Сабақ жоспары: Суды үнемде (Қазақ тілі, 3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Сабақ жоспары: Суды үнемде (Қазақ тілі, 3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Суды үнемде
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің негізгі ойын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Осы бізде,
Өзімізде,
Табиғатты қорғаймыз
Жақындықты
Татулықты,
Қостаймыз!
Оқушылардың белсенді қатысуымен қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа деген құлшынысын ояту.
Ой шақыру
Ұ Сынып оқушылары санамақ арқылы топқа топтастырылып, жұп және тақ сандар болып екі топқа бөлінеді. Екі топтың қатысуымен «Адасқан әріптер» ойыны жүргізіледі.
Жұп сандар тобы:
С.... ар.... (суару)
Б... қш...... (бақша)
Т ... рш.....л..... к (тіршілік)
К...ме ..... (көмек)
Тақ сандар тобы:
Т.... щы (тұщы)
Ш...лде .... і (шөлдеді)
С... ар.... ы (суарды)
Л...с (лас)
- Балалар, бұл сөздердің сабаққа қандай қатысы бар?
-Әрине, дұрыс айтасыздар! Су тақырыбымен байланысты.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Мәтін мазмұнын түсінемін;
• Грамматикалық нормаларды сақтаймын.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Сөздерді қажетті суретке орналастыр.
Үнемде, теңіз, тамшы
Сурет арқылы сөздердің мағынасын түсініп, жай сөйлем құрастыр.
Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.
(МК,Ұ)
1-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Мәтін:
Әлемде ащы су көп ,тұщы су аз. Біз ащы суды ішпейміз. Тұщы суды ішеміз, тамаққа пайдаланамыз.
Суды ластама! Суды үнемде, төкпе! Тамшыдан теңіз құралады. Судың да сұрауы бар. Сен суды қалай үнемдейсің?
Сұрақтар:
 Мәтін не туралы?
 Су қандай болады?
 Суды қалай пайдаланады?
 Суды қалай қолданасыз?
 Суды үнемдеу керек пе?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 603



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Алия Муратбаева
    0 + 0 -
    Сабақ жоспарларының толық, түсінікті, өте тиімді әртүрлі әдіс -тәсілдермен жасалғаны ұнады
  2. АСЫЛБЕК
    АСЫЛБЕК 24.12.2020 21:03
    0 + 2 -
    КУШТИ