Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
Сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептер шығару
Cабақтың түрі: Білімдерін бекіту сабағы
Оқу мақсаты:
8.4.2.2 бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
Бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.
2. Білімдерін өзектендіру.
3. Қозғалысқа арналған есептер шығару.
4. «Puzzle» дидактикалық ойыны
5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Сабаққа теориялық материал, ұғымдарға және т.б. анықтама
Квадрат теңдеу көмегімен мәтіндік есептерді шығару алгоритмі:
1.Белгісізді әріппен белгілеңіз және есеп шарты бойынша теңдеу құрыңыз;
2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;
3.Есеп шартына сәйкес жауапты жазыңыз.
Техника қауіпсіздігін көрсететін инструкциялар .
Материалдарды көрсету PowerPoint презентациясы көмегімен орындалады.
Презентацияны көрсету барысында тапсырманы көрсетіп сұрақтар қойылғаннан кейін, ойлануға мүмкіндік болатындай үзіліс жасап отыру керек.
Жеке қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға басып шығарып, таратып беру керек.
Сабақты ұйымдастыруға арналған қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.
Теңдеулерді құрастырудағы әртүрлі есептерді практикалық қолдану оқушыны математикалық физикалық, химиялық, экономикалық процестер мен құбылыстарды модельдеуге, нақты проблеманы шешуге арналған іс-қимыл жоспарын құруға мүмкіндік беру үшін қажет оқу жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дамуымен жұмыс істеңіз: іс-әрекет жоспарын құру; нақты есептерді шешу алгоритмді қолдану; құбылыстар мен процестерді модельдеу мәдениеті.
Бөлшек-рационал өрнектер оқылғаннан кейін, алгебра бойынша барлық есептерді шешу, өз кезегінде, көбінесе квадрат теңдеулерді шешуді қамтитын бөлшек-рационал теңдеулерді шешуге негізделеді, сондықтан оқушыларда бірінші кезекте мұндай теңдеулерді шешу дағдылары қалыптастырылуы тиіс.
Сыныпта орындайтын тапсырмалар артығымен алынған. Сыныпта №1 и №3. №2 и №4 тапсырмаларды қарастыруға болады және қабілеттері жоғары оқушыларға қосымша материал түрінде беруге болады.
Формативтік бағалауға нұсқаулық.
Формативтік бағалау сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі.
Мұғалім сабақ бойы оқушылар жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады, кері байланыс береді, қысқа мерзімді жоспарға жеке оқушылардың нәтижелерін жазып қояды.
Мұғалімге сабақ бойы қажет:
- Оқушыларға жүйелі түрде сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилері туралы ескертіп отыру.
- Сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилерін стендте, тақтада және т.б. жерлерге оқушыларға көренетіндей жазып қою немесе орналастыру.
Сабаққа қасымша материалдар, тапсырмаладың критерилері, жауаптары.
Сыныпта орындауға арналған тапсырмалар жауаптары:
1. 500г
2. 60г
3.10 және 15 сағат
4.7 сағат
Үй жұмысына арналған тапсырмалар жауаптары:
20 және 30 сағат
Сыныпта орындалатын тапсырмалардың бағалау критерилері :
Оқушы:
- есеп шартын сауатты жаза алса;
- есеп шартын пайдаланып бөлшек рационал теңдеуді дұрыс құрса;
- құрылған бөлшек рационал теңдеудің дұрыс шешімін тапса;
- есеп жауабын дұрыс жазса
оқу мақсатына жетеді.
Әдебиеттер:
1.Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.
2.Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ш.А.Алимов, Ю.М.Колягин,Ю.В.Сидоров и др.]- 19 изд. – М.:Просвещение, 2012. – 255с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?