y=ax^3 (a≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Функция. Функцияның графигі | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Зыкрина С.Ж. | |||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | у=ах3 функциясы, оның графигі және қасиеттері | |||||
Сабақ түрі | Жаңа материалмен танысу сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу; | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы сабақ мақсатына жетеді, егер: - графикті салу үшін кестені құрады; - графикті салады; - функция графигі мен а коэффициентінің таңбасы арасындағы тәуелділікті анықтайды; - функцияның дайын графигі бойынша коэффициент мәнін анықтайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: – функция графигі; – сызықтық функция; – сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті; – парабола, кубтық парабола; – парабола төбесі;
– гипербола. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – парабола тармақтары (жоғары, төмен) бағытталған, өйткені ... ; – функцияның графигі ... симметриялы; – егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... . | |||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Психологиялық тренинг, еометриялық интерпретациялар | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар | |||||
Бастапқы білім | Функция және функция графигі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||
Сабақтың басы 3 минут | Сабақ басында мұғалім мен оқушылар сәлемдеседі. Мұғалім оқушылармен коллаборативті орта құруға бағытталған «Тілек» тренингін өткізеді. Сынып оқушылары бір біріне тілек білдіреді. Тілектері қысқа болуы керек, мүмкін болса бір сөзден. Аталған жаттығу нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасында айқындық қалыптасады. | |||||
Сабақтың ортасы 3 минут 3 минут 8 минут 5 минуты 10 минут 10 минут | Үй тапсырмасын талдау. Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды. Жаңа материалды түсіндіру. Жаңа тақырыпты енгізу мақсатында мұғалім оқушыларға таныстырылым бойынша сұрақтар қояды. Слайд № 3 1. А(-1,0); В(2,1;4,25); С(-4;16); Д(7;19); Е(0;0) нүктелерінің қайсысы у=х2 функциясының графигіне тиісті болады? 2. Функция у=х2 формуласымен берілген. Егер х=0; -1; 2; -4 болса, у мәнін табыңыз; 3. Функция у=х3 формуласымен берілген. Егер х=-1; 2; 3 болса, у мәнін табыңыз; 4. Бүгін қандай тақырыппен танысамыз деп ойлайсыңдар? Теңдеулерді айыра отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Бұдан кейін оқушы оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтайды. Слайд № 4 Мұғалім у=ах3 функциясына келтірілетін мысалдарды ұсынып, функция анықтамасын ұсынады. Практикалық тапсырма (Слайд № 5-8) Оқушылар жұптаса отырып у=х3 функциясының графигін салады және дайын график бойынша функция қасиеттерін сипаттайды. Мұғалім сұрақтар қояды: - Берілген функциялардың анықталу облыстарын табыңыздар. - Берілген функциялардың мәндерінің облыстарын табыңыздар. - Функциялардың х=0 болғандағы мәнін табыңыздар. - Функцияның өсетін аралығын табыңыздар. - Функцияның кемитін аралығын табыңыздар. Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Жауаптар слайдтармен тексеріледі. Екінші практикалық тапсырма. Мұғалім жұптарға тапсырма береді: Алдыңғы кестені пайдалана отырып функциясының графигін кескіндеңіз Слайд № 9 Мұғалім сұрақтар қояды: - функциясымен салыстырғанда алынған функцияның қасиеттерінде айырмашылық бола ма? - График несімен ерекшеленеді? Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар ережені қорытады және мұғаліммен бірігіп ережені жазып алады. Бекіту. Жұптық жұмыс. Оқушыларды негізгі және жоғары деңгейлі қабілеттері бойынша жұптарға бөліңіз. Мұғалім оқушыларға қиындық деңгейі бойынша дифференциацияланған тапсырмаларды орындауға ұсынады. Тексеру дайын жауаптар бойынша оқушылардың өздерімен орындалады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда қолдау көрсетеді. Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады. Жазбаша формативті бағалау. Оқушылар жазбаша жұмыс орындайды (негізгі және жоғарғы деңгей бойынша). Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік. Дескрипторлар: Білім алушы - графикке тиісті нүктелерді табады; - берілген аргумент мәні бойынша функция мәнін анықтайды; - функцияның берілген аралықтағы бірсарындылығын анықтайды Үй тапсырмасы. Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді. | Презентация. | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды. “Сөйлемді жалғастыр” 1. Бүгінгі білгенім…2. Қызықты болғаны…3. Қиын болғаны…4. Орындаған тапсырмаларым…5. Түсінгенім…6. Жасай аламын…7. Сезінгенім…8. Сабақтан алғаным…9. Үйренгенім…10. Қолымнан келгені…11. Орындай алғаным…12. Тырысып көретінім…13. Таңдандырғаны14. Жасағым келетіні… | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Деңгейлер бойынша саралау жеке жұмыс барысында жүзеге асырылады. | Әр сабақ кезеңінен кейін бағалау орындалады (өзіндік, жұпта бағалау немесе мұғалім бағасы). | Әртүрлі әрекет формалары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?