Рационал теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Қосымша 4

Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың тақырыбы: Рационал теңсіздіктер

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Оқу мақсаттары:

8.2.2.9

Рационал теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар рационал теңсіздіктің анықтамасын тұжырымдайды, рационал теңсіздіктерді шешеді, интервал әдісімен қолданып шешеді.

 

 Сабақтың құрылымы

  •  Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.
  •  Қайталау.
  • Рационал теңсіздіктерді шешудің алгоритмін енгізу
  • Ынталандырушы кезең.
  • Рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін енгізу
  • Оқушылардың жекедара жұмысы
  • Жұптық жұмыс.
  • Сабақтың қорытындысын жасау. Рефлексия.

 

 

 Қауіпсіздік техникасына нұсқау

 Көрсетілім материалы PowerPoint бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Презентация слайдтарында ұсынылған тапсырмаларға біртіндеп шешімдер мен жауаптар көрсетуге мүмкіндік беретін анимациялар бар. Сондықтан, презентацияны көрсете отырып, тапсырманы көрсетіп, сұрақ қойғаннан кейін үзіліс жасай отырып, оқушыларды аяқтауға және жауаптар туралы ойлануға уақыт берілуі керек.

 Қосымшамен әрбір оқушыға жеке берілген тапсырмаларды қағаз түрінде берілуге ​​тиіс. Қолданыстағы слайдтар сыныппен талқылаған кезде және жасалынған жұмыстарды бағалау кезінде қолданылады. Бұл интерактивті тақтаны пайдалануды азайтуға көмектеседі.

 

 Сабақты ұйымдастыру үшін қажетті қосымша материалдар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты зерттеуге, материалды пассивті қабылдамауға мүмкіндік бермейтін белсенді жұмысқа бағытталған. Осыған байланысты, мұғалім оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтар қойып, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалдарды меңгеруге талпындырып, рефлексия үшін қажетті үзілістерді сақтауы керек.

 Қалыптастырушы бағалау үшін нұсқаулықтар

 Қалыптастырушы бағалау сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі (өзін-өзі бағалау, критерийлер бойынша мұғалімнің бағалауы). Оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде және диалогқа қатысу үшін жұмысқа қатысуын бағалау. Әрбір оқушының жұпта,топта тапсырманы орындауын анықтау үшін, әрбір оқушының үлесін және одан әрі түзету үшін қателерін анықтау қажет.

 

 Тапсырмалар критерийлеріне жауаптар, сабаққа арналған қосымша материалдар.

 Барлық тапсырмаларға жауаптар презентацияда ұсынылады және оқушылардың өзін-өзі бағалауын немесе өзара бағалауын ұйымдастыру үшін пайдалы болады.

 Тапсырмалардың әрбір блогы үшін бағалау критерийлері сабақтың қосымшаларында келтірілген және қысқа мерзімді жоспарда көрсетіледі.

 

Әдебиет: Алгебра.9 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2008



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу