групп : 2-мысалды талдайды; Оқушының іс-әрекеті : топтың ішінде мысалдарды талдап, екінші топқа шығару жолын түсіндіреді. Бағалау: Топтың жұмысын бағалайды. Бағалау критериін оқушылар өздері құрастырады. Топ жұмысын бағалау критериі: 1.Ауызбіршілік 2. Жинақтылық 3.Сенімділік 4.Нәтижелілік 5. Жаңа материалды бекіту. Есептер шығару. Сипаты: оқушылар жұбымен бірге тапсырмаларды орындайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың жұмысын баққылау, қажетті жағдайда бағыт-бағдар беру. Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы жазбаса дәптеріне орындайды және жұп ішінде талқылайды. Бағалау: өзара бағалау | https://www.youtube.com/watch?v=zm-pz_p4twg Презентация Қосымша № 2 Қосымша № 3 | ||||||
3 мин | 6. Сабаққа қорытынды жасау. Рефлексия «Синквейн» Мақсаты: оқушылардың сабақ барысындағы әрекеттеріне талдау жасауға көмек беру. Рефлексия «Синквейн» Синквейн сөзі француз тілінен алынған бес деген мағынаны білдіреді, яғни синквейн – бес жолдан тұратын тақпақ. 1-жол – синквейн тақырыбы – басты ойды білдіретін бір сөз, әдетте ол зат есім; 2-жол – негізгі ойды анықтайтын екі сын есім; 3-жол – тақырып шеңберінде әрекетті анықтайтын үш етістік; 4-жол – синквейн тақырыбына бір фраза; 5-жол – тақырыптың мазмұнын анықтайтын бірінші жолмен байланысты зат есім. Үйге тапсырма: №280,»282,№283 | .Виленкин Н.Я. Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып: жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқулық | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Формативті бағалауда және үй жұмысында тапсырмаларды беруде дифференциялдау қолданылады. | Формативті бағалау сабақтың әркезеңінде жүргізіледі: сабақтың басында, топтық жұмыста, жұптық жұмыста сабақ соңында өз-өзін бағалау. | Ақпаратпен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту. | ||||||
Қосымша №1
Ребята, давайте посмотрим, что такое предел функции на бесконечности?А, что такое бесконечность?Бесконечность — используется для характеристики безграничных, беспредельных, неисчерпаемых предметов и явлений, в нашем случае характеристика чисел.Бесконечность – сколь угодно большое(малое), безграничное число.Если рассмотреть координатную плоскость то ось абсцисс(ординат) уходит на бесконечность, если ее безгранично продолжать влево или вправо(вниз или вверх
Мысалы санында үтірден кейін таңбалар саны шексіз жалғаса береді.
Шексіздік белгісі:.
Сонымен, бүгін нені үйренеміз:
1. Шексіздік дегеніміз не? 2. Шексіздіктегі функцияның шегі 3.Плюс шексіздіктегі функцияның шегі. 4. Минус шексіздіктегі функцияның шегі.
5. Қасиеттері.
6. Мысалдар:.
Қосымша №2
1-мысалЕсептеңіз:
Шешімі: Бөлшектің алымы мен бөлімін х-ке бөлеміз. Бөліндінің шегін шектердің бөліндісі болатын қасиетін қолданамыз:Сандық тізбектің шегі туралы түсінікті еске түсіреміз: бұдан:
2-мысал
х шексіздікке ұмтылғандағы y=f(x) функциясындағы шегін анықтаңыз:Шешімі:Бөлшектің алымы мен бөлімен х-тің үшінші дәрежесіне бөлеміз.
шексіздіктегі шектің қасиетін қолданамыз:алымының шегі 5-0=5; Бөлімінің шегі: 10+0=10 тең
3-мысал
шексіздікке ұмтылған шекті анықтаңыз:Бөлшектің алымы мен бөлімін х-тің үшінші дәрежесіне бөлеміз:шексіздіктегі шектің қасиеттерін қолданамыз: Алымының шегі 0 –ге тең. Бөлімінің шегі: 8-ге тең.
Қосымша №3
1) х минус шексіздікке ұмтылғанда функция 3-ке тең және х плюс шексіздікке ұмтылғанда функция 7-ке тең болатын үздіксіз y=f(x) функцияның графигін тұрғызыңыз .
2) Өспелі және х плюс шексіздікке ұмтылғанда функция 5-ке тең болатын үздіксіз y=f(x) функцияның графигін тұрғызыңыз .
3) Шекті анықтаңыз:4) Шекті анықтаңыз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру