Теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат, рационал теңсіздіктерді шешуді және теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешуді қайталайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздіктерді шешеді;
  • Рационал теңсіздіктерді шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Теңсіздіктер жиынтығын шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды;
  • айнымалының мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктерді (теңсіздіктер жүйесін) құруды түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік;
  • рационал теңсіздік;
  • бөлшек-рационал теңсіздік;
  • теңсіздікті шешу;
  • теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу;
  • теңсіздіктер жиынтығы, теңсіздіктер жиынтығын шешу;
  • функцияның нөлдері, таңба тұрақтылық аралықтары;
  • теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы және бірігуі;

интервалдар әдісі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ... үшін функция мәндері теріс емес;
  • ... үшін функция мәндері оң;
  • теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады;
  • теңсіздіктер жиынтығының шешімі ... болады;
  • ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз;
  • параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз;
  • таңбалардың алмасу қасиетін қолданып ... анықтаймыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Оқушылар «Теңсіздіктер» бөлімін 4-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылармен теңсіздіктер ұғымын, оның негізгі қасиеттерін, теңдеу мен теңсіздіктің айырмашылығы жайлы сөз қозғайды.

Презентация

Слайд 1

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-30 мин

30-38 мин

  • Квадрат теңсіздіктерді шешу

Мұғалім оқушылармен квадраттық теңсіздіктерді шешу тәсілін қайталайды. Бірнеше тапсырманы толық шешімімен слайдта бейнелеп көрсетеді.

Осыдан кейін оқушыларға осы тақырыптарға байланысты тапсырмаларды орындау ұсынылады. Тапсырмалар оқушылардың жеке жұмыс істеуіне бағытталған, бірақ олар жұпта немесе бүкіл сыныппен талқылау жүргізе алады. Мұғалім оқушылардың сұрақтары болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді.

№1 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- Квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;

- Функция графигінің сұлбасын салады;

- Теңсіздіктің жауабын жазады.

4. Рационал теңсіздікті шешу.

Мұғалім рационал теңсіздік деп қандай түрдегі теңсіздіктерді қайталайды. Сонымен қатар, оқушыларға рационал теңсіздікті шешу тәсілі 1-2 мысал арқылы слайд бойынша бейнеленеді. Оқушылар қосымшада берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың шығару жолдары және жауаптары бүкіл сыныппен талданады. Мұғалім оқушылардың жауаптары әртүрлі болғанда немесе сұрақтар болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді. Жауаптар дескрипторлар бойынша бағаланады.

№2 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- теңсіздікке көбейтілетін көбейткішті дұрыс анықтайды;

- теңсіздікке қажетті түрлендірулерді дұрыс жүргізеді;

- теңсіздіктің бір жағын көбейткіштерге дұрыс жіктейді;

- түбірлерді дұрыс анықтайды;

- интервалдардың таңбаларын дұрыс анықтайды;

- теңсіздіктің жауабын дұрыс жазады.

5. Теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешеді.

Мұғалім оқушылардан жүйе мен жиынтық ұғымдарының айырмашылығын сұрайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын слайдтағы ақпаратты қолданып толықтыра алады. Осыдан кейін оқушылар теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешуге тапсырмалар орындайды.

№3 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- жүйедегі/ жиынтықтағы теңсіздіктерді дұрыс шешеді;

- сан аралықтарын дұрыс қиылыстырады/ біріктіреді;

- Жүйе/ жиынтық жауабын дұрыс жазады.

Презентация

Слайд 2-5

Қосымша 1

Презентация

Слайд 6-8

Қосымша 1

Презентация слайд 9-11

Қосымша 1

Сабақтың соңы

    • мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу