Бейтаныс планетаға жету. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 4-тоқсан

17.04.18

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бейтаныс планетаға жету

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.7.1 Мұғалімнің қолдауымен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау.

 Сабақ мақсаттары

Мәтін құрылымын анықтау.

 Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің құрылымын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Ғаламшарлар тақырыбында сөздік қорлары молаяды.

 Миссия. Пайымдау. Аз Жаһандық азаматтық.

Ғарыш тақырыбында қызығатынын, білім алуға дайын екендерін білдіреді.

 Құндылықтарды дарыту

Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Тыңдағаны бойынша пікір алмаса алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ)  «Сен білесің бе?» сұрақтары

1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады?

2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер?

3. Жердің серігі не?

4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады?

5. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?

6. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды?

7. Қазақ ғарышкерлерін кімдер?

8. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады?

Сабақ ортасы

35 минут

(Ұ) Суретпен жұмыс.

Сурет желісі бойынша әңгімелеседі. Оқиға бөліктерін ажыратады.

(Ө), (Т) «Инсерт» стратегиясы арқылы бұрыннан білетін және «Ғарыш дегеніміз не?» мәтіні бойынша ақпаратты  кестеге толтыру. 

«V»- 

білемін 

«+»-жаңалық 

«?»- түсіндіріңіз, зерттеймін 

Ғарыш дегеніміз не?          Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның  кеңістігі    соншалық, аспан денелерінің   бір-бірінен қашықтығын  Жердегі өлшеммен,  айталық, километрмен   өлшеу  мүмкін емес.        Жарық секундына  300000 км  жылдамдықпен таралады. Ол Жерге  Айдан  1,3  секундта , Күннен 8 минуттан  сәл  астам уақытта    жетеді .  Бізге ең   жақын жұлдызға  дейінгі аралықты   жарық   4   жылда жүріп өтеді.  Құрамына Күн жүйесі  кіретін  Әлемнің  шағын ғана бөлігі-  Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық   100 мың   жылда   әрең   жетеді.   Ал алыстағы  галактикалар бізден бірнеше   миллиарджарық жылындай қашықтықта тұрады.       Ғарыштың   құрамдас   бөліктеріне:      жұлдыздық   жүйелер   –   галактикалар,   олардың   аралықтарындағы     әлемдік   бос кеңістіктер, әлемдік   шаң –тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-  түкпірінен тасқындап таралатын түрлі   сәулелер жатады.    Жерді қоршаған бүкіл дүние- Әлем немесе  Ғарыш деп аталады. 

(Ұ,ОТ) «Байқоңыр бекеті» мәтінін оқу.

(ҚБ) Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату.

(Дифф.) Сұрақтарды, тірек сөздер мен сөйлемдерді, «Инсерт» кестесін, мәтінді, энциклопедиялар мен сөздік кітаптарды пайдаланып, жаңалық, сызба, жарнама, постер құрастыру және қорғау.

Тірек сөздер мен сөйлемдер

Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш

Ғаламшар-адасушы жұлдыз.

Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.

Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.

Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.

Қарсы мәндес сын есімдер:

жарық – қараңғы

үлкен – кіші

ұзын – қысқа

суық - ыстық

ауыр -жеңіл

АКТ да мәлімет алады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. «Ғаламшар» Оқушылар тақырыпты қаншалықты түсінгендерін қаламшарлар ретімен тұру арқылы көрсетеді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай беріледі.

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату білігі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ да жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу