Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


 №3 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадрат теңсіздік »

 «Теңсіздіктер» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді шешу

 

 Оқу мақсаты:

 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу

 Бұл сабақта оқушылар квадрат теңсіздіктерді шешудің аралықтар (интервалдар) әдісімен танысады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында оқушылар квадрат үшмүшелікті сызықтық көбейткіштерді жіктеуге арналған қайталау тапсырмаларын орындайды. Бұл олардың ары қарай жаңа сабақты меңгерулеріне көмектеседі. Оқушылар жұпта орындап, кейін басқа жұппен бірігіп тексеру жүргізеді, бір-бірін толықтырады.

 Жаңа материалды түсіндіргенде мұғалім №1 мысалды талдап көрсетеді. Кейін оқушылардан осы мысалға қарап отырып қандай алгоритм құрастыруға болады? деген сұрақ төңірегінде талқылаулар жүргізеді. Алгоритм тақтада көрсетілген соң оқушылар дәптерлеріне жазып алады да, соны негізге ала отырып №2 мысалды өздіктерінен шығарады. Жекелеген оқушылар мұғалімнен немесе сыныптасынан көмек сұрай алады. Кейін тақтадағы дұрыс жауап арқылы өздерін тексереді.

 Бекіту кезінде тақтаға есептің нөмірлері жазылады, оқушылар тапсырманы орындап болған соң мұғалімге барып қалай шешкенін түсіндіреді. Егер барлығы дұрыс орындалса, оқушы өзінің атын тақтадағы сәйкес ұяшыққа жазады және осы тапсырманы шешкен келесі оқушыны тексереді. Мұғалім сыныпты аралап жүріп оқушылардың тапсырманы орындауларын тексереді, кейбір оқушыларға жеке көмек көрсете алады.

Жауаптары мен шешімдері

Теңсіздіктерді шешіңіз:

  • ;

Жауаптары: 1) ; 2) ; 3) (-8; 0); 4);

5) ; 6) (-12; 5); 7) (-2; 2) ; 8) (2; 3).

 Қосымша тапсырмалар

  • теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін шешімін табыңыз.
  • теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін шешімін табыңыз.

 

 

 

Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Шыныбеков Ә. Н., Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004.
  • Мордкович А.Г. и др. Алгебра. 8 кл.: В двух частях. Ч. 2: Задачник для общеобразоват. учреждений. М.: Мнемозина, 2003.
  • Виленкин Н.Я., Виленкин А.Н., Сурвилло Г.С. и др. Алгебра: учеб. для 8 кл. с углубленным изучением математики. – М.: Просвещение, 2006.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу