Нақты сандар. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Нақты сандар
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқу мақсаты: 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын біледі;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- иррационал сан ұғымын біледі, иррационал сандарды олардың жазылуы бойынша анықтайды;
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Өткен материалдарды қайта жаңғырту
- Жұптық жұмыс
- Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау.
- Үй тапсырмасы. Рефлексия.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және Білімланд сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылымыңыз болса, онда оны қолдануларыңызға болады.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін белсенді ету және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «6 сөз әңгіме» сынды тәсіл қолданылды. Бұл тәсілде әрбір оқушы қарастырылған софизм бойынша тура 6 сөзден ғана тұратын әңгіме құрастыруы қажет.
Сабақ бойы немесе аяғында оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі қателеріне назар аударып, оларды үнемі басты назарға алыңыз.
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Жеке жұмысқа баға бермес бұрын, оқушыларға бағалау критерийлерін жасауды сұраңыз, олардың көмегімен оқушылар өз жұмыстарын тексереді. Орындау кезінде мұғалім критерийлерді тексереді, қажет болған жағдайда толықтырады.
Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.
Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл. Москва «Просвещение» 2001.
Білімлэнд, www.bilimland.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?