Қолөнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 Қолөнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Қолөнер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
2.2. Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2.2.1.берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы мәтінді түсінеді, жай сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша 3-4 сөйлеммен әңгімелейді.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, құрмалас сөйлем құрастырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Шаттық шеңбер: «Сен керемет жансың, себебі ...»
Оқушы бойындағы бір қасиетті атап, мадақтама сөздер айтылады.
Ой шақыру
(Ұ)
- Бұл сурттен нені байқадың?
- Сабаққа қандай қатысы бар?
- Тақырып қандай болады?
Сабақтың тақырыбын болжау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
• Берілген тақырып бойынша сөйлейді.
Мағынаны тану
Оқылым алды тапсырмасы:
Жаңа сөздерді меңгерту
Тапсырма: Кестеде берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
1 Қолөнер А Сойылған мал не аңның етінен сылынып алынған шикізат..
2 Тері Ә Қолынан іс келетін өнерпаз адам, ісмер, ұста.
3 Шебер Б Қандай да бір бұйым, зат жасап шығаруға баулитын кәсіп.

• Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастырып бекіту
Оқылым тапсырмасы:
• (Ұ) Мәтінді мұқият оқы.
Қазақ халқы өнерге бай. Соның бірі – қолөнер. Қолөнердің түрлері өте көп. Қолөнермен айналысатын адам шебер болады. Шебер адам кез келген заттан түрлі заттар жасайды. Мысалы теріден киім тіге алады. Теріден киім тігу тек шебер адамның қолынан келеді. Қоғамда қолынан іс келетін өнерпаз адамдар өте көп.
• Сұрақтарға жауап бер.
1) Қазақ халқы неге бай?
2) Өнермен қандай адам айналысады?
3) Теріден қандай заттар жасалады?
• Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жаз.
(Қолөнер, шебер, теріден)
• (Ж) Кестедегі сөйлемдерді оқы. Қажетті жалғауды қойып жаз.
-лар, -лер,-дар,-дер, -тар, -тер
Адам.... қолөнермен айналысады.
Қолөнер орталығына жас.... келді. Теріден киім... тігеді.
Тігумен,тоқумен қыз бала.... айналысады. Қоғамда өнерлі жігіт... көп. Қолөнер туындыларымен көше.... безендірілді.
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді;
- тірек сөздерді теріп жазады;
- сөйлемді жалғаулармен толықтырады..
Кері байланыс: Қолөнер туралы не білдің?
«Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 236



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?