Сауысқан (ертегі). 3 сынып


Сауысқан (ертегі)

 Тыным таппай сүйреңдеп сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті, тіптіас-су ішуден де қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан Тырнаға жалыныпты,

 -Тырнашым, тілімді емдеп бере гөр! Сен ауруды шөппен емдейді дейді ғой.

 - Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын! – дейді Тырна.

 - Ә, солай ма! – деп, Сауысқан ашуға мінеді.

 Ендеше, маған өкпелеме, жаман атыңды бүкіл орманға жайып, гулейтін бәлем!

 Сауысқан Қабанға барып арыз айтады.

 -Менің көмегім керек болған екен ғой саған, ә? Ендеше әкел сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады,- дейді Қабан:

 «Сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты» деген сөз бүкіл орманға тарап кетіпті. Кешкісін сауысқан тіпті сөйлей алмай қалады.

 -Енді саған ешкім де көмектесе алмайды! –дейді Үкі.

 -Неге?-дейді Сауысқан мұғайып.

 -О баста тіліңе ие болуың керек еді. «Сатып алған аурудың емі табылмас» деген осы.

 

 1-қосымша

- Балалардың жасы нешеде?

- Немен айналысады?

- Мінездері қандай?

- Көңіл-күйлері қандай?

2-қосымша

Сауысқан әрі қарай не істейді,болжа?

3-қосымша

Ертегі жалғасын оқы

4-қосымша

Сауысқанның іс-әрекеті мен мінез- құлқының өзгеру себептерін анықта.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу