👈 қаріп өлшемі 👉

Емдеу-тасымалдау іс-шараларының ұйымдастырылуы


Емдеу-тасымалдау іс-шараларының ұйымдастырылуы

4 - тақырып

Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет.

Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды емдеу. А. Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) жөнінде түсінік. Оны ұйымдастырудың қағидалық сызбасы, орналастыру аймағына қойылатын талаптар. Ә. МТК мен соғыс даласында көрсетілетін медициналық көмек түрлері, көлемі. Жаралылар мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі, жүйелілігі және дер кезінде көрсетілуінің маңызы.

Медициналық іріктеудің мазмұны туралы түсінік , оның мақсаты мен міндеттері, аурулар мен жарақаттардың медициналық іріктеуін ұйымдастыруда Н.И. Пиротовтың алатын орны.

«Медициналық тасымалдау» ұғымын анықтау және оның маңызы. Медициналық тасымалдауды ұйымдастыру.

Медициналық қызмет жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда, оның зардаптарын жою үшін жүргізілетін ЕТШ ұйымдастырудың негізгі принциптері. 

Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралар (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет.

Емдеу- тасымалдау шаралар соғыс кезінде Қарулы Күштерді медициналық жабдықтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Әскерде жүргізілетін емдеу- эвакуациялық шаралар (ЕТШ) төмендегідей: жаралылар мен науқастарды іздеу, жинау, оларға медициналық көмектін барлық түрлерін көрсету, тасымалдау, емдеу және медициналық қайта қалпына келтіру. Олардың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы соғыс жағдайында әскердің жеке құрамының жаппай шығындарын қалпына келтіру, яғни соғыс жарақаты немесе науқасы салдаынан қатардан шығып қалғандардың ұрысқа қабілеттілігін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру, олардың өмірін сақтап қалу.

ЕТШ мәні – ұрыс даласында (жаппай санитарлық шығындар ошағында) және медициналық тасымалдау кезендерінде жаралылар мен науқастарға қажетті емдеу шараларын жүйелі және тиімді түрде көрсетуді жүргізу, оларды кешенді емдеуді қамтамасыз ететін бөлімдер мен мекемелерге дейінгі тасымалдаумен ұштастыру.

Құрамадағы ЕТШ міндеті:

Жаралылар мен науқастарды іздеу, оларға алғашқы дәрігерлік көмекті көрсету, жинау, ұрыс даласы мен жарақат ошақтарынан алып шығу, оларды батальонның медициналық пункттеріне жеткізу;

Жаралылар мен науқастарды бригаданың медициналық ротасына корпустың түменнің жеке медициналық отрядына тасымалдау;

Жаралылар мен науқастарға дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік және білікті медициналық көмек көрсету;

Ұрысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мерзімі 5 – 10 тәүлік жеңіл жарақат алғандар мен жеңіл науқастарды емдеу;

Көлікпен жүре алмайтын жаралылар мен науқастарды ЖМО-ға уақытша жатқызу және оларды емдеу;

Жаралылар ен науқастарды госпиталдық базаның емдеу мекемелеріне немесе жергілікті жердегі госпитальдарға тасымалдаға дайындау.

ЕТШ жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:

ЕТШ жүйесіне биология және медицина салаларының ғылыми – техникалық табыстары нәтижелерін енгізу;

Жаралыларды жинау мен оларды соғыс даласынан тасымалдауды механизациялауды қамтамасыз ету;

Медициналық қызмет бөлімдері, бөлімшелері мен мекемелерінің қозғалмалылығын арттыру;

жаралылар жаппай келіп түскен жағдайда пайдалану үшін диагностикалық және емдік әдістерді унификациялау;

Медициналық қызметтің жаралылар мен науқастарды автомобиль, теміржол және әуе арқылы тасымалдау мүмкіндіктерін арттыру. Сондай – ақ, көлікпен жеткізу шарттарын жақсарту;

медициналық қызметтің жаңа шарттарына сәйкес жаңа бөлімдер мен мекемелер құру, медициналық қызметтің көпсалалы госпитальдары мен құрамаларын қалыптастыру, мекемелер мен құрамаларды автоматизациялау;

медицина қызметінің бөлімдері мен мекемелерінің ішкі ұйымдастырылуын жақсарту, оларды жабдықтауды жетілдіру;

Медицина қызметінің құралдарын қалыптастыру және олардың соғыста қолдануға ұсыну мерзімдерін қысқарту. Мүліктерді тасуда, әуеде операция жасау, санитарлық – эпидемиялық зертханалар құру мақсатында әуе жолдарын кеңінен пайдалану және т. б.

Медицина қызметінің басқа да бөлімдері мен салаларын ары қарай жетілдіру;

Медицина қызметінің бөлімдері мен мекемелерін басқару жүйесін жақсарту.

II. Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды емдеу

Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету және оларды емдеуді ұйымдастыру үшін медициналық көмек пен емдеу мекемелерін бірнеше бөліктерге бөлген дұрыс. Мұның мәні – бейбіт кезенде бір жерде көрсетілетін көмек пен емдеудің бірыңғай үрдісі, соғыс жағдайында турлі уақытта бірнеше жерде көрсетілетін жеке емдеу шараларына бөлінеді.

Аталмыш шаралар толығымен тікелей соғыс даласында ( жаппай санитариялық шығын ошақтарында), майданнан тылға эвакуациялау жолдарында белгілі бір ретпен орналыстырылған медициналық пункттер мен емдеу мекемелерінде іске асырылады.

А. Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) жөнінде тұсінік. Оны ұйымдастырудың қағидалық сызбасы, орналастыру аймағына қойылатын талаптар.

Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) деп тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастарды қабылдау, іріктеу, оларға медициналық көмек көрсету, емдеу және ары қарай тасымалдауға дайындау үшін ұйымдастырылған медициналық қызметтің күштері мен құралдарын айтамыз.

Медициналық тасымалдаудың негізгі кезендері:

Бригаданың медициналық ротасы БрМр

Әскердің жеке медициналық (отрядыЖмедЖ)-ЖМО, Арнайы мед отряд-АМО;

Майданның госпиталдық базасының емдеу мекемелері (госпитальдар);

Тылдық госпитальдар.

МТК құрамында:

іріктеу – тасымалдау (БрМр, ЖмедЖ) немесе қабылдау-іріктеу бөлімдері (госпиталдық базаның емдеу мекемелері)- жаралылар мен науқастарды қабылдау мен іріктеуді қамтамасыз етеді, оларды орналастырып, тасымалдауға дайындайды;

арнайы тазалау бөлімі (алаңы) –жаралылар мен науқастарды санитарлық тазалауды, олардың киім-кешегі мен қаружарағын дезактивациялауды, дегазациялауды және дезинфекциялауды іске асырады;

медициналық көмек көрсету бөлімі –БрМр-нің байлап-таңу бөлімі госпитальдың операциялық байлап-таңу бөлімі;

госпитальдық бөлім - госпитальдық базаның госпитальдарында ғана болады.

МТК орналастыру ауданы қалыптасқан жағдайды ескеріп таңдалынады. Дегенмен, барлық жағдайда МТК жеткізу және тасымалдау жолдарына, су көздеріне жақын, жаудың назарын аударатын объектілерден алыс, бөлімшелерді орналастыруға, оларды қорғауға, күзетуге, жасыруға ыңғайлы ауданда ұйымдастырылуы тиіс.

МТК орналастыру ауданы шығын ошақтарына жақын жерде ұйымдастырылып және қойылған міндеттерді шешуді, жаралылар мен науқастарға медициналық көмекті қысқа мерзімде көрсетуді (алғашкы дәрігерлік – алғашқы 4-5 сағат ішінде, білікті –жарақат алған сәттен бастап 8-12 сағат ішінде), ал ФУЗ зақымданған кезде-алғашқы дәрігерлік көмек 2-4 сағат барысында, білікті терапевтік-интоксикацияның пайда болуынан бастап есептегенде 6-8 сағат ішінде көрсетуді; берілген жерде ұзағырақ жұмыс істеу; медициналық бөлімдер мен бөлімшелердің өміршеңдігін сақтауды қамтамасыз туі тиіс.

Ә. МТК және соғыс даласында көрсетілетін медициналық көмек түрлері, көлемі. Жаралылар мен науқастарға көрсетідетін медициналық көмектің тиімділігі, жүйелілігі және дер кезінде көрсетілуінің маңызы.

Медициналық көмек деп әскердің жеке құрамы және ұрыс даласында немесе МТК жарақаттанғанда немесе науқастанғанда жүргізілетін емдеу-профилактикалық шаралардың белгілі бір жиынтығын айтамыз.

Медициналық көмек көлемі деп-соғыс және медициналық жағдайларға байланысты медициналық тасымалдаудың берілген кезеңінде жаралылар мен науқастарға жүргізілетін емдеу-профилактикалық шаралар жиынтығын айтады.

ЕЭШ-дың қабылданған жүйісінде медициналық көмектің келесі түрлері бар:

алғашқы медициналық көмек-жарақаттану орнында немесе әскери қызметкерлер өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде, бөлімше санитарлары, санитар-жүргізушілері, санитар нұсқаушылары, жаппай зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстары үшін бөлінген бөлімшелердің жеке құрамы көмегімен жақын жерде орналасқан баспанада көрсетіледі;

дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек –фельдшерлердің басшылығымен батальонның медициналық пункттерінде көрсетіледі;

Бірінші дәрігерлік көмек –дәрігерлердін басшылығымен Бригаданың медициналық ротасында көрсетіледі;

Білікті медициналық көмек – жеке медициналық отрядта , арнайы медициналық отрядта көрсетіледі.

мамандандырылған медициналық көмек – Денсаулық сақтау министрлігінің майдандық және тылдық госпитальдарының госпитальдық базаларында көрсетіледі.

Алғашқы медициналық көмек

Мақсаты –берілген кезенде жаралы (науқас) өіріне қауіп төндіріп тұзған себептерді уақытша жою, ауыр асқынулардың дамуының алдын-алу.

Оның құрамында:

жаралыларды әскери көлікпен, қауіпті жерлерден, өрт ошақтарынан және қираған үйінділер астынан алып шығу;

өртенген киім-кешек пен денеге түскен өртенгіш сұйықтарды өшіру;

кланған аймақта противогаз кию;

сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату;

уландырғыш заттармен зақымданғандарға антидоттар енгізу;

жоғарғы тыныс алу жолдарын кілегей затардан, қаннан және бөтен денелерден босату арқылы асфиксияны кетіру, ауа өткізгіш енгізу;

шприц көмегімен жансыздандырғыш заттар енгізу;

жараға не күйген жерге, ашық пневмоторакс кезінде асептикалық таңғыш салу;

зақымданған жерді табельдік құралдарды пайдаланып қарапайым әдістермен иммобилизациялау;

терінің ашық участкелерін санитарлық тазалау және киім-кешегін жеке химияға қарсы пакет көмегімен дегазациялау;

антибиотиктер, құсуға қарсы және басқа да дәрілік затарды қабылдау.

Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында бірінші кезекті жаралынын (науқастың) медициналық құралдары пайдаланылады, содан кейін ғана көмек көрсетушінің жеке құралдары, санитар сөмкесіндегі немесе медициналық әскери сөмкедегі немесе медициналық әскери сөмкедегі құралдар пайдаланылады.

Дәрігерге дейінгі фельшерлік көмек

Мақсаты –жаралы мен науқас өміріне қауіп төндіретін жарақат (ауру) зардаптарымен күрес және ауыр асқынулардың алдын-алу.

Алғашқы медициналық көмекке қосымша:

Асфиксияны жою (ауа өткізгішті енгізу, портативтік аппараттар, ингаляция көмегімен өкпені жасанды жолмен желдету);

Жгут салудың дұрыстығын және тиімділігін бақылау, тоқтаусыз қан кетуде жгут салу;

Қате таңғыштарды қайта салу және түзету;

Жансыздандырғыш заттарды, антидоттарды көрсеткіштері бойынша қайталап енгізу, антибиотиктер беру;

Табельдік құралдарды пайдалана отырып көліктік иммобилизациялауды жақсарту;

Жүрек-қантамырлық және басқа дәрілік заттарды көрсеткіштері бойынша енгізу;

Дененің ашық бөліктерін қайталап санитарлық тазалау және киім-кешекті дегазациялау;

Жаралылар мен науқастарды жылыту, ыстық сұйық заттар беру (ішінен жарақаттанған жаралыларды есептемегенде).

Бірінші дәрігерлік көмек

Мақсаты –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төндіретін жарақаттар (аурулар) зардаптарын жою немесе әлсірету, асқынулардың алдын-алу немесе оның ауыртпалығын төмендету, кейбір науқастарды ары қарай тасымалдауға дайындау.

Бірінші дәрігерлік көмек шаралары екі топқа бөлінеді:

1.Жедел шаралар –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төнген жағдайда жүргізіледі. Олар:

Сыртқы қан кетуді тоқтату (жарағатампон енгізу және теріні тігу, жарадағы түтікті тігу, қан кеткен түтікке зажим салу, жгут салу дұрыстығы мен қажеттігін бақылау және көрсеткіштер болған жағдайда жгут салу);

Жедел тыныс алу жетіспеушілігін жою (кілегей шырышты, құсық массалары мен қанды жоғарғы тыныс алу жолдарынан сорып алу, ауа өткізгішті енгізу, тілді тігу, тандай мен жұтқыншақ жақтарының жалбыраған еттерін тігу, өкпені жасанды жолмен желдету, өкпе қабынған кезде этил спиртінің буына ингаляция жасау, ашық пневмоторакс кезінде окклюзионды таңғыш салу, ауыр пневмоторакс кезінде пункция немесе торакоцентоз жасау);

Қан және қан алмастырғыштарды ауыр шок жағдайында немесе көп қан жоғалтқанда құю;

Суйек сынғанда немесе жұмсақ тіндер кең көлемде зақымданғанда көліктікиммобилизациялау; жақ сүйектері сынған кезде стандартты көліктік шиналар салу;

Жұмсақ тін еттерінде ілініп тұрған қол-аяқты кесу (көліктік ампутация);

Зәр шығару қиындаған жағдайда қуықты капиллялық пункциялау немесе катетеризациялау;

Терінің ашық жерлерін санитарлық тазалау, таңғыштар мен киім-кешектерді дегазациялау, тұрақты улы заттармен зақымдалған киім-кешекті дегазациялау және ауыр жарақаттанғандар мен ауыр науқастардан противогазды шешіп алу;

Уландырғыш заттармен зақымданған көзді жуу және көз алмасына арнайы көз майларын жағу (көзге арналған пленкаларды пайдалану);

Антидот, антибиотик, сіреспеге қарсы, жүрек –қантамыр, десенсибилизациялайтын және басқа да заттарды көрсеткіштері бойынша енгізу;

Бактериалды токсиндермен уланған жағдайда оған қарсы сары суларды пайдалану және бактериологиялық қарумен зақымданған жағдайда қалыпты тазалауды жүргізу;

2.Жаралылар мен науқастардың өміріне қауіп төнбеген жағдайда жүргізілетін шаралар:

Таңғыштарды түзету және көліктік иммобилизацияны жақсарту;

Новокаиндық қоршау жүргізу және орта ауырлықты зақымдануда жансыздандырғыш заттар енгізу;

Күшті уландырғыш заттармен зақымданған жараны дегазациялау;

Антибиотиктер салу және ашық жарақаттар мен күйіктерде сіреспеге қарсы жүргізілетін шаралар;

Дезинтоксикациялық терапия жүргізу және радиациялық және химиялық зақымдану жағдайында антибиотиктер қолдану;

Жара радиоактивті затармен ластанғанда таңғышты ауыстыру;

Симптоматикалық дәрілік заттар тағайындау.

 

Алғақы медициналық көмек толық көлемде екі топтың шараларын жүргізеді, ал қысқартылған көлемде –тек бірінші топ шаралары атқарылады.

Білікті медициналық көмек

Мақсаты –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төндіретін жарақат, зақымдану және ауру зардаптарын жою, асқынулардың дамуының алдын-алу және қосымша тасымалдауға дайындау.

Ол хирургиялық және терапиялық деп екіге бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде екі топқа бөлінеді:

Жедел –жаралылар мен науқастар өміріне тікелей қауіп төндіретін жарақаттар мен науқастар зардаптары бойынша;

өткізілетін шараларды ауқытша тоқтату мәжбүрлігі –жаралылар мен науқастардың қауіпті асқынуларының алдын алу, олардың тез емделіп шығуына және қатарға оралуына қолайлы жағдай жасау.

 

Білікті хирургиялық көмек:

А) жедел шаралар-асфиксияны жою және қалыпты тыныс алдыруды қалпына келтіру;

сыртқы және ішкі қан кетуді біржолата тоқтату;

жедел қан кету, шок, жарақатты токсикоздық кешенді терапиясы;

тыныс алу мен қан айналудың бұзылыстарына әкеліп соғатын кеуденің терең циркулярлы күйіктері жағдайындағы некротомия;

анаэробты инфекцияны емдеу;

окклюзионды таңғышпен герметизациятанбайтын кең көлемдегі ашық пневмоторакс кезінде, жүрек жарақаты, сыртқы клапанды пневмоторакс жағдайындағы жарақаттарды хирургиялық тазалау және тігу.

Б)уақытша тоқтатылатын шаралар жиынтығы екі топқа бөлінеді:

бірінші топ:

өткізілгеннен кейін асқынуларға әкеп соғатын шаралар;

аяқ-қол жұлынғанда және ишемиялық некрозданғанда ампутациялау;

уландырғыш заттармен зақымдаллған және жұмсақ тіндері едәуір бұзылған жараларды хирургиялық тазалау.

екінші топ:

дер кезінде іске асырылмаған жағдайда ауыр асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін, бірақ олардың пайда болуы антибиотиктер және басқа да құралдарды қолдану арқылы төмендетуге болады;

жаралыларды алғашқы хирургиялық тазалау.

Білікті терапиялық көмек

А) жедел шаралар уландырғыш заттармен зақымданған жаралылар мен науқатарды санитарлық тазалау;

антидоттар мен ботулинге қарсы сарысуды енгізу;

жедел жүрек –қантамыр жеткіліксіздігін, жүрек соғу ырғағы бұзылыстарында кешенді терапия;

жедел тыныс алу жетшспеушілігі жағдайындағы кешенді терапия;

 

Б) іске асырылуы уақытша тоқтатылған шаралар-антибиотиктер мен профилактикалық мақсатта сульфаниламидтер енгізу;

орнын басу мақсатындағы гемотрансфузия (қалыпты анемизация кезінде);

симптоматикалық дәрілік заттарды қолдану.

 

Корпустың жеке медициналық жасағында (ЖМЖ) білікті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Көмек көлемін қысқарту кейбір шараларды іске асыруды уақытша тоқтату есебінен жүргізіледі.

3) Медициналық іріктеу туралы түсінік, оның тағайындалуы. Медициналық тасымалдау кезендерінде медициналық іріктеуді ұйымдастыру.

Медициналық іріктеу –ЕТШ ұйымдастырудың негізі болып табылады. Оның мақсаты –жаралылар мен науқастарға медициналық көмекті мүмкіндігінше толық көлемде көрсетуді қамтамасз ету.

Медициналық іріктеу –жаралылар мен науқастарды біртекті емдеу, тасымалдау және профилактикалық шараларды көрсету белгілеріне қарай медициналық көрсеткіштеріне, көрсетілетін медициналық көмек көлеміне, тасымалдау тәртібіне сәйкес топтарға жіктейді.

Медициналық іріктеу кезінде жаралылар мен науқастар келесі топтарға бөлінеді:

санитарлық тазалау мен оқшаулауды қажет етуіне байланысты;

медициналық көмек көрсету орны мен оны көрсетудің тәртібіне байланысты;

ары қарай тасымалдау мүмкіндігі мен дұрыстығына, тасымалдауда пайдаланылатын көлік түріне, көлікпен тасу тәртібі мен түріне, тасымалдаудың тағайындалуына байланысты;

Медициналық іріктеу нәтижелері арнайы іріктеу маркілерінде белгіленеді, сондай-ақ, медициналық карточкада, науқас тарихында да көрсетіледі.

III «Медициналық эвакуация» түсінігінің анықтамасы, оның мағынасы мен маңызы. Медциналық эвакуациялауды ұйымдастыру

Медициналық тасымалдау деп жаралылар мен науқастарды дер кезінде және толық көлемде медициналық көмек көрсету және емдеу мақсатында медициналық роталар мен емдеу мекемелеріне жеткізу шараларының жиынтығын айтамыз.

Жаралылар мен науқастарды тасымалдау мақсатында түрлі көлік құралдары пайдаланылады:

А) автомобильдер санитарлық транспортерлер;

санитарлық автомобильдер (УАЗ-3962, АС-66);

санитарлық автбустар (ПАЗ -672, ЛАЗ- 695, ЛИАЗ және т. б.):

теміржол -әскери санитарлық ұшпа.

әуе-жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталғанг жолаушылар ұшағы;

жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталған көліктік тікұшақтар.

Су (теңіз және өзен)-жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталған жолаушылар көлігі.

Санитарлық-транспорттық құралдарды пайдалану жаралылар мен науқастарды тасымалдауды толық қатамасыз ете алмауы себепті бұл мақсатта көліктердің қайтар жолын да қосымша пайдалану қажеттігін туғызады.


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы