Теңдеуді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


 8 сабаққа әдістемелік нұсқаулық тақырыбы/бөлімшесі

 «Теңдеулерді шешу»

 «Квадрат теңдеулер» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

 Оқу мақсаты:

8.2.2.5

|ax2+bx|+c=0, ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу;

8.2.2.6

бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

8.2.2.7

 квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

 

 Бұл - осы бөлімде қарастырылатын ең соңғы сабақ. Сабақтың мақсаты – квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу әдістерін жалпылау және білімді жүйелеу, осы білімді қолдану дағдысын бекіту.

 Сабақты ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында оқушылар теңдеулерді шешу алгоритмі жазылған постер дайындайды. Бұл жұмыс көп уақытты алмауы керек. Бұл жерде оқушылар теңдеуді шешу барысын әрқайсысы басқа топқа түсіндіру керектігін білуі керек, сондықтан постерді жасау кезінде барлығы бірге жұмыстануы керек. Талдау кезінде постер мұғалімнің белгісімен үш топтың арасында шеңбер бойымен ауысып отырады.

 Осыдан кейін ортақ немесе айрықша белгілеріне қарап әртүрлі теңдеулерді ажырату дағдысын дамытуға арналған жұмыс ұйымдастырылады.

 Егер оқушылар биквадрат теңдеулерді шешуді жақсы білсе, оны тастап кетіп, екінші теңдеудің шешімін қарастыруға болады. Сабақ жоспарында бұл теңдеуді оқушылар өздіктерінен шығарып, кейін жауап үлгісі арқылы өзара тексеру жүргізілетіні жазылған. Бірақ мұғалім сыныптың дайындығына қарай шешу барысын тақтада талқалауды ұсынуына болады. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қайтымды теңдеуді шешу жолын өздіктерінен түсінуге көмектесетін материал ұсынылады. Бұл материал бағдарламаның мазмұнына кірмейді, дегенмен кейбір оқушылар өздіктерінен түсініп ала алады.

 Өздіктерінен жұмыстануға 6 кеспе қағазы ұсынылады, оларды қажетті көшірмеде шығарып алу керек. Оқушылар шешу жолдарын біледі, сондықтан олардан шапшаң жұмыстану талап етіледі. Өз шешімін қорғау кезінде сыныпта шу басталып кетуі мүмкін, бірақ бұл процесс әртүрлі жағынан қарағанда өте пайдалы, сондықтан оған алаңдамай, оқушылардан жартылай дауыста сөйлесулерін сұрауға болады.

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 

 С деңгейі

 Теңдеулерді шешіңіз:

 1) ;

 2) .

 Жауабы:

 1) .

 2) .

 

 

 Жауаптары мен шешуі

 Өздіктерінен орындауға арналған кеспе қағаздар:

 

№1

Жауабы: 0,

№2

Жауабы: -3 және 4.

№3

Жауабы: түбірі жоқ.

№4

Жауабы: .

№5

Жауабы:

№6

Жауабы: -2, -0,5, -1.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Виленкин Н.Я., Виленкин А.Н., Сурвилло Г.С. и др. Алгебра: учеб. для 8 кл. с углубленным изучением математики. – М.: Просвещение, 2006
  • Звавич Л.И., Рязановский А.Р. Алгебра. 8 класс. В 2 ч. Ч. 2. Задачник для учащихся общеобразовательных учреждений – М.: Мнемозина, 2010. – 271 с. : ил.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу