Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.


 5 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 Оқу мақсаты:

 8.5.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

 

 Бұл сабақта түріндегі квадраттық функцияның қасиеттері мен графигін салу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындалады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында өткен сабақтағы теорияны қайталау мақсатында жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар жұпқа бөлінеді немесе көршілерімен бірігіп отырып орындайды. Оларға анықтамалардың бір бөлігі жазылған кесте беріледі, олар анықтаманың қалған бөлігін кестенің бірінші бағанына жазып, сәйкестендіреді. Кейін басқа жұппен жауаптарын салыстырып, талқылайды. Келіспеушілік туған жағдайда мұғалімнен көмек сұрауға болады. Екі жұптың жауаптарының қорытындысын мұғалімге көрсетеді.

 Білімді жаңғырту кезеңінде оқушылар өздіктерінен берілген кестені толтырады, жауапты осыған дейін тапсырма орындаған жұбымен тексереді. Тапсырма оқушылардың квадраттық функцияны ажырата алуларына және парабола төбесін таба білулерін тексеруге берілген. Бұл тапсырманы жұптық жұмыс ретінде де ұйымдастыруға болады.

 Сергіту сәті ретінде оқушыларға арнайы дайындалған карточка таратылады, олар сыныпты аралап жүріп, әр сағаттың тұсына сол уақытта бос бір оқушының атын жазу ұсынылады. Ол үшін мынадай оқушы сыныптасына мынадай сұрақ қоюы мүмкін, мысалы: Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім, осы сағатта боссың ба? Осылайша 4 сағаттың тұсына 4 оқушының атын жазып болған соң мұғалім айтқан уақытта оқушылар қағазда аты жазылған оқушымен жұпқа бірігіп тақтада берілен тапсырманы орындайды. Әрбір тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі. Әрбір тапсырма үшін уақыт аяқталғанда оқушылар 1 минут ішінде Desmos бағдарламасы көмегімен графиктің дұрыс салынуын тексереді, жауапты талқылайды, өздерінің қате кеткен тұстарына комментарий жазады. Егер оқушыларға ноутбуктер беру мүмкіндігі болмаса, мұғалім алдын-ала жауапты дайындап презентация арқылы көрсетуі немесе жауапты қабырғаға іліп қоюы керек.

 Жеке жұмыс кезінде оқушылар мұғалім алдынан 1 тапсырмадан алып, өздіктерінен орындап, жауапты мұғалімге немесе бұрын шығарып болған оқушыға тексертіп, келесі тапсырмаға көшеді. Берілген 7 тапсырманың тек 6-7 тапсырмалары ғана графиктерді салуға арналған қалған тапсырмалар аналитикалық түрде қасиеттерін анықтауға берілген. Тапсырмалар қиын емес қабілеті жоғары оқушылар ұсынылған уақыттан бұрын орындап болулары мүмкін. Сондықтан оларға төмендеі қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады.

 Қосымша тапсырмалар

 

1. P(-2;18,4), Q(2;54,4), R(0;-3,6) нүктелері арқылы өтетін квадраттық функцияны жазыңыз. Осы функция үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

2.

а) функциясының ең кіші мәні 1-ге тең екенін біле отырып, графигін салыңыз.

б) функциясының ең үлкен мәні 2-ге тең екенін біле отырып, графигін салыңыз.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.
  • Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по Алгебре: учеб. пособие для 8-9 кл.с углуб. изучением математики / М.:Просвещение, 2004.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу