Теңдеуді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A: Квадрат теңдеулер Квадрат теңдеулер | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Аюпова Гульсим | ||||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 8 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Теңдеуді шешу | ||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жалпылау және білімді жүйелеу сабағы | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.5 |ax2+bx|+c=0, ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу; 8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу; 8.2.2.7 квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Алмастыруды орындайық … Теңдеудің екі жағын да … көбейтейік … бөгде түбір, өйткені … | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық. Академиялық адалдық. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешкенде қажет болады, сонымен бірге кез келген теңдеуді соның ішінде, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешудің негізі болып табылады. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді алмастыру әдісі арқылы шеше алады. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин | Ұйымдастыру бөлімі. Өзара амандасу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, сыртқы келбеті); назарларын аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілген соң сабақтың мақсатын айту – алмастыру арқылы квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді (биквадрат, симметриялы, қайтымды) шешу дағдысын бекіту және жалпылау. | Презентация 1-2 слайдтар | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 4 мин 7 мин 20 мин | Өткен материал бойынша білімді жүйелеу және бекіту Оқушылар үш адамнан тұратын топта квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің бір түрін шешу алгоритмі жазылған постер дайындайды. Кейін әрбір топтан бір-бір адамнан жаңа үштік құралады, оқушылар бір-біріне өз топтарының жасағандарын түсіндіреді. Кестедегі тапсырма Кесте презентация слайдында көрсетілген
Артық теңдеу (2) – биквадрат теңдеу, (1) және (3) – квадрат теңдеулер. Мұғалім (2) теңдеуді тақтаға жазады, ал оқушылар дәптерлеріне жазады.
(4) теңдеу артық, өйткені жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылады. (5) және (6) теңдеулер көбейткіштерге жіктеу арқылы шығарылады. (4) теңдеуге тақтаға, дәптерге жазылады.
Бұлар - 4-ші дәрежелі теңдеулер. (9) теңдеу – ерекше, бұл қайтымды теңдеу. Төртінші дәржелі қайтымды теңдеудің анықтамасы беріледі: түріндегі теңдеу қайтымды теңдеу деп аталады. (9) теңдеу тақтаға, дәптерге жазылады. Оқушылардың назары жазылған теңдеулерге аударылады. Екінші теңдеуді шешу барысын талқыланған жөн.
Оқушылар 1-2 теңдеулерді шешеді. Оқушылар сыныптың қабырғаларында ілініп тұрған шешімнің үлгісіне қарап өз жұмыстарын тексере алады. Қабілеті жоғары оқушыларға қайтымды теңдеуді шешу жолын өздіктерінен меңгеруді ұсынуға болады.
Модулі бар және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу Мұғалімнің үстелінде теңдеулері жазылған кеспе қағаздар жайылып тасталады (оларды бірнеше көшірмеде шығару керек) ал тақтаға жоғарғы қатарында теңдеудің нөмірі жазылған кесте сызу керек. Теңдеуді шешіп болған оқушы мұғалімге немесе өз шешімін қорғап шыққан сыныптасына шешу жолын түсіндіреді. Егер шешімі дұрыс болса, кестенің сәйкес теңдеудің нөмірі тұрған бағанынан өз атын жазады және дәл сол теңдеуді шешкен келесі оқушының шешу жолын тыңдай алады. | 3 слайд 4 слайд 5 слайд 6 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақты қорытындылау Оқушылардан сабақ бойы жасаған жұмыстары мен жеткен мақсаттары туралы ойлануы сұралады. Оқушыларға «бағалау парағын» таратылады. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы өздерін бағалайды, ол үшін оқушылар сәйкес шеңбердің бөлігін бояйды. Үй тапсырмасы: Теңдеулерді шешіңіз: | Звавич Л.И., Рязановский А.Р. Алгебра. 8 класс. В 2 ч. Ч. 2. Задачник для учащихся общеобразовательных учреждений – М.: Мнемозина, 2010. – 271 с. : ил. 181, 184, 188 беттер | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау оқу материалын таңдау кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру арқылы жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушылар үшін мектеп бағдарламасынан тыс материалдар беріледі. Бірақ оқытылып жатырған тақырыптан тыс емес. | Өзін-өзі бағалау үшін дайын шешімі көрсетілген парақтар қолданылады, сонымен бірге өзара бағалау стратегиясы да қолданылады. | Сынып бөлмесі сабаққа дейін желдетіледі. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?