Квадрат үшмүше. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат үшмүше

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

Сабақ мақсаттары: Квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын біледі және түсінеді; квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын қиын емес жағдайларда бөліп алуды меңгереді.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Бұрынғы білімдерін белсендіру
  • Сабақ мақсатын қою
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
    • Квадрат үшмүше түбірі ұғымын енгізу
    • Үшмүшеден толық квадратты бөліп алуды көрсету
  • Бекіту
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Анықтама:

ax2+bx+c түріндегі көпмүше квадрат үшмүше  деп аталады.

Мұндағы: х - айнымалы; a,b,c – коэффициенттер және а≠ 0. Квадрат теңдеу жағдайындағы сияқты a – квадрат үшмүшенің бірінші коэффициенті, b - екінші коэффициенті, с – бос мүше.

Квадрат үшмүшенің түбірі деп, осы үшмүшенің мәнін нөлге айналдыратын санды айтады.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың жұптағы/топтағы/бүкіл сыныппен ойларымен бөлісуін қолдаңыз, сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға уақыт беріңіз (1-2 мин).

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

Базалық деңгей

Күрделі деңгей

 Тік төртбұрыштың қабырғасы 5см және 3см екені белгілі. Осы тік төртбұрыштың үлкен қабырғасын aсм – ге қысқартып, ал қысқа қабырғасын ұзартқан. Қандай мәнінде тік төрбұрыштың ауданы ең үлкен мәнді қабылдайды?

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмаларға берілетін жауаптар презентация слайдтарында бар. Олар өзін-өзі, өзара бағалауды ұйымдастыруда пайдалы болады.

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

Қосымша 2 жауаптары:

№1. а) 5 және 3; б) 0 және 0,5; в) 2 және -2.

№2. 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) 2; 6) .

№3 а) ; б) ; в) .

№4. b=2.

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012. 14-бет.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2010. — 384 с. : ил.

Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. Учебное пособие. М.: Интеллект-Центр, 2013. 108-бет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу