Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
№4 сабаққа әдістемелік нұсқаулық
тақырыбы/бөлімшесі «Квадрат теңсіздік »
«Теңсіздіктер» бөлімі
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді шешу
Оқу мақсаты:
8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу
Бұл сабақта оқушылар аралықтар (интервалдар) әдісімен квадрат теңсіздіктерді шешуді жалғастырады. Сонымен бірге функцияның анықталу облысын табу үшін квадрат теңсіздіктерді қолдануға арналған тапсырмалар орындайды.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық
Сабақтың басында сыныпта жағымды психологиялық орта құру мақсатында «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойнатылады. Мұғалім «Атомдар» дегенде оқушылар сыныпта еркін қозғалып жүреді, «Молекулалар төрт-төрттен реакцияға түсті» дегенде төрт-төрттен топқа бөлінеді, осылайша әртүрлі реакцияларды айта отырып, мұғалім сыныпты 3 оқушыдан шағын топтарға бөледі. Осы топта оқушылар үй тапсырмаларын тексереді, бір-біріне комментарийлер жазады.
Қайталау тапсырмасы ретінде оқушыларға орындауға графиктік әдіспен шығарылған квадрат теңсіздіктерді шешу жолдары ұсынылады. Бірақ бірнеше теңсіздіктің шешімінде қателіктер бар. Оқушылар осы қателерді тауып, дұрыс жауабын көрсетулері керек. Кейін көршісімен жұмыстарын алмастырып, дұрыс жауап арқылы бір-бірін тексереді. Бұл тапсырманы жұппен жұмыс ретінде де орындауға да беруге болады.
Функцияның анықталу облысын табуға арналған тапсырманы орындау үшін мұғалім алдымен оқушыларға тақтадағы тапсырмаларды көршілерімен бірге талқылай отырып, орындауға уақыт беріледі. Мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы олардың өздіктерінен орындап шығуларына көмектеседі. Кейін дұрыс жауабы мен рәсімделуі тақтада талданып көрсетіледі. Бұл жерде қабілеті оқушылар тарапынан белсенділік күтіледі.
Жеке жұмыс кезінде оқушыларға 8 тапсырма ұсынылады. Тақтада есептердің нөмірлері жазылады, оқушылар тапсырманы орындап болған соң мұғалімге барып қалай шешкенін түсіндіреді. Егер барлығы дұрыс орындалса, оқушы өзінің атын тақтадағы сәйкес ұяшыққа жазады және осы тапсырманы шешкен келесі оқушыны тексереді. Оқушыларға көмек ретінде сыныптың бөлмесіне әрбір есептің шешу жолы жазылған парақтар ілінеді. Оны қарауға барғанда оқушы қаламсыз баруы керектігін ескерту керек. Бұл жерде мұғалім жекелеген оқушыларға көмек көрсеткені жөн. Сыныптың деңгейіне байланысты оқушылар барлық есепті түгел шығарып үлгермеуі мүмкін, ондай жағдайда міндетті түрде 8-есептің шығарылуын тақтада талдап көрсеткен дұрыс. Егер қабілеті жоғары оқушылар барлық тапсырманы уақытынан бұрын орындап тастаса оларға төменде көрсетілген қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады.
Жауаптары мен шешімдері
Жалпы сыныппен орындауға арналған тапсырма
Берілген функциялардың анықталу облысын анықтаңыз:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Жеке жұмыс
Берілген функциялардың анықталу облысын табыңыз:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Шешуі:
Жауабы:
Қосымша тапсырмалар
Берілген функциялардың анықталу облыстарын табыңыз:
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
- Шыныбеков Ә. Н., Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004.
- Мордкович А.Г. и др. Алгебра. 8 кл.: В двух частях. Ч. 2: Задачник для общеобразоват. учреждений. М.: Мнемозина, 2003.
- Виленкин Н.Я., Виленкин А.Н., Сурвилло Г.С. и др. Алгебра: учеб. для 8 кл. с углубленным изучением математики. – М.: Просвещение, 2006.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру