Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


 №6 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »

 бөлімі « Квадраттық функция»

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады

 

 Сабақта оқушылар білімді қолдану дағдысына арналған тапсырмаларды орындайды.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар өткен сабақтағы материалды қайталайды. 2-тапсырманы тексеру барысында оқушылар тек жауаптарын салыстырып қоймай, бір-біріне қалай шығарғандарын түсіндіргендері маңызды.

 Сабақтың негізгі бөлімі квадраттық функцияға байланысты тест тапсырмаларын орындап, талқылауға арналады. Алдымен оқушылар өздіктерінен орындайды, оларға өткен сабақтағы теориялық материалды қолдануға рұқсат етуге болады. Сонымен бірге мұғалім оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы көмектесе алады. Оқушылардың шешімі қысқа, бірақ ұқыпты және ретпен орындалуы керек. Бірақ тексеру мен талқылау барысында оқушылардан нақты дәлелдермен түсіндіріп, қажет болған жағдайда тақтада көрсетулерін талап ету керек. 6 мен 7 тапсырмалардың деңгейі күрделілеу, ол тек қабілеті жоғары оқушыларға ғана арналған. Бірақ бұл тапсырмаларды сыныптың біршама бөлігі шығаруы мүмкін, онда олар сыныптың басқа оқушыларына түсіндіреді.

 Тапсырамның деңгейін анықтауға арналған жұптық жұмыс оқушылардың нені жақсы орындай алатынын, қандйа қиындықтар барын анықтауға көмектеседі. Шығару жолын талқылау барысында бұл қиындықтар жойылуы мүмкін. Оқушылар үй тапсырмасын өздері таңдап алады.

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 А деңгейі

  функциясының графигін салыңыз және оның қасиеттерін жазыңыз.

 

 В деңгейі

 Параболаның төбесінің координаталарын анықтаңыз:

 а) у = (х - 2)(х + 4); б) у = (х + 6)(х - 10).

 

 С деңгейі

 с –ның қандай мәнінде у = х2 - 8х + с параболасы у = 8 түзуінен жоғары орналасқан?

 

 Қолданылған әдебиеттер мен қажетті сілтемелер тізімі

 1. Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2010

 2. Ершова А.П., Голобородько В.В. Вся школьная математика в самостоятельных и контрольных работах. Алгебра 7-11. – М.: ИЛЕКСА, 2008



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу