Модуль таңбасы бар теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A бөлім: Квадрат теңдеулер | Мектеп: НЗМ Талдықорған | |||||||||
Күні:09.04.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Сапаргалиев А. | |||||||||
Сынып: 8а(1) | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Модуль таңбасы бар теңсіздіктер | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.12 ,, , түріндегі теңсіздіктерді шешеді; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шығарып үйрену | |||||||||
Жетістік критерийлері | Модуль ұғымын еске түсіру Квадрат теңсіздіктерді еске түсіру Модуль теңсіздіктердің жағдайларын қарастыру Модуль таңбасы кездесетін теңсіздіктер үшін алгоритм құрастыру, жағдайларын түсіну | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
модуль таңбасы бар өрнектегі теңсіздіктерді шешуде жүйе мен жиынтықты құруды дәйектейді. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқи алу, өз бетімен ақпаратты алу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің және өз тобының жұмысының сапасына жауап бере алу, өз уақытын ұйымдастыра алу, сабақтарда түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарауды тәрбиелеу біліктілігі. Құндылықтарды дарыту сабақта іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, информатика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||||||
Бастапқы білім | Квадрат теңдеу және жай теңсіздік ұғымдарын білу. Дискриминантты есептей білу. Модуль таңбасын білу. Модуль таңбасы бар сызықтық теңсіздіктерді шығара алу. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 4 минут | Ұйымдастыру кезеңі Үй жұмысын тексеру Сабақ тақырыбын және мақсатын айту, оқушыларға жаздырту. | |||||||||
Сабақтың ортасы 6 минут 15 минут 10 минут | Оқушылармен модуль тақырыбын еске түсіру мақсатында бірнеше модульге қатысты сұрақтар дайындап, сұрақ-жауап форматында оқушылармен диалог жүргізу: С1: Модуль дегеніміз не? С2: Модульдің белгіленуі қалай? С3: Модульден қандай мәндер шығады? С4: Модуль а-дан қандай мәндер шығуы мүмкін? С5: Модуль х үлкен 0, үлкен немесе тең 0 болғандағы шешімі? С6: Модуль х кіші 0, кіші немесе тең 0 болғандағы шешімдері? , жағдайларында модульдің қасиетін қалай қолданамыз және есепті шығаруды қалай бастаймыз? Осы сұрақ аясында оқушыларды екі топқа бөліп, b-нің теріс және 0 болғандағы жағдайлары үшін алгоритм құруын ұсыну. Алгоритм құрастыру барысында оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыру. Постерді толтыру арқылы әрбір топ өз жауаптарын негіздейді, мысал көрсетеді. Әрбір топ тақтаға кезек-кезек шығып, өз қадамдарын көрсетеді, қорғайды. Кейін бірігіп, тақтаға екі топтың жауабы бойынша толықтырылған алгоритм құрастыру. Алгоритмнің дұрыс үлгісі дайын болғаннан кейін, бір топтың оқушылары келесі бір топтың жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды:
Жоғарыда көрсетілген қадамдар бойынша шығаруға арналған бірнеше есеп беру: Әр есеп соңында «Show me» әдісі бойынша әр есептің жауабын слайд арқылы оқушылармен тексеріп отыру. Қате көп кеткен есептерде тақтаға дұрыс шығарған оқушыны шығару арқылы талқылау, қатені түзеу. | Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут 1минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады Үй жұмысын беру | Қосымша 2 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру