Интервалды жиілік кестесі. Гистограмма. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмма
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқу мақсаты: 8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;
8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсына алады;
- жиілік алқабын сала алады;
- деректерді интервалдық кесте түрінде; жиіліктер гистограммасы түрінде ұсына алады.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Уәжді көтеру сәті.
- Теориялық материалды қайталау.
- Қайталау тапсырмалары.
- Жұптық талқылау.
- Жаңа тақырыпты оқу.
- Өткен материалды бекіту.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Жаңа термин | Қарапайым сипаттамасы | Ғылыми термин | Анықтама |
Деректердің жалпы қатары | Таңдалатын деректер | Жалпы жиынтық | Барлық мүмкін нәтижелердің жиыны |
Таңдама | Таңдалған деректер | Статистикалық таңдама, статистикалық қатар | Берілген өлшемдегі нақты алынған нәтижелер жиыны |
Варианта | Өлшеудің біреуінің нәтижесінің мәні | Варианта | Таңдама элементтерінің біреуінің мәні |
Деректер қатары | Өсу ретімен тізбектелген барлық нәтижелердің мәні | Вариациялық қатар | Барлық варианталардың өсу ретімен орналасқан жиыны |
Мысал. Сіз өзіңіздің сыныптастарының туған айларының нөмірлерін жазып отырсыз.
Деректердің жалпы қатары (жалпы жиынтық) – ол 1-ден 12-ге дейінгі сандар.
Варианталар – ол сыныптастардың туған айларының нөмірі.
Деректер қатары (вариациялық қатар) – ол барлық ретімен орналасқан варианталар.
Мысал. Математикадан жазбаша емтихан нәтижелері үшін жиілік алқабын салыңыз:
6, 7, 7, 8, 9, 2, 10, 6, 5, 6,
7, 3, 7, 9, 9, 2, 3, 2, 6, 6,
6, 7, 8, 8, 2, 6, 7, 9, 7, 5,
9, 8, 2, 6, 6, 3, 7, 7, 6, 6.
2, 3, 4 бағаларын «нашар», 5, 6, 7 бағаларын «орта», ал 8, 9, 10 бағаларын «жақсы» деп атайық. Барлық «нашар» бағалар [2; 4] кесіндісіне, «орталар» - [5; 7] кесіндісіне, ал «жақсылар» - [8; 10] кесіндісіне тиісті. Сөйтіп, біз ең үлен және ең кіші варианталардың аралығын бөліктерге бөліп деректерді интервалдық қатарын алдық: 2—4; 5—7; 8—10.
Варианта | «Нашар» | «Орта» | «Жақсы» |
Абсолютті жиілік | 8 | 22 | 10 |
Енді үш тіктөртбұрышты салайық. Бірінші тітөртбұрыштың табаны - [2; 4] кесіндісі, оның ауданы 8, яғни «нашар» вариантаның абсолютті жиілігі. Дәл осылай басқа екі вариантамен де жұмыс жасаймыз. Сөйтіп, бағанды диаграмманы аламыз, немесе абсолютті жиіліктің үлестірім гистограммасын аламыз.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Кейбір тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға калькуляторды қолдануды ұсыну дұрыс болар, ондай тапсырмалар презентацияда суретімен көрсетілген.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Сауалнама нәтижесінде оқушылдардың қандай бір оқу күнінде телебағдарламаны көруге жұмсалған уақыт туралы ақпарат көрсетілген:
Уақыт (сағ.) | Жиілік |
0-1 | 12 |
1-2 | 24 |
2-3 | 8 |
3-4 | 5 |
Кестені қолдана отыра, сәйкес гистограмманы салыңыз.
Күрделі деңгей
Келтірілген гистограмманы қолдана отырып, оған сәйкес кестені құраңыз және сәйкес есепті құрастырңыз.
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.
Қосымша 2 жауаптары.
Қосымша 4 жауаптары.
1 тапсырманың жауабы презентацияның 16-19 слайдтарында көрсетілген.
2 тапсырма шешімі.
Варианталар | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |
Абсолютті жиілік | 1 | 2 | 3 | 4 | 2 | 1 | 3 | 1 | 2 | 2 | 21 |
Салыстырмалы жиілік | 1 |
Интервалдар | 19-20 | 21-22 | 23-24 | 25-26 | 27-28 |
Абсолютті жиілік | 3 | 7 | 3 | 4 | 4 |
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.
Ткачева М.Ф., Федорова Н.Е. Элементы статистики и вероятность. Учебное пособие для 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 2007.
Бродский Я.С. Статистика. Вероятность. Комбинаторика. – М.: ООО «Издательство Оникс»; ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008.
Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.
http://5klass.net/algebra–9–klass/Osnovy–statistiki/020–Poligon–raspredelenija–dannykh.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?