👈 қаріп өлшемі 👉

Ә. Табылды Аман мен телефон. 3 сынып


Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Ә. Табылды Аман мен телефон

Оқу мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: әңгіменің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді, құрсатырған жоспар бойынша әңгіменің мазмұныны айта алады;

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетінінің өзгеру себебін анықтап, бағалай алады; шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, өз сөзімен мазмұндайды;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетін бағалап, өмірмен байланысытырады, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, таңдауына қарай мазмұыны айтады.

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына баға береді;
  • Әңгімені логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды;
  • Жоспар құрастырады;
  • Құрастырған жоспары бойынша әңгімені мазмұндайды.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Телефонның түстерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

«1-тапсырма

«Интервью» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Телефонмен қанша уақыт сөйлесесіз? Телефонсыз өмір сүруге бола ма? Телефонның пайдасы бар ма? Телефонның қандай зияны бар? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Әр сұрақ бойынша оқушылар топта талқылап, сыныпқа жауап береді. Барлық оқушыларға өз ойларын айтуға, оқушылардың жауабын толықтыруға мүмкіндік жасалуы керек.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

ҚБ Оқушылар бірін – бірі қол шапалақтау арқылы бағалайды.

2- тапсырма Әдібай Табылды «Аман мен телефон»

Тапсырма орындау үшін нұсқаулық

(Ө;Ж) Мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Түсініксіз сөздерді белгілеп оқитындарын оқушыларға алдын ала ескертіңіз. Сөздікпен жұмысжүргізіледі.

Саралау: Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма «Сұраққа жетіп ал»әдісі

Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтар қойып және сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін алдымен әңгімеге қайта шолу жасап, топта ақылдасады. Оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қояды.1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді

Үлгі:

-Аман ата-анасын тыңдамауының себебі неде?

-Аманның телефонға әуесқойлығын қалай қойдыруға болады?

-Ол өз қателігін түсіне ме?

-Әдепсіз,намыссыз бала өзін бақытсыздыққа әкеледі дегенді қалай түсінесің?

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

ҚБ «От шашу» арқылы бағалау

Топтар бір-бірін от шашу арқылы бағалайды

«Бұзыылған телефон» ойыны (Сергіту сәті )

Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Т) «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша мәтінді бөліктерге бөлу. Әр топқа флипчарт таралылады. Флипчарттың әр бұрышына оқушылар жеке құрастырған жоспарын жазады. Ақылдаса отырып, флипчарттың ортасына ортақ жоспар жазылады. Оқушылардан мәтінді неше бөлікке бөлуге болатыны сұралады. Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, ат қою, жоспар құрастыру. Әр топ өз жоспарымен таныстырады. Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтады.

Жоспар үлгісі:

  • Сабақтан келген Асан.
  • Үй тапсырмасын орындаған Досан.
  • Реніш.
  • Алған баға.
  • Алар үлгі.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді.

ҚБ «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау.

5-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө;Ж) Мәтінен қандай қорытынды шығардың? Аманға қандай кеңес бересің? Кеңесіңді жаз.

Тапсырма жеке орындалады. Жұппен талқыланады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін алдымен әңгіменің мазмұнын, кейіпкерлерді еске түсіреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұптар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

ҚБ ««Екі жұлдыз,бір тілек»» әдісі арқылы бағалау.

Сабақтың соңы

«Ауа райы» кері байланысын пайдалану

Күннің көзі

Бұлт

Жаңбыр тамшылары


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы