Алгебралық бөлшектерді көбейту. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4С Алгебралық бөлшектер | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ташкенбаева Айнур Умирбаевна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алгебралық бөлшектерді көбейту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Бекіту сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.2.1.20 алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Алгебралық бөлшектерді көбейту амалын қайталау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлім бойынша лексика және терминология алымы, бөлімі; айнымалының мүмкін мәндері; өрнектердегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиыны; рационал өрнек; бүтін өрнек; бөлшек өрнек; алгебралық бөлшек; бөлшектерді қысқарту; бөлшектің негізгі қасиеті; толықтауыш көбейткіш; қысқартылмайтын бөлшек; бөлшектерді көбейту (бөлу); бөлшекті дәрежеге шығару; сатылы бөлшек. Оқытудың тілдік мақсаты - алгебралық бөлшектерге көбейту амалын қолдануды түсіндіреді. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - … бөлшектің мағынасы болмайды; - ...болғанда ғана бөлшек нөлге тең болады ; өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу үшін …;
- бөлшекті оған теңбе-тең бөлшекпен алмастыру деп ... түсінеміз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірін-бірі тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, өздігінен үйренуге талпыну, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика тарихы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Өрнектерді түрлендіре білу, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Үй жұмысын тексеру: оқушылар қасындағы отырған сыныптасымен дәптерлерін алмасу арқылы бір-бірінің үй жұмысын арнайы жасалған дайын жауаппен тексереді. 1.
Әртүрлі жауап шыққан жағдайда мұғалімнен көмек сұрау арқылы есеп талқыланады. 2. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау. | Слайд 1-2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Т 12 минут Ж 15 минут Ө 10 минут | Алдыңғы сабақта алгебралық бөлшектерді көбейту тақырыбы бойынша меңгерілген білімді қолдана отырып, оқушылар есептер шығару арқылы өткен сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін көрсете алады. Топтық тапсырма: Тарсия ойыны Топтық тапсырманың ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін арттыру. Әрбір оқушының топтық жұмыста тапсырмаларды қаншалықты дәрежеде орындап жатқанын, әрбір оқушының қасына келіп бақылап, кері байланыс қажет болған жағдайда беру. Топтарда доминолар дұрыс құрастырылған болса, онда тапсырма дұрыс орындалды деген сөз. Жұптық тапсырма: Әрбір сыныпта оқу жылының басында жасақталған таяқшаларда жазылған есімдері бойынша, мұғалім кездейсоқ екі-екіден таяқшалар таңдап, жұптарға бөліп отырғызады. Есепті шығарудың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар жұптық жұмысты орындайды. Сәйкестендіру (әрбір тапсырманың дұрыс жауабына байланысты «алгебралық бөлшек» терминіне қатысты ғалымның аты құрастырылады):
Мұғалім оқушылармен бірге ғалымның математикадағы «бөлшектер» тақырыбына қосқан еңбектері туралы оқушылардың өздерінен ақпарат шығару мақсатында шағын сұхбат жүргізеді. Жеке тапсырма:
Бағалау кестесі: мұғалім бағалау кестесі бойынша оқушылардың жеке жұмысын тексеріп шығады
| Үлестірме 1 А.Н. Шыныбеков. Алгебра, 7. Алматы, 2012 Үлестірме 2 Б.Г.Зив В.АГольдич Дидактикалық материаладар Алгебра 7 сынып 2009 Үлестірме 3 А.Н. Шыныбеков. Алгебра, 7. Алматы, 2012 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 5 минут | 3. Бағалау. Мұғалім бағалау кестесі бойынша әрбір оқушының сабақ мақсатын қаншалықты дәрежеде меңгергенін айтады. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Оқушылардың өз-өзіне кері байланыс беруге бағыттайтын сұрақтар: 1) бүгінгі тақырыптан жақсы түсінген тұстарыңызды баяндай аласыз ба? 2) бүгінгі тақырыптан түсініксіздеу болған тұстарыңызды баяндай аласыз ба? Үйге тапсырма: Амалдарды орындаңыз.
| Үлестірме 4 А.Н. Шыныбеков. Алгебра, 7. Алматы, 2012 № 565 бет 132 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар, басқа оқушылардың сапалы нәтижеге жетуіне ықпал етеді. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Топтық жұмысты және жұптық жұмысты бағалауды арнайы жауаптары бойынша және бақылау арқылы тексеремін. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Сабақ басталмас бұрын оқу аудиториясындағы жиһаздардың орналасуын жұмыстардың түріне (топтық, жұптық және жеке) байланысты дайындау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?