Үйрен білім жастықта (3 сынып, II тоқсан)

 Үйрен білім жастықта (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Үйрен білім жастықта
Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: -шығарманы түсініп оқиды;
-мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді;
-шығарма кейіпкеріне хат жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы «Шаттық шеңбер»
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолына құстың суретін немесе ойыншығын алып, қасында тұрған балаға тілек айтады: «Бұл- бақыт құсы. Ол саған зор денсаулық әкелсін деп тілеймін!» деп құсты қасында тұрған оқушыға ұсынады. Оқушы келесі оқушыға тілек айтып құсты береді, осылайша шеңбер бойымен жалғасып кетеді.
- Қалай ойлайсыңдар, бақыт құсы өмірде бар ма?
Сұрақтың жауабын талдай отырып сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө,ЖЖ) «Менің бақыт құсым» тақырыбына өздерінің қиялдарындағы бақыт құсын белгілі уақыт ішінде сипаттап айтады немесе жазады, суретін, мүсінін жасатуға болады.
- Оның түсі, көлемі қандай?
- Онда қандай қасиеттері бар?
- Одан не сұрар едің? сияқты сұрақтар қоюға болады.
Жұптағы баламен құсты бір-біріне сұрақтар қою арқылы сипаттайды, ол құстан не қалайтынын айтқысы келсе айтады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар өз шығармашылықтарына қарай орындайды. Тапсырманы ауызша, жазбаша, сурет, мүсін, ән арқылы да орындауға болады.
(Б) Кері байланыс беру арқылы бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
2- тапсырма
(Ө,Т)«Броун қозғалысы» әдісі арқылы оқушыларды 4-тен үй топтарына бөлу керек. Оқушыларға «Джигсо» әдісімен оқулықтағы Ы.Алтынсариннің «Бақыт құсы» мәтінін оқиды. Әр бала басқа топқа барып, оқыған бөлікті топпен бірлесіп талдайды, түсінеді. Бастапқы тобына келіп өзі оқыған бөлікті басқаларға жеткізеді, түсіндіреді. Кейін барлық оқушы мәтінді жеке тағы оқып шығады, оқу барысында түсініксіз сөздерді дәптерге жазып, мағынасын сөздіктен іздеп табады.
-Әмзеге бақыт құсы не үшін қажет болды?
-Әмзе қандай адам деп ойлайсың?
-Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.
3-тапсырма
(ЖЖ, Т) «Балалық шақ» деген сөзді қалай түсінеді, осы сөзді естігенде ойларына не келеді? Осы сөзге байланысты «Ассоциация» толтырады.
Қызықты кез Үйренетін шақ
Тез аяқталады
(Б) Оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып, кері байланыс беру арқылы бірін-бірі бағалайды.
4 тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ж, ЖЖ)
-Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересің? Осы сұраққа жауап беру мақсатында оқушылар әңгіме кейіпкеріне хат жазады. Тапсырманы жеке орындайды, жұпта оқып, бірін-бірі тексереді, дескриптор бойынша бағалайды.
(ҚБ) дескрипторлары:
- кейіпкерге хат жазады;
- ойын жүйелі жеткізеді;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;
- қатесіз, сауатты жазады
Саралау. Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Орындап болған оқушылар өз қалауы бойынша «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып хаттарымен таныстыруына болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 306



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!