Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

 Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақ тақырыбы: Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу: айнымалыларды анықтау, зерттеуді жүргізу, нәтижелерді жинақтау, талдау, қорытындылау.

Оқушылармен сәлемдесу.
Оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру (1-2 слайдтар)
Оқушылардың тілдік құзреттілігін тексеру үшін және ағылшын тілінде терминдерді ары қарай қолдануға ықпал ету мақсатында «Биологиялық дикдант» алуға болады. Оқушыларға 5-6 минут уақыт беру керек. Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздерді ұсынуға болады.

(G) (f) Тәуекелдерді бағалау: Оқушылармен бірге қауіп-қатер көзі анықталып, барынша азайту шаралары талқыланады.. Оқушылар нұсқау парағындағы «Тәуекелдерді (қауіптілікті) бағалау» кестесін толтырады:

Талқылаудан соң барлық оқушылар мен мұғалім техника қауіпсіздік журналына қол қояды.

(I) (f) Гипотезаны анықтау арқылы оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі.
Қызылшаның жасуша мембранасына факторлар (жоғары температура, этанол) әсер еткенде, беталаин пигменті босап шығып, сынауықтағы ерітіндінің түсі қанық қызыл түске боялады (жасуша мембранасы бұзылады)

G (f) Оқушылар жұппен айнымалыларды анықтап, кестені толтырады.
Айнымалылар – тәжірибенің соңғы нәтижесіне әсер ететін барлық фактор
Тәуелсіз айнымалы – әсер ету ерекшелігі (механизмі) зерттелетін, тәжірибе жасаушы өзгертетін фактор: температура
Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалының әсерін көрсетітін, тәжірибенің гипотезасын растауда қолданатын оң нәтиже алуға ықпал жасайтын фактор: қызылша бөліктері салынған сынауықтағы ерітіндінің (су) түсі

Бақыланатын айнымалы – барлық тәуелсіз айнымалының нұсқасында сақталуы шарт факторлар. Тәжірибедегі қателіктерді азайтады: температураның барлық шамасында (400С, 800С) сынауықтардағы қызылшаның көлемі мен саны бірдей болуы керек, барлық сынауықтарға бірдей көлемде су құйылуы керек, барлығы бірдей уақытта су моншада ұсталуы тиіс. Аталған айнымалының біреуінің өзгеруі нәтиженің дұрыс шықпауына алып келеді. Бұл оқушылардың зерттеушілік дағдыларының, жауапкершілікті сезінулерінің дамуына оң ықпал етеді.
E / G (f) Нұсқаулық бойынша жұмысты орындайды.

W (f) Сыныптың нәтижелері өзара салыстырылады. Нәтижелер мен пікірлер талданады.
Жоғары темперутамен әсер еткендегі сынауықтағы ерітінді тұсы қанық болып боялу себебін түсіндіріңіз?.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 141



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?