Дені саудың - жаны сау (7 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

 Дені саудың - жаны сау (7 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Спорт денсаулық кепілі
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау
А5. Сенімді және еркін жауап беру
Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі жанама және қосымша ақпараттарды анықтау, өмірмен байланыстыру
Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал қалыптастырып алу.
«Алақаннан алақанға» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Бағалау критерийі Дескриптор
Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Негізгі және жанама ақпаратты анықтайды
Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру. Өз көзқарасын сенімді және еркін жеткізе алады
Топтық жұмыс
Оқылым. «Бірін-бірі оқыту» тәсілі. «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Сабақ алдында мұғалім тобында ұстаз рөлін орындайтын оқушыны өздеріне таңдатып,оның міндетін түсіндіріп кету керек. Әр топтағы мұғалім орнындағы оқушы тобындағыларға 2-3 сұрақ беріп, мәтінді қорытады. Туындаған сұрақтарға жауап беріп, қиын жерлерін түсіндіреді.
Кестені толтырады.
Мәтіндегі негізгі ой Негізгі ақпарат Жанама ақпарат Өмірден мысал келтіру
1-топқа арналған мәтін.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
2-топқа арналған мәтін.
Темекі- адам денсаулығына өте зиян.Темекінің құрамында өте улы зат- никотин бар. Оны шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.
Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.
Темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады және олардың тісі тез сарғайып,аузынан жағымсыз иіс шығады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Никотин қан тамыршаларын тарылтады. Бұл өкпе ауруларына шалдықтырады, өкпе ауруымен ауырғандардың 97 пайызы - шылым шегетіндер.
3-топқа арналған мәтін.
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Спорттың көп түрі бар: волейбол, баскетбол, гимнастика, суда жүзу т.с.с. Денешынықтыру сабағы денсаулықты қалыптастыруды негізгі мақсат етеді. Барлық оқушы өз таңдауымен спорт түрлерімен айналысса, бос уақытын тек шынығуға арнаса, ондай оқушы ешқашан да ауырмаса керек. Сонымен қатар адамның таза ауада, табиғат аясында болуы да шаршаған жүйке тамырларын демалдырады, денсаулығын жүйелейді. Сондықтан да спортпен айналысуды дағдыға айналдыру керек. Спортпен үнемі айналысқан адамның ғұмыры ұзақ болады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 525



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?