Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4С Алгебралық бөлшектер

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ауданов М.К

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау

Сабақтың типі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды

Сабақ мақсаттары

Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу

Бағалау критерийлері

 

 

Білу және түсіну

Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін біледі;

Білімін қолдану

Бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктей алады;

Білімін қолдану

Алгебралық бөлшекті қысқарта алады және ықшамдай алады;

Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика және терминология

Алгебралық бөлшектер анықтамасын айта алады, алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіре алады.

Келесі терминдерді дұрыс қолданады:

  • бөлшектің алымы мен бөлімі;
  • рационал өрнек;
  • бүтін өрнек;
  • алгебралық бөлшек;
  • бөлшектің негізгі қасиеті;
  • бөлшектерді қысқарту;

 Құндылықтарды

 дарыту

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;

 Пәнаралық

 байланыстар

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Өрнектерді түрлендіре білу, алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу дағдысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушыларды екі топқа бөлу. Түрлі-түсті фигуралар  таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы айтылады.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау.

- Оқушылар топта сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылап айтады.

Түрлі- түсті фигуралар

Презентация

Слайд 1-2

Сабақтың ортасы

Қайталау

5 минут

5 минут

2 минут

10 минут

11 мин

2 минут

1. Білу.

Тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдерді еске түсіру:

  • Қысқаша көбейту формулалары
  • Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару
  • Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу
  • Бөлшектің негізгі қасиеті

Оқушылар бөлшектерді қысқартуға қатысты есептерді орындайды.

2. Түсіну. Оқушыларға тақырыпты жақсы түсіну мақсатында жай бөлшектің негізгі қасиеттеріне қолданбалы мысалдар келтіру ұсынылады, (мысалы: жарты қорап және үштен бір қорап тәттілерді қосу т.с.с). Алгебралық бөлшектерге мысалдар, мысалы жүрілген жолдың уақытқа қатынасы, тіктөртбұрыштың ауданының қабырғасының ұзындығына қатынасы т.с.с.

Сергіту сәті. Музыка әуенімен билеп жүріп, музыка әуені тоқтаған кезде бір-бірін ұстап қалып,жұптарға бөлінеді.

3. Қолдану – талдау. «Алгоритм» ойыны.

1)Оқушылар жұптасып №490 1) және 3) есептерін орындайды, шығарылу жолдарын бір-біріне түсіндіреді.Үлгерімі төмен 3 оқушыны тақтаға шығарып бөлшектерді қысқартуға бірнеше есептер беріледі. Қажет болса түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

2) Деңгейлік тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс.

І деңгей – №498 (3, 4)

ІІ деңгей – №500 (1,4)

ІІІ деңгей - № 506 (1)

3)Жеке жұмыс. Тренинг.

Берілген алгебралық бөлшектерді қысқартыңыз.

5)

6)

7)

8)

Қосымша

тапсырмалар

Жұмысты орындап біткеннен кейін оқушыларға есептердің шешуі таратылады, оқушылар өз жұмыстарын берілген жауаптары бойынша тексереді, қателерімен жұмыс жасайды.

4. Жинақтау.

алгебралық бөлшектерді қысқарту амалының өмірде қайда қолдануға болатыны туралы оқушылармен бірге қолданбалы бағытын талқылау жүргізу және оқушылардың пікірлерін тыңдау

Презентация

Слайд 3, 4

Ә.Н.Шыныбеков

Алгебра

7 кл Алматы

«Атамұра»

2012 жыл

108-115 б.

Ә.Н.Шыныбеков

Алгебра

7 кл Алматы

«Атамұра»

2012 жыл

114 б.

Презентация

Слайд 5

Қосымша

Қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

5. Бағалау. Оқушылар бағалау парағы бойынша бір-бірін және өзін-өзі бағалайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Үй жұмысы:

  • Алгебралық бөлшектерді қысқарту ережелерін жаттау.
  • №509 2), 4);

№510 1) есептерді шығару

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Бағдаршам» әдісі

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім ?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

сұрақтарына жауап стикерге жазылады

Слайд 6

Слайд 7

Ә.Н.Шыныбеков

Алгебра

7 кл Алматы

«Атамұра»

2012 жыл

115 б.

Слайд 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Арнайы критерий арқылы өзін-өзі бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу