Шығарманың жоспарын құру. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1 Шығарманың жоспарын құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы теріп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану

Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді теріп оқиды
  • Мәтінді логикалық бөліктерге бөледі
  • Әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады
  • Сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісін көреді.

Бастапқы білім

Мәтінді теріп оқи алады, өзін-өзі бақылауды және жоспар құруды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату тапсырмасы: «Жартысын тап» ойыны. Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа суреттердің бөліктері беріледі.

Оқушылар барлық топтың ішінде жүріп, суретті құрастырады. Құрастырған суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

Оқу мақсатын анықтау: Суреттерді қалай құрастырдыңдар? (Бөліктерін жинастырдық) Қандай бөліктерін құрастырдыңдар?

Сабақ мақсаты: шығарманы логикалық, бөліктерге бөліп, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттер қолдану.

Күз мезгілінің суреті

3 слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

7 минут

7 минут

4 минут

Оқиық (Ө) «INSERT» әдісі.

1. Ә.Табылдиевтің «Күз кереметі» мәтінін оқушыларға теріп оқи отырып, жоспар құру үшін қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

(Сұрақтаға жауап берейік. (ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. (Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау).

2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.

3.Оқушылар көршісімен бұрыннан білетін, түсініксіз болған, жаңа ақпарат болған, таңқалдырған мәліметтерді айтып, сол мәліметтерді бір - біріне талқылайды.

ҚБ: «Күншуақ»

Анықтайық. ) «Оқиға шыңы» әдісі.

1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар мәтіннің қанша бөліктерге бөлуге болатынын анықтайды. Мұғалім мәтін бөліктерін «Оқиға шыңы» арқылы түсіндіреді: таудың сол жақ етегі - мәтіннің басталуы, таудың басы - мәтіннің ортасы, таудың оң жақ етегі - мәтіннің соңы.

2. Әр топқа тау суреті бар А3 форматтағы қағаз беріледі. Топ ішінде оқушылар жұппен жұмыс кезінде жинақталып, сараланған мәліметтеріне сүйене отырып, стикерлерін «Оқиға шыңына» сай бөліктеріне орналастырады

3. Нәтижесінде мұғалім нақты мәтін бөліктерін оқиды, топ мүшелері стикерлерді дұрыс мәтін бөліктеріне сай қайтадан орналастырады.

ҚБ: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Құрастырайық ). «Құрастыр, сосын жауап бер»

1. Мұғалім әр топқа «Оқиға шыңындағы» мәтін бөліктеріне жапсырған стикерлеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.

2. Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1.Бақшадағы жұмыс

2. Келген қонақтар

3. Түскі ас

4. Омар атайдың әңгімесі

5. Қолғабыс

 ҚБ: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

Орналастырайық. (Т) «Оқиғалар желісі» әдісі.

1. Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады.

2 Оқушылар жоспарға сүйене отырып, оқиға желісін ретімен орналастырады.

3.. Мұғалім интербелсенді тақтадан дұрыс орналасқан оқиға желісін көрсетеді

ҚБ: «Бағдаршам». Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды немесе жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

4 слайд

1-қосымша

Түрлі-түсті стикерлер

5 слайд

6 слайд

7 слайд

8 слайд

2-қосымша

9 слайд

Интербелсенді тақта

10 слайд

3-қосымша

Сабақтың соңы

7 минут

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

11 слайд

Саралау

1-тапсырманы орындау қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігі түсінгендеріне көз жеткізу.

4-тапсырманы орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.

Дескриптор

  • Мәтінді теріп оқиды.
  • Мәтіндегі қажетті ақпаратты таба алады.
  • Белгілеп алынған ақпараттар бойынша мәтін бөліктерін анықтай алады.
  • Анықталған мәтін бөліктерінен жоспар құрай алады.
  • Жоспар бойынша оқиға желісін орналастыра алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу