👈 қаріп өлшемі 👉

Достық байланыстар (7 сынып, III тоқсан )

 Достық байланыстар (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Достық байланыстар
Сабақтың түрі Қайталау, алдынғы білімді бекіту сабағы.
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме жазу дағдысын дамыту.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіру, оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Барлық оқушылар:
Стиль, жанр ерекшеліктерін түсініп, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алады
Оқушылардың көбісі:
Жазба жұмысын сауатты орындайды, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануға тырысады, сөйлеу тіліндегі интонацияның логикалық екпіннің қойылу себебін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар:
Көркемдегіш құралдарды еркін қолданады, публицистикалық стильмен қатар авторлық стильді байланыстыра алады, мәтінді мәнерлеп оқиды.
Сабақ барысы: Оқушылар «Достық» деген сөзге ассоциативті карта сызып, ойларымен бөліседі. Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. ОМ мен ЖК танысады.
 Достық байланыстарға нені жатқызуға болады?
 Халықтар достығы дегенді қалай түсінесіздер?
 Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға мысал келтіріп көріңіздер
Оқушыларға «РАФТ» әдісіне негізделген тапсырмалар ұсынылады. Тақырыптың біреуін ғана таңдауға болатыны ескертіледі. Авторлық стильді таңдауға еркіндік беріледі. Кестені көлденең оқу керек.
Роль
(мәтін кімнің атынан жазылады?) Аудитория
(кімге арналып жазылады?) Форма
(мәтіннің түрі) Тақырып
(қандай тақырыпта жазу керек?)
Әңгімедегі негізгі кейіпкер/автор атынан Көпшілік оқырман Шағын әңгіме Татулық – достықтың бесігі.
Достық Үйінің қызметкері «Шаңырақ» газетінің оқырмандары Шағын мақала Қазақстан –ортақ үйіміз.
Мектеп көшбасшысы 7-сынып оқушылары Нұсқаулық Дос болайық бәріміз!
Жазылымға дайындық жұмысы
«Екі жақты күнделік». Оқушылар «Достық байланыстар» атты бейнебаянды тамашалап, жазба жұмысының идеясын ашуға мәлімет жинайды.
Бейнебаяннан алынған мәлімет Жазба жұмысымда қалай қолданамын
Бір жанұя Қазақстан халқы бір үлкен жанұя
Ауырлықты көтере алу Бірлік бар жерде тірлік бар
... ...
«Күнделікті» толтырып болған соң, жазба жұмысын орындауға кіріседі.
Алдын ала әзірленген шаблондар/жоспар оқушыларға нұсқаулық немесе мақала жазуға көмек келтіреді.
Шаблон үлгісі:
1. Алғы сөз (Құрметті...)
2. Күн тәртібіндегі мәселеге тоқталу (қазіргі жастар арасында ...)
3. Мәселенің өзектілігі
4. Мәселені шешу жолдары (нақты қадамдар көрсетіледі)
5. Қорытынды (үндеу)
Сыныптан 3-4 оқушының жұмысы жаппай тексеріледі. Оқушы жұмысын өзі дауыстап мәнерлеп оқып береді. Сыныптастары мәтіннің стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес жазылғанын қадағалап, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіруге дайын отырады. Өзара бағалаудың «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.
Мұғалімнің кері байланысы.
Тексерілмеген жұмыстар мұғалімге тапсырылады. .....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы