Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


 2 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »

  « Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 

 Оқу мақсаты:

  8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу

 

 Екінші сабақта y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін салу қарастырылады.

 

 Теориялық материал

 

 y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін салу үшін:

 1. y = ax2 функция графигін саламыз;

 2. y = a(x – m)2 функция графигін саламыз, ол үшін y = ax2 функция графигін егер m>0 болса, х осі бойымен m бірлік оңға, ал егер m<0 болса, m бірлік солға жылжыту керек.

 3. y = a(xm)2 + n функция графигін саламыз, ол үшін y = a(x – m)2 функция графигін егер n>0 болса, у осі бойымен n бірлік жоғары, ал егер n<0 болса, n төмен жылжыту керек.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық

 Алдымен оқушыларға өткен сабақтағы графиктерді салуды еске түсіру үшін жұппен жұмыс беріледі. Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындап, жұбына қалай орындағанын түсіндіріп береді. Мұғалім сыныпты аралып жүріп. Олардың түсіндіргендерін тыңдайды, математикалық терминдерді дұрыс қолдануларын қадағалайды, қажет болса, қолдау көрсетіп, көмектеседі.

 Жаңа материалды меңгеру кезінде оқушылар y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін салуды өздіктерінен түсініп алады деп күтіледі. ол үшін слайдта осындай графикті салу алгоритмі беріледі, оқушылар осы алгоритмді қолдана отырып берілген мысалды орындайды. Көршілерімен нәтижелерін салыстырып, өзара тексеру жүргізеді. Қажет болса сыныптың басқа оқушысынан немесе мұғалімнен көмек сұрауларына болады.

 Алгоритмді талқылап, мысалды шығарып болған соң оқушылар жеке тапсырма орындайды. Мұғалім алдын-ала тақтаға кесте сызып бірінші жолға есептің нөмірлерін қойып шығу керек. Оқушылар әрбір тапсырманы орындап болған соң жауапты Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары арқылы тексереді, кейін мұғалімге немесе осы тапсырманы орындап болған оқушыға өзінің жауабын түсіндіріп, тақтадағы сәйкес ұяшыққа өз атын жазып келесі тапсырмаға көшеді.

 Жеке тапсырманы аяқтаған соң жұпта сәйкестендіруге берілген тапсырмаларды талқылай отырып, орындайды. Нәтижелерін басқа жұппен салыстырып, өзара бағалау жүргізеді. Егер оқушы жеке тапсырманы барлығынан бұрын орындап болса, оған қосымша тапсырма ұсынылады.

 Сабақтың соңында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. Тапсырма 2 нұсқадан тұрады, 1-нұсқа жалпы сынпқа арналған, 2-нұсқа деңгейі жоғары оқушыларға арналған.

 Рефлексия кезеңінде мұғалім жұмсақ допты кез-келген оқушыға лақтырып тақтадағы кез-келген сұрақтың бірін қояды. Оқушы жауап берген соң допты басқа оқушыға лақтырады.

 Үй тапсырмасына функция графиктерін салумен қатар квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алуға арналған қайталау тапсырмасы беріледі. Бұл оқушылардың келесі сабаққа дайындалуларына мүмкіндік береді.

 

 Қосымша тапсырмалар

  • Төменде берілген фнкциялардың графиктерін салыңыз.
  • ;
  • ;
  • параболасын х осі бойымен 2 есе созып, 1 бірлік оңға және 8 бірлік төменге жылжытты. Түрлендіру нәтижесінде пайда болған функция графигінің формуласын жазыңыз және графигін салыңыз.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

 

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.
  • Алимов Ш. А., Колягин Ю. М., Сидоров Ю. В. и др. Алгебра. 8 класс: учеб. для общеобразоват. учреждений /— 17-е изд. — М.: Просвещение, 2010.
  • www.desmos.com/calculator Desmos графикалық калькуляторы.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу