Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқу мақсаты: 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- Есептің шарты бойынша теңсіздіктер жүйесін құрады;
- Сызықтық және квадрат теңсіздіктерді шешеді;
- Теңсіздіктер жүйесін шешеді.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Қайталау.
- Теңсіздіктер жүйесі арқылы геометриялық есептерді шешу.
- Теңсіздіктер жүйесі арқылы функцияның анықталу облысын табу.
- Теңсіздік арқылы мәтіндік есепті шешу.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Мысал 1: ABCD бақшасы трапеция пішіндес (сурет).
Ұзындықтар метрмен көрсетілген. А және В бұрыштары – тік бұрыштар.
а) Бақшаның ауданы квадрат (шаршы) метрге тең болатынын көрсетіңіз.
Шешуі:
b) Бақшаның АВ ұзындығы 32 метрден кем.
Бақшаның ауданы 270 квадрат метрден артық.
х-тің мүмкін болатын мәндер жиынын табыңыз.
Шешуі:
Есептің шарты бойынша теңсіздіктер жүйесі құрылады.
Бірінші теңсіздіктің жауабы: , бірақ есептің мәнмәтінін ескерсек, онда жауабы ғана келеді.
Екінші теңсіздіктің жауабы: . Сонда жүйенің жауабы: .
Мысал 2. Функцияның анықталу облысын табыңыз:
а)
Жауабы:
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Суреттегі ABCDEF фигурасы екі тік төртбұрыштан құрылған. Кейбір қабырғаларының сантиметрмен өрнектелген ұзындықтары көрсетілген.
Фигураның ауданы 36 cм2 кем.
(a)2x2 – 7x – 30 < 0 болатынын көрсетіңіз.
(b)AB ұзындығын бағалаңыз.
Күрделі деңгей
Функцияның анықталу облысын табыңыз:
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.
Қосымша 1 жауаптары.
№1.
№2. b) , c) -2.
№3. 1, 2, 3, 4.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Мордкович А.Г., Николаев Н.П. Алгебра 9 класс, учебник для общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2008.
Мордкович А.Г., Николаев Н.П. Алгебра 9 класс, задачник для общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2008.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру