Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


 4 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »

 бөлімі « Квадраттық функция»

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.2 y = a(xm)2, y = ax2 + n , y = a(xm)2 + n, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін біледі және графигін салады.

 

 Оқушылардың іс-әрекеттері y = a(x – m)2 + n түрінде берілген квадраттық функцияның қасиеттері мен графиктерін қолдануға бағытталған

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында мұғалім өткен үш сабақта қарастырылған материалдарға шолу мақсатында әңгіме ұйымдастырады. Сонымен қатар оқушылар y = a(x – m)2 + n түрінде функция графигінің сұлбасын талқылайды. Олар графиктің орналасуына параболаның төбесінің координаталары мен тармақтарының бағыты әсер ететінін түсіну керек және осы қасиеттер формуламен қалай байланысты екенін түсінулері керек. Ойынның тапсырмасын орындау барысында жауап беретін оқушы графиктің сұлбасын қалай салатынын түсіндіру керек. Сонымен бірге сұрақтардың ішінде жалпы түрде берілген функцияның қандай-да бір қасиетін көрсетуді сұрайтын күрделі сұрақтар бар. Мұндай бірнеше карточка бар. Сондықтан қасиеттер қайталанбас үшін тақтаға жазып қоюға болады.

 Сабақтың ортасында оқушыларға Bilimland сайтындағы тапсырма орындау ұсынылады. Бұл жерде оқушыларға өзара оқуға мүмкіндік беру керек, сыныптастарынан кеңес алу үшін оларға сыныптың ішінде еркін қозғалуға рұқсат ету керек.

 Сабақтың соңында оқу мақсатына жетуге бағытталған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындалады. Оқушылар өздіктерінен жұмыстанады, кейін мұғалім бағалау критерийлеріндегі дескрипторларға сүйеніп оқушылардың жұмыстарын тексереді. Дескрипторлар оқушыларға тексерілген жұмыспен қоса ұсынылады. Ал сабақта оларға тек Қосымша 2-гі бірінші кесте үлестіріледі.

 Уақытынан бұрын бітірген оқушыларға қосымша тапсырма орындау ұсынылады.

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 у = (х - 3)2 + 2 функция графигін салмай-ақ, парабола төбесін көрсетіңіз және симметрия осінің теңдеуін жазыңыз.

 Қолданылған әдебиеттер мен қажетті сілтемелер тізімі

 Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2010



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу