9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне 80 жыл
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне 80 жыл
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
Ұлы Отан соғысы
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып, 1945 жылы жеңіспен аяқталды. Бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды, бірақ батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
Қазақстандықтардың ерлігі
Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам майданға аттанды. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Жеңіс күні біз үшін неге маңызды?
Батырлар ерлігін қалай дәріптей аламыз?
Видеоролик көрсету:
"Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы" (қысқаша деректі фильм ).
https://youtu.be/U_m3AiohJNI?si=6Fy_n2v8HITtOCeP
Жеңіс күнінің - маңызы
Жеңіс күні - бейбіт өмір үшін күрескендердің ерлігін еске алу күні. Бұл - Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі.
ТАПСЫРМА
1. "Ерлік" тобына: Соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырлары туралы постер жасау (Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров......).2. "Отан" тобына: "Отан үшін от кешкендер" атты эссе жазу.
3. "Батырлық" тобына: Батырлар туралы өлең оқу немесе шағын көрініс сахналау.
Болашаққа аманат
Біз - бейбіт елдің ұландары! Батырлар ерлігін ұмытпай, Отанымызды қорғауға әрдайым дайын болайық!
Қорытынды
Мәңгі жадымызда!
Сабақ бойынша рефлексия: "Жүректен жүрекке" әдісі:Әр оқушы Жеңіс күніне арналған жылы лебізін айтып, қабырғаға "Жеңіс гүлін" жапсырады (қағаз гүлдер дайындалады).
Рақмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру